Өңірлер

Күн суытады – бүгін ауа райы қандай болады?

© Sputnik / Тимур БатыршинСнег в Алматы
Снег в Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Cиноптиктер солтүстік өңірлерде ауа температурасы төмендеп, жел күшейетінін хабарлады. Жаңбыр мен қар жаууы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 1 қараша — Sputnik. Қарашаның алғашқы күні ел аумағында ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр мен қар жауады, деп хабарлады "Қазгидромет".

Сондай-ақ, жел күшейіп, тұман түседі деп күтіліп отыр. Солтүстік пен солтүтсік-батыста көктайғақ болуы мүмкін. Солтүстікте  бұрқасын болады, оңтүстікте найзағай ойнайды.       

Ірі қалалардағы ауа райы

Жұма күні астанада күн суытады: күндіз +9, түнде 0 градус болады. Күндіз жаңбыр жаууы мүмкін.

Алматыда күн ашық, жауын-шашынсыз. Күндіз +16, түнде +12.  

Бүгін Шымкенте күн жылы, бірақ жауын-шашынды болады. +16, +11 градус.

Өңірлерге арналған ауа райы болжамы

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай өңірлерінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Күндіз Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында желдің жылдамдығы секундына 23-28 метрге жетеді. Тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.

Павлодар облысында таңертең және күндіз жел секундына 15-20 метр, кей жерлерде 25 м/с.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды, түнде Ақтөбе облыстарында желдің жылдамдығы  - 15-20 м/с, Қарағанды облысында тұман болады.

Түркістан облысында найзағай ойнап, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында тұман түседі.

Жаңалықтар
0