Оқушылар, архивтегі фото

Дәрігер балалар күнде жеп жүрген өте зиянды 4 тағамды атады

9876
(Жаңартылды 10:33 02.11.2019)
Бүгінде балалар газдалған сусын, қытырлақ нан, картоп, чупа чупсты бала аузында ұзақ сорып жүреді. Бұл өте зиян, тісі өспей қалуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 2 қараша – Sputnik. Тіс дәрігерлері газдалған сусын, қытырлақ картоп, кептірілген нан, чупа чупсты балаларға беруге болмайды деп дабыл қағуда. Осы тағамдардың кесірінен Алматыдағы 15 жасқа дейінгі балалардың 90 пайызының тісіне құрт түскен.

Дер кезінде емдемесе, буыны бекімеген баланың жақ сүйегіне дейін қисайып, тісі өспей қалуы мүмкін, деп хабарлады КТК.

Тағы оқыңыз: Отыз жастан кейін жеуге болмайтын 10 азық-түлік 

Алматыдағы балалар тіс емханасында аяқ алып жүру мүмкін емес. Соңғы уақытта жеткіншектер арасында тісжегі ауруы асқынған. Емханаға келген 10 баланың тоғызында тіс құрты бар.

"Бұрын кәмпит, қант болса, қазір тәттілердің түрі көбейіп кетті. Газдалған сусын, қытырлақ нан, картоп, чупа чупсты бала аузында ұзақ сорып жүреді. Бұл өте зиян. Емханада істегеніме 22 жыл болды. Бұрынғы кезбен салыстырғанда қазір тісжегі өте көп. Бес бала келсе, соның бесеуінде де тісжегі бар", - дейді Алматы қалалық балалар тіс емханасың дәрігері Раушан Қозыбекова.

Қаладағы жалғыз балалар тіс емханасы 15 жасқа дейінгі барлық баланы ақысыз емдейді, барлық емшара тегін.

"Үйде жеме деп айтамыз. Мектеп арасында, үйге қайтқан кезде біздің көзді ала бере, сусындар ішіп, түрлі қытырлақтарды жейді. Үйде мұқият қадағалаймыз. Балалардың денсаулығы сақтау – ата-ананың міндеті", - дейді Алматы қаласының тұрғыны Эльмира Шәкемова.

Емханаға келетіндер санының көбеюіне байланысты жұмыс уақыты да ұзарған.

"Емхана орта есеппен алғанда күніне 200-250 бала қабылдайды. Жылына 73 мыңдай бала емделеді. Балалар саны еш азайған жоқ. Керісінше, бұрын 5 күн жұмыс істесе, қазір 7 күн жұмыс істейміз", - дейді Алматы қалалық балалар тіс емханасының бас дәрігері Төретай Рузиддинов.

Мамандар баланың басы ауырып тісі солқылдағанын күтпей, дәрігерге жүгіну керек дейді. Сүт тістері түсіп, тұрақты тіс шыққанша жылына екі мәрте дәрігерге қаралған абзал.  

9876
Кілт сөздер:
тіс, тәтті тағам, дәрігер
Тақырып бойынша
Сүтті шайдың ешкім күтпеген зияны анықталды
Ащы тағам пайдалы ма, зиян ба – дәрігерлер жауап берді
Баланы неше жаста сүндетке отырғызу керек – дәрігер кеңесі
Дәрігер тісті құртатын он азық-түлікті атады
Тәтті және газдалған сусын қандай ауруға шалдықтырады – дәрігер жауабы
Әлеуметтік желі, архивтегі фото

Арыста танысының үйінде қонақта болған жігіт ұятқа қалды

38
"Samsung" және "Nokia" телефондарын ұрлаған Арыс қаласының тұрғыны, жәбірленушінің танысы болып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Арыс қаласының полицейлері екі ұялы телефон ұрлаған ұрыны ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Арыс қаласының тұрғыны полицияға арызданып, үйінен "Samsung" және "Nokia" маркалы екі ұялы телефоны ұрланғаны жөнінде хабарлаған. Бұл жайт Қазақстан Қылмыстық кодексінің "Ұрлық" бабы бойынша тіркелді.

Арыс АПБ жедел-тергеу тобының қызметкерлері бірден оқиға орнына шықты. Полиция қызметкерлері жақын маңдағы аумақтарды аралап, куәгерлерден жауап алды.

Оқи отырыңыз: Өзен бойында демалып жүрген қария 130 мың теңгесін ұрлатты 

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Арыс аудандық полицейлері телефон ұрлаған күдіктіні ұстады. Ол бұрын сотты болған Арыс қаласының тұрғыны, жәбірленушінің танысы болып шықты.

Анықталғандай жігіт жәбірленушімен бірге ішімдік ішкеннен кейін, ұялы телефондарын жымқырып, қылмыс орнынан қашып кеткен. Содан кейін ұрланған телефондарды сатып, ақшасын өз қажеттілігіне жұмсап жіберген. Айғақ зат ретінде ұрланған ұялы телефондар тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылды.

