ақша, архив

Қазақстанның оңтүстігінде пара алған әкім ұсталды - видео

3267
(Жаңартылды 16:54 24.10.2019)
Қазақстанның оңтүстігінде екі мемлекеттік қызметші ұсталды, олар пара алды деп айыпталып жатыр. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Түркістан облысы мен Шымкент қаласында әкімдіктің екі бірдей қызметкері пара алды деген күдікке ілінді. Біреуі бөлім басшысы болса, екіншісі – ауылдық округтің әкімі.

"Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сауда жасауға рұқсат беру және кәсіпкерлік қызметке жалпы қамқорлық жасау үшін азаматтан жалпы сомасы 65 мың теңге алды деген күдікке ілінген Әл-Фараби ауданы әкімдігі кәсіпкерлік бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады", - деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін Түркістан облысы Жетісай ауданы Қызылқұм селолық округінің әкімі де күдікке ілінді. Ол жеке тұрғын үй құрылысына жер телімін беру үшін 500 мың теңге сомасында пара алды деп айыпталып отыр.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктілерге қатысты соңғы шешімді сот шығарады.

3267
Кілт сөздер:
әкім, пара, видео
Тақырып бойынша
Жамбыл облысында бас дәрігер пара алды деген күдікпен ұсталды
Президент пара сұрайтын шенеуніктерді атуға рұқсат берді
Полковник пен майор пара алғаны үшін ұсталды  
"Астана Су арнасының" бұрынғы басшысы пара ретінде 3 бөлмелі пәтер алған
Ауа райы

40 градус ыстық: 26 мамырға арналған ауа райы

45
(Жаңартылды 23:14 25.05.2020)
Қазақстанның бірқатар өңірінде дабылды ескерту жарияланды. Сейсенбі күні ыстық болады, бұршақ жауып, қатты жел соғады

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр — Sputnik. Қазгидромет синоптиктері 26 мамыр күні бірқатар өңірде аптап ыстық болатынын айтты.

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамында солтүстік өңірлерде күн салқындайтыны хабарланды. Оңтүстікте күн ыстық болады. Кей жерлерде жел күшейеді.

Дабылды ескерту

Ақмола облысында 26 мамырда күн күркіреп, бұршақ жауып, шаңды жел болады. Жылдамдығы - 15-20 м/с.

Күндіз Павлодар облысында желдің жылдамдығы - 25 м/с.

Сейсенбі күні Солтүстік Қазақстан облысында тұман болады, желдің жылдамдығы - 25 м/с.

Батыс Қазақстан облысында аптап ыстық. Плюс 37 градус, күн күркірейді.

26 мамырда Түркістан облысында шаңды дауыл, желдің жылдамдығы - 23 м/с. Күндіз батыста аптап ыстық, плюс 40 градус.

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада дабылды ескерту жарияланды. Шаңды дауыл болады, желдің жылдамдығы - 20 м/с. Ауа температурасы түнде 18-20 градус жылы, күндіз плюс 32-34 градус.

Алматыда түнде плюс 17-19 градус, күндіз – 31-33 градус ыстық.

Шымкентте түнде 19-21 градус жылы, күндіз сынап бағанасы 35-37 градусқа дейін көтеріледі.

45
Кілт сөздер:
ыстық, мамыр, ауа райы
Тақырып бойынша
Көкшетауда дауыл кезінде зардап шеккен екінші адам қайтыс болды
Қазақстанда дауылды жел 160 ғимараттың шатырын ұшырып әкетті
Алматыда жалға алынған көлік ағаш пен жеке үйдің қоршауын қиратты
Ақмола облысында қатты жел ағаштарды жұлып, үйлердің шатырын ұшырды
Дезинфекция жұмысы

Сұлтанғазиев қай облыстарда коронавирус жұқтырғандар саны артқанын айтты 

85
(Жаңартылды 18:55 25.05.2020)
Соңғы деректер бойынша Қазақстанда 8 531 адам вирус жұқтырды. Оның тең жартысы, 4 400-і дертінен айықса, 35 адам көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Қазақстанның сегіз өңірінде коронавирус жұқтыру өсімі 7 проценттен көп. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ол өткен аптамен салыстырғанда ауру жұқтыру өсімі артқанын атап өтті. Өңірлер өсім қарқыны бойынша бірнеше топқа бөлінген. Бірінші топқа өсім қарқыны 7 проценттен көп өңірлер жатады. 

"Бүгінгі таңда мұндай өсім сегіз өңір – Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шымкент және Түркістанда тіркелген. Солтүстік Қазақстанда өсімнің жоғары болуы Ресейден келгендермен байланысты", - деді Сұлтанғазиев онлайн брифингте. 

Екінші топтағы өңірлерде өсім қарқыны 7 проценттен төмен, бірақ 5%-тен жоғары. Олар: Ақмола, Ақтөбе облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы. 

Үшінші топқа ауру жұқтыру өсімі 5 проценттен төмен өңірлер жатқызылды. Олар: Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстары және Алматы қаласы. 
Сұлтанғазиевтің айтуынша, індетке шалдыққандар санының артуы ірі кәсіпорындар мен ұйымдар жұмысының жандануымен байланысты. 

Соңғы деректер бойынша Қазақстанда 8531 адам вирус жұқтырды. Оның тең жартысы, 4400-і дертінен айықса, 35 адам көз жұмды.

 

85
Кілт сөздер:
коронавирус, облыс
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастар үшін қауіпті дәрілер аталды
Алматыда маскасыз жүргендерге айыппұл салынуы мүмкін
Жұмысқа шыққандар арасында вирус жұқтырғандар көбеюде – министрлік
Оралда балабақшаның екі қызметкерінен коронавирус табылды
Атырауда үш жасар қыздың коронавирусты қалай жұқтырғаны анықталды