Өңірлер

"Бәрі шошып кетті": автобус жүргізушісі аялдамада болған сұмдық туралы айтты

© Sputnik / Владислав ВодневДТП с участием пассажирских автобусов
ДТП с участием пассажирских автобусов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиға салдарынан автобустардың шынысы сынып, адамдар сасқалақтап жан-жаққа қашқан. Полиция күдіктіні іздеп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 10 қазан — Sputnik. Белгісіз біреу Қарағандыда жолаушылар автобусына оқ атты. Ресми мәліметтер бойынша, зардап шеккендер жоқ. Бірақ бір жолаушы психологиялық көмекке жүгінген, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Қаскөйлер аялдамаға тоқтаған төрт автобусқа оқ жаудырған. Оқиға 9 қазан, сәрсенбі күні Қарағандыдағы автобус аялдамаларының бірінде болды. 45-ші бағыттағы автобус жүргізушісі Ермек Сыздықов тапанша даусының естілмегенін айтады. Тек бір жолаушының сасқалақтап автобустан шығуға тырысып жүргенін көрген.

"Бәрі шошып кетті. Біреулер оқ  атып жатты. Содан кейін 40-шы автобус келді. Полиция қызметкерлері  де болды. Ол кезде аялдамадағы адамдар қашып кетті", - дейді ол.

Куәгерлердің айтуынша, автобус ішінде де, аялдамада да адам көп болған. Белгісіз біреулер оқ атқан кезде олар жан-жаққа қаша жөнелген.

"Біз үнемі осы жермен жүреміз, балаларым да жүреді. Бұл адамдар үшін қауіпті, сондай қорқынышты. Мұны былай қалдыруға болмайды", - деді қала тұрғыны Дина Әлімбаева.

Тағы оқыңыз: Талғарда қоғам белсендісіне оқ атты: әкім мен оның жүргізушісі ұсталды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар оқиға салдарынан ер адамның жеңіл жарақат алғанын айтты. Оған психологиялық көмек көрсетілген. Полиция оқ атқан күдіктілерді іздеп жатыр. Пневматикалық қару қолданылған.

"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі 3-тармағы ("бұзақылық") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдікті іздестіріліп жатыр", - деді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Күдікті анықталса, үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Жаңалықтар
0