Өңірлер

Президенттің баспасөз хатшысы Тоқаевтың Ақтауға не үшін барғанын айтты – видео

© Sputnik / Елена БережнаяКасым-Жомарт Токаев
Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тоқаев Әбіш Кекілбайұлына қойылған ескерткіштің ашылу салтанатына қатысып, жазушының атындағы музейдің жұмысымен танысады

НҰР-СҰЛТАН, 10 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтау қаласына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

"Президент мұнда қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбайұлына қойылған ескерткіштің ашылу салтанатына қатысады", - деп жазды ол.

Сонымен қатар, жаңадан пайдалануға берілетін Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің жұмысымен танысады.

Тағы оқыңыз: Маңғыстауда Әбіш Кекілбаев атындағы үлкен рухани орталық салынады

Жаңалықтар
0