Архивтегі фото

Шығыс Қазақстанда жолдар жабылды

8303
(Жаңартылды 19:33 19.10.2019)
Шығыс Қазақстан облысында ауа райының күрт бұзылуына байланысты бүгін тасжолдарында қозғалыс шектелді

НҰР-СҰЛТАН, 19 қазан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында қарлы боран соғып тұр. Күн райының күрт бұзылуына байланысты өңірдегі бірнеше автокөлік жолы жабылды, деп хабарлады Алтайньюс.

"Қазақавтожолдың" ақпаратына сүйенсек, 19 қазан күні сағат 12.45-тен бастап ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар "Өскемен-Риддер-РФ шекарасы" (15-105 километр, Белоусовка-Риддер қаласы) және "Өскемен-Алтай -Катон-Қарағай -Рахман қайнарлары" (6-66 километр, Ушановское-Серебрянск қаласы) автожолында тіркемесі бар жүк көліктері мен жолаушылар автокөлігінің қозғалысы шектеледі.

Айта кетейік, синоптиктер 19-21 қазанға ауа райы болжамын жасап, елдің басым бөлігінде жаңбыр, қар жауып, ауа температурасы төмендейтінін хабарлаған болатын.

Толығырақ: 19-21 қазанға ауа райы болжамы

8303
Кілт сөздер:
ауа райы, жолдар жабылды, боран
Тақырып бойынша
28°C ыстық: синоптиктер қазан айында ауа райы қандай болатынын айтты
Алдағы күндері Қазақстанда қар жауып, боран соғады
Загрузка...