Ақша, архивтегі фото

Ұлттық компанияның өңірдегі басшысы 2 миллион теңге парамен ұсталды

818
Ол орындалған жұмыстың актілеріне қол қойғаны үшін 2 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді  

НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан – Sputnik. "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директорына пара алды деген айып тағылып отыр, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

"Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінген "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директорына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады", - делінген агенттіктің ресми хабарлмасында.  

Ресми ақпаратқа сәйкес, филиал басшысы жеке фирманың  директорынан республикалық маңызы бар "Омбы-Майқапшағай-Қалжыр-Теректі" автожолы бойынша орындалған жұмыстың актілеріне қол қойғаны үшін 2 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.

"Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайды", - дейді мамандар.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда ірі шенеунік 1,9 миллион теңге парамен ұсталды – видео

818
Кілт сөздер:
пара
Тақырып бойынша
Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары 10 жылға сотталды
Полковник пен майор пара алғаны үшін ұсталды  
Көкшетау стансасының бастығына 18 миллион теңге айыппұл салынды
Алматы облысында депутат пен ұлы сотталды
Экс-министр Қуандық Бишімбаев бостандыққа шықты
Загрузка...