Жедел жәрдем қызметі

Оқиға орнында көз жұмды: Маңғыстау облысында көлік түйеге соғылды

586
Жол апаты Жаңаөзен-Батыр тас жолында болған. Екі адам қаза болды, тағы екі адам түрлі жарақатпен ауруханