Өңірлер

Қарашаға ауа райы болжамы: аязды күндер қашан келеді

© Sputnik / Ольга Головко / Медиабанкке өтуАстана, виды города. ж/к "Северное сияние"
Астана, виды города. ж/к Северное сияние - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарашаның алғашқы он күнінде бүкіл өңірде күн суытады. Солтүстікте боран соғады, тұман және көктайғақ болады

НҰР-СҰЛТАН, 1 қараша — Sputnik. Синоптиктер қараша айында ауа райы қандай болатынын айтты.

Қарашада циклондар мен антициклондардың жиі ауысуына байланысты ауа температурасы республиканың басым бөлігінде климаттық норма шамасында болады. Тек Азиядан ығысатын ағындардың ықпалынан Қазақстанның оңтүстік-шығысында 1°С-қа жылы болады деп болжанып отыр.

Күздің соңғы айында атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Жауын-шашын жауады, қатты жел соғады (солтүстікте боран), тұман және көктайғақ болады.

Синоптиктердің хабарлауынша, бірінші онкүндікте бүкіл дерлік өңірде күн суытады.

"Онкүндіктің басында батыста, ортасына қарай солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста түнгі уақытта температура 5…10, кей жерлерде 13 градус аяз, күндіз 0…5 аяз, кей жерлерде 5 градус жылыға дейін, оңтүстікте түнде 0…5, кей жерлерде 10 градус аяз, күндіз 3...8 градус жылыға дейін төмендейді", - деп хабарлады Қазгидромет.

Содан кейін солтүстікте, орталықта және шығыста ауа температурасы түнде 0...5 градус аяз, кей жерлерде 3 градус жылы, күндіз 3...8 градус жылы болады деп болжанып отыр.

Еліміздің батысы мен оңтүстігінде ауа температурасы түнде 0...5-ке, кей жерлерде 8, күндіз 8...13 градусқа дейін көтеріледі.

Тағы оқыңыз: Мамандар қазақстандықтарды қандай қыс күтіп тұрғанын айтты

Онкүндік соңында республика аумағына кезекті антициклон ығысып, температура қайтадан төмендейді.

"Екінші және үшінші онкүндіктерде температура қарқынды төмендеп, солтүстік облыстарда қалың қар түсуі мүмкін. Әдетте, солтүстікте қараша айының бірінші жартысында, оңтүстік өңірлерде қараша айының соңы мен желтоқсан айының басында қар жатады", - дейді мамандар.

Жаңалықтар
0