Ақша, архивтегі сурет

Шымкентте білім саласындағы бірқатар басшы істі болды

584
(Жаңартылды 16:40 04.11.2019)
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 4 қараша – Sputnik. Шымкент қаласында бірқатар басшылар пара алды деген күдікке ілінді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті бірқатар лауазымды тұлғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын жеткізді.

"2018-2019 жылдары колледжде аудиторлық тексеріс жүргізілген. Қалалық әкімдіктің ішкі аудит қызметінің басшысы тексеріс барысында оң шешім шығарғаны үшін қалалық білім басқармасына қарасты музыкалық колледж директорынан 1 миллион 200 мың теңге сомасында пара алған. Басшының бұл әрекеті әшкереленді", - делінген департамент таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, осыған ұқсас қылмыс жасады деген күдікпен қалалық білім басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушының үстінен іс қозғалды.

"Ол орта мектептің оқу бөлімі меңгерушісін мектеп директоры лауазымына тест тапсыруына көмектескені үшін 400 мың теңге сомасында ақша алған", - делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: Ақмола облысында шенеуніктің пара алған сәті видеоға түсіп қалды

Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады.

584
Кілт сөздер:
күдікті, пара, білім, Шымкент
Тақырып бойынша
13 тонна алтынды үйінде жасырған шенеунік ұсталды – видео
"Таразда кездесейік деді": студент қызды алдап соққан декан ұсталды
Алматы облысы әкімінің орынбасарына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
Маңғыстау облысында шетелдіктерді заңсыз кіргізген шенеунік ұсталды
Қазақстанның оңтүстігінде пара алған әкім ұсталды - видео
Загрузка...