Өңірлер

Бурабайда бірнеше жаңа нысан салынады

© Photo : Комитет индустрии туризма МИНт РККурорт Боровое
Курорт Боровое - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақмола облысының әкімі Шучье-Бурабай курортық аймағын дамыту жоспары жайында айтты. Үш жоба қолға алынып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан – Sputnik. Ақмола облысының әкімі Ермек Мыржықпаев Шучье-Бурабай курортық аймағын дамыту жоспары жайында айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Аймақ басшысының айтуынша, осы саладағы жұмыс үш жоба бойынша жүргізіледі. Біріншісі – Щучье көліндегі коттедж қалашығы. Жоба Біріккен Араб әмірліктерінің инвесторымен бірлесіп салынады. Екіншісі - "AQBURA Resort" отбасылық үлгідегі заманауи курорты. Ал Бурабай кентінде "Promenade" жобасын іске асыру жоспарланған. Бұл демалыс және табиғи-мәдени мұра орталығы болады.

"Promenade-Бурабай туралы айтатын болсақ, ол жерде үлкен бір конгресс-орталықты салайын деп жатырмыз. Онда біз барлық тарихи ескерткіштерімізді цифрлық форматта жасап шығаруды жоспарлап отырмыз. Барлығы бір жерде болады. Бізде Шучье-Бурабай курортық аймағы ғана емес, Қорғалжын, Ерейментау сияқты тарихи жерлер бар. Осының бәрін бір орталықта жинақтап, цифрлық форматта көрсетуді көздейміз", - деді Мыржықпаев астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Тағы оқыңыз: Ақмола облысының әкімі халық үшін маңызды мәселені шешуге уәде берді

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде жаңа орталықтың жобасы даярланып жатыр. Үшжақты меморандумға да қойылды.

"Бұдан бөлек, ол жерде баспана салынады. Шамамен, 10 000 шаршы метр тұрғын үй бой көтереді. Қонақүйлер болады. Жалпы, Бурабай кентінің орталығы өзгереді", - деп атап көрсетті Мыржықпаев.

Жаңалықтар
0