Қуандық Бишімбаев

Экс-министр Қуандық Бишімбаев бостандыққа шықты

1864
(Жаңартылды 15:25 11.10.2019)
Бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев Шымкенттегі түзету мекемесінде жазасын өтеп жүрген болатын

НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан — Sputnik. Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев бостандыққа шықты. Ол жемқорлық үшін сотталған болатын. 

"Біз өтінішхатты қарастырып, қанағаттандырдық. Бишімбаевты босату үшін шешімді орындауға жібердік. Мерзімінен бұрын босату туралы сот үкімі заңды күшіне енді. Қазіргі уақытта оның шыққан-шықпағанын түрмедегі мамандар біледі", - деп түсіндірді Sputnik Қазақстанға Шымкент қаласының Абай аудандық соты.

2016 жылы Нұрсұлтан Назарбаев экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу басталғанын мәлімдеген болатын. 2017 жылдың қаңтар айында экс-министр пара алды деген күдікпен ұсталды. 13 қаңтарда тұтқындалды. 

2018 жылы наурыз айында Қуандық Бишімбаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ұлттық экономика вице-министрі ірі көлемде пара алғаны, сондай-ақ, бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айыпталған болатын.

Тағы оқыңыз: Қуандық Бишімбаев Елбасы мен халықтан кешірім сұрады

Тергеу материалдарына сәйкес, Бишімбаев Қызылорда қаласындағы шыны зауытының құрылысына жауапты болған. Сол кезде оның інісі Сұлтан Нұрлыбек 2 миллион доллар көлеміндегі пара алуға делдалдық жасаған.

Соттың шешімі бойынша Бишімбаев мемлекеттік қызметте басшылық қызмет атқара алмайды. Өткен жылы мамыр айында аппеляциялық сот оның үкімін өзгеріссіз қалдырған болатын. Кейін оны Шымкент қаласындағы колонияға ауыстырды.

1864
Кілт сөздер:
экс-министр, бостандыққа шықты, Қуандық Бишімбаев
Тақырып бойынша
Қуандық Бишімбаев пара алды деген күдікпен ұсталды
Мұхтар Жәкішев мерзімінен бұрын бостандыққа шыға ма - апелляциялық сот шешімі
Қуандық Бишімбаев қамауға алынды
Мұхтар Жәкішевтің ісіне қатысты шағымды қарау тағы да кейінге қалды
Қуандық Бишімбаев Елбасы мен халықтан кешірім сұрады
Загрузка...