Ұялы телефондарды ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

38
Кілт сөздер:
телефон, қонақ
Тақырып бойынша
Астанада балалар арбасынан әмиян ұрлаған қыз видеоға түсіп қалды
Сегіз кредит жапқан: қомақты қаржы ұрлаған Қазақстан азаматы Ресейде ұсталды
Қостанай облысында шұжықтың көмегімен 12 миллион теңгенің ұрлығы ашылды
Ұлының еміне жиналған қаржыдан көз жазып қалған әйел қайтыс болды
Құжат, қол қою

Полиция Түркістан облысы тұрғынының заңсыз әрекетін әшкереледі

149
(Жаңартылды 11:13 05.08.2020)
Аудандағы тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылып, барлық қажетті тексеру жұмысы жүргізілді

АЛМАТЫ, 5 тамыз – Sputnik. Түркістан облысында бес тұрғынның ақшасын есепшотынан шешіп алған пошта қызметкері ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz порталы.

"Келес ауданы полиция бөліміне екі тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдердің айтуынша, оларға мемлекет тарапынан бөлініп, есепшоттарына түскен атаулы әлеуметтік жәрдемақының бір бөлігін белгісіз біреу шешіп алған. Алаяқ екі әйелдің 300 000 теңгеден астам қаражатын заңсыз иемденді", - делінген ақпаратта.

Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 189-бабы бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізілді.

Аудандағы тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылып, барлық қажетті тексеру жұмысы жүргізілді. Нәтижесінде полиция осы қылмысқа қатысты күдіктінің жеке-басын анықтады. 

"Күдікті жергілікті тұрғын поштаның бұрынғы қызметкері болып шықты. Тергеу барысында күдікті пошта бөлімшесінде жұмыс істегенде өзі қол қойып, тұрғындардың ақшасын шешіп алғаны анықталды. Сонымен қатар күдіктінің осыған ұқсас тағы үш жайтқа қатысы бар екені белгілі болды", - деп хабарлады полиция.

Тағы оқыңыз: Полиция Шымкентте болған қылмысқа қатысты ақпарат жариялады - видео

Күдікті кінәсін толық мойындап отыр. Ол жәбірленушілердің 1,5 миллион теңгеге жуық ақшасын есепшоттарынан заңсыз алып, өз қажеттілігіне жаратып жіберген. 

Күдікті қазір қолхатпен босатылды. Өзінің қызметін пайдалана отырып, жалған құжаттармен өзгенің сеніп тапсырған ақшасын иемденді деген күдікке ілінген азаматқа қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

149
Кілт сөздер:
алаяқтық, тұрғын, полиция, Түркістан облысы
Тақырып бойынша
Түркістан облысында жанжалдың немен аяқталғаны белгілі болды
Шымкентте төрт адамды өлтіріп кетті
Полиция Түркістан облысындағы жағдай туралы ақпарат таратты
Шымкентте түсірілген видео жұрттың жағасын ұстатты - полиция түсініктемесі
Түркістан облысында той болып жатқан үйге шақырылмаған "қонақтар" кіріп келді
WhatsApp мессенджері

Жеке бас араздығы үшін желіде жалған ақпарат таратқан әйел анықталды

0
(Жаңартылды 19:32 05.08.2020)
Полицейлердің айтуынша, өзара араздасқан тараптар медиация тәсілі арқылы татуласуға келіскен

АЛМАТЫ, 5 тамыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданында әйел WhatsApp желісінде танысының фотосын жариялап, оның маньяк екенін айтқан. Polisia.kz порталының хабарлауынша, 27 жастағы тұрғын фотодағы азаматпен араздасып қалған соң, осындай әрекетке барған.

Автор желіде жариялаған фотосының жанына: "Сақ болыңыздар! Мамлют қаласындағы жұмысшы кентінде маньяк пайда болды. Кешкісін құрбандарын іздейді. 30.07.20 жылы ол жас қыздың соңынан жүгірді, қуанышқа қарай бойжеткен қашып үлгерді. Бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған" деп жазып, хабарламаны мессенждерлерде таратқан.

Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жалған ақпарат таратушыны мониторинг жүргізу арқылы тапты.

"Тәртіп сақшылары аудан орталығының 27 жастағы тұрғынын анықтады. Ол өзінің танысымен арада туындаған кикілжіңге байланысты фотосын жариялап, жалған ақпарат таратқанын мойындады", - делінген ақпаратта.

3 тамызда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-3-бабының 2-бөлігі "жала жабу" бойынша әкімшілік сот отырысы өтті. Медиация нәтижесінде жәбірленуші шағымдардан бас тартып, жерлесімен татуласуға келісті.

"Егер бұл жерде медиация тәсілі қолданылмағанда тәртіп бұзушыға 180 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу (500 040 теңге) немесе 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жауапкершілік жүктелетін еді. Заңда жеке тұлғаларға жала жапқаны үшін, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне, беделіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін дәл осындай жаза қарастырылған", - деді Мамлют аудандық полиция бөлімінің бастығы Серік Әлжанов.

0