Мәйітхананың архивтегі фотосы

Солтүстік Қазақстанда ауыл тұрғындары жұмбақ жағдайда қаза болып жатыр

19430
(Жаңартылды 08:23 06.11.2019)
2014 жылы Бұлақ ауылының қасында алтын өндірісі іске қосылған кезде жұрттың қуанышында шек болмады. Алайда уақыт өте келе халықтың қуанышынан қайғысы басым түсті

НҰР-СҰЛТАН, 6 қараша – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының Бұлақ ауылында соңғы кезде өлім-жітім көбейген.

Тіпті олардың арасында жастар да бар. Халық  бұған іргелес жатқан алтын өндірісін кінәлайды. Тек соңғы бір жарым жылдың ішінде 20 ауыл тұрғыны бақилық болды, деп хабарлады "Астана" арнасы.  

2014 жылы Бұлақ ауылының қасында алтын өндірісі іске қосылған кезде жұрттың қуанышында шек болмады. Бұқара қосымша жұмыс орындарының пайда болатынына сеніп, ауылдың көркеюін күткен еді. Алайда уақыт өте келе халықтың қуанышынан қайғысы басым түсті. Қазір мұндағы әрбір тұрғын кен орнының жабылуын қалайтын көрінеді.

Тағы оқыңыз: Малды дәрімен семіртеді - отандық ғалым ет жемеуге кеңес берді

Тілектес Есжанов алтын өндірісінде бір кезде жұмыс істеген. Күнде карьердің топырақ сараптамасын алып, құрамындағы алтынның үлесін анықтау оның тікелей қызметі болды. Бірақ, араға бірнеше ай салып, денсаулығы нашарлағанын байқаған соң, жұмысты тастауға тура келген. Айтуынша, ешуақытта ауырмаған ағасы да, алтын өндірісінде істеп жүріп, сырқаттанып, артынша қайтыс болған.  

"Карьерге барсам, басым ауырып, қан қысымым көтеріледі. Осындағы дәрігерлер жұмысқа жіберген жоқ. Қысым – 160-170. Зертханаға сынамаларды әкелеміз. Сасып тұрады. Шаң. Зиян ғой. Содан жұмыстан шығып кеттім. Міне, бір жыл бұрын туған ағам қайтты", - дейді Бұлақ ауылының тұрғыны Тілектес Есжанов.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, соңғы 1 жарым жылда аталған кәсіпорында жұмыс істеген 7 адам бақилық болған. Осыдан шошыған кейбір отбасылар туған жерін тастап, қоныс аударып кетіп жатыр. Қазір ауылда шамамен 800 адам қалған.

"5 жыл бұрын бізге жиналыс ашып, экологиялық мәселе жоқ, ештеңе болмайды, өзіміз үш ай сайын тексереміз деген. Салдары міне – сонда жұмыс істеген жас жігіттер бұл дүниеден өтіп кетті. Экологиядан, онкологиялық аурудан десек, олар мойнына алмайды", - деп түсіндірді тағы бір ауыл тұрғыны Қадыржан Шопанаев.

Ал Нұридден Едірисов есімді тұрғынның айтуынша, құйған балшықтың үстіне төгіліп жатқан ционидтің иісі өте зиян көрінеді.

"Жастар бірінен соң бірі қырыққа жетпей қайтып жатыр", - деп ашынды ол.

Кен орнындағы жағдайды жіті байқауға күзетшілер кедергі болды. Компания басшылығымен тілдесудің де сәті түспеді. Жергілікті атқамінерлер соңғы жылдары бұл маңайда өлім көбейгенін растады. Айтуларынша, бұған радиация ғана кінәлі емес.

"Бұлақ ауылдық округі бойынша жыл басынан бері 10 адам қайтып кетті. Оның ішінде обырдан бір адам бақилық болды. Жалпы, бұл ауылдың халқы қартайып барады. Сондықтан өлім-жітім көбейіп отыр. Ал сараптама қорытындысына сәйкес, су, топырақ пен ауадағы зиянды заттардың мөлшері қалыпты нормадан аспайды", - дейді Есіл ауданы әкімінің орынбасары Еділ Тұтқышев.

Дейтұрғанмен, облыстық онкологияның дерегі басқа. Алтын өндірісін қолға алған Есіл ауданы обыр ауруы бойынша өңірде көш бастап тұр. 10 айда 78 адам тіркеуге алынған. 26-сы өмірден өтіпті. Бірақ оның себебіне ешкім бас ауыртып жатқан жоқ.  

19430
Кілт сөздер:
Солтүстік Қазақстан облысы, жұмбақ өлім
Тақырып бойынша
Дәрігер балалар күнде жеп жүрген өте зиянды 4 тағамды атады
"Өліп кетуі мүмкін". Сомнолог түнгі 12-ден кейін ұйықтайтындарды сақтандырды
"Өліктің қасында жатырмыз": ауыл тұрғыны аудан әкімдігін аяғынан тік тұрғызды
Алматы облысындағы төбелестен кейін 70 Қытай азаматы елден шығарылды
Он жыл бұрын жұмбақ жағдайда жоғалған жігіттің денесі жұмыс орнынан табылды
Ақтау қаласы

Ақтауда СОБР қызметкерлері 40 адамды ұстады

2470
(Жаңартылды 20:18 09.08.2020)
Ақпарат Маңғыстау облысы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментіне жіберілді. Мекеме иесі карантин режимін бұзды деген шешіммен келіспей отыр

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Ақтау қаласында саунаға барған қырыққа жуық адам ұсталды, деп хабарлады Маңғыстау облысы полиция департаменті. 

8 тамызда криминалды полиция басқармасы мен СОБР қызметкерлері 23:00-де 22-ші шағын аудандағы саунада тексеріс жүргізді. 

"40-қа жуық адам ұсталды. Полицейлер сшектеуге қарамастан, сауна жұмыс істеп тұрғанын анықтады. 15 кабинада адам болған. Карантин режимін бұзғандарға қатысты 425-бапқа сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды", -деді департаменттің баспасөз қызметі.

Ақпарат Маңғыстау облысы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментіне жіберілді.

Мекеме иесі Абдурахим Қалимов карантин режимін бұзды деген шешіммен келіспей отыр. 

"Бізде қоғамдық монша емес. Жеке кабиналар ғана бар. Ал соңғысының жұмысына тыйым салынған жоқ. Маңғыстау облысы санитарлық дәрігерінің №35 қаулысында жазылмаған", - дейді "Тумба" басылымы Калимовқа сілтеме жасап.

Полиция департаменті де санитар дәрігердің қаулысына негізделіп отыр.

"Құжатта жеке кабиналар жұмыс істеуіне болады деп жазылмаған. Мұндай жағдай үшін өзге сауна иелері жауапкершілікке тартылды", - деді полицияда.

Сот шешім шығаратын болады.

2470
Кілт сөздер:
адам, қызметкерлер, Ақтау
Тақырып бойынша
Коронавирус пен пневмония: мыңдаған адамның өлімі статистикаға неге енгізілмеді
Алматыда болған төтенше оқиғаның видеосы тарап кетті - мән-жайы айтылды
Дәрігер Қытайда анықталған жаңа вирустың таралуына қатысты пікір білдірді
Ақтөбеде коронавирус жұқтырған балалар Кавасаки синдромына шалдықты
Ата-анасынан айырылған ақтөбелік кімдер жауап беруі керек екенін айтты
Мәйітхана қызметкері

Ата-анасынан айырылған ақтөбелік кімдер жауап беруі керек екенін айтты

5861
(Жаңартылды 19:34 09.08.2020)
Тұрғын санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарын жауапқа тартқысы келетінін айтып отыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болған жағдай үшін кешірім сұрады

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Ақтөбе тұрғыны Юлия Сорока жергілікті "Эврика" газетіне коронавирустан қайтыс болған ата-анасын қалай жерлегенін айтып берді.

"Анамды қаппен жерледік"

Әйел 2020 жылдың маусым айында ата-анасынан айырылды. Ол бастапқыда коронавирус белгілері бар ата-анасын ауруханаға жатқызбағанын айтты. Ал жағдайлары ушыққан кезде стационарға жеткізген. Екеуі де сол жерде көз жұмды. 

Бұдан соң тұрғын мәйітханаға марқұмдардың денесін алып кетуге барған. Сол кезде анасының денесіне "хлорка" себілгенін көрді.

Айтуынша, әкесінің денесі тоңазытқышта емес, еденде жатқан. 

"Әкеме біз әкелген киімді кигізуге келісті. Ал анамды қапқа салып, үстіне хлорка сепкен. Неге олай болды? Коронавирус тесті оң болғандықтан, осылай істеп отыр. Әкемде ковид расталмаған еді. Сондықтан әкемді киіндіріп, дәстүрге сай жерледік. Ал анамды қаппен жерледік", - деді Юлия Сорока "Эврика" басылымына. 

Ол санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарын жауапқа тартқысы келетінін айтып отыр. 

"Анамның жағдайы ушыққаны үшін, дер кезінде жанында медицина қызметкері болмағаны үшін, жерлеуге қатысты нақты талапты ешкім айта алмағаны үшін жауап берулері керек", – деді тұрғын.

Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Самат Данияров кейбір қызметкерлердің кәсіби біліктілігі төмен болғаны үшін кешірім сұрады. 

Жағдай тексеріліп, қызметкерлердің әрекетіне баға берілетінін айтты.

5861
Кілт сөздер:
ата-ана, тұрғын, Ақтөбе
Тақырып бойынша
Коронавирус пен пневмония: мыңдаған адамның өлімі статистикаға неге енгізілмеді
Алматыда болған төтенше оқиғаның видеосы тарап кетті - мән-жайы айтылды
Дәрігер Қытайда анықталған жаңа вирустың таралуына қатысты пікір білдірді
Үстел үстінде "тіріліп кеткен" ет жұрттың зәресін ұшырды – видео
Шығыс Қазақстан полицейлері адам өлтірді деген күдікпен 59 жастағы ер адамды ұстады
Астана көрінісі

Елордада 11 жыл қатарынан ұйымдастырылған шара өтпейтін болды

873
(Жаңартылды 21:12 09.08.2020)
Ұйымдастырушылар шараға қатысушылардың бәрінің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайтынын алға тартып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Елордада жыл сайынғы Astana Marathon 2020 коронавирусқа байланысты өткізілмейді.

"Бастапқыда қыркүйек айына таман шектеулер жеңілдетіліп, жарыс болады деп ойлаған едік. Бірақ өзге марафон ұйымдастырушылары сынды біз де қатысушылардың қауіпсіздігін толықтай қамтамасыз ете алмаймыз. Денсаулық пен қауіпсіздік - біз үшін ең басты орында ", - деп жазылған Astana Marathon-ның Instagram парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Astana Marathon (@astana42k)

Тіркелген адамдар салымға байланысты электронды хат алады.

Өткен жылы Sputnik Қазақстан командасы Astana Marathon 2019-дың 10 шақырымын жүгіріп өткен болатын.

Елордадағы марафонға 27 елден бес мыңнан астам адам қатысты. Солардың арасында бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен астана әкімі Алтай Көлгінов болды. 

Қайырымдылық жүгіру шарасы 2009 жылдан бері өткізіледі. Осы жылдары қазақстандық қайырымдылыұ ұйымдарға 97 мың доллардан астам қаражат жиналды.

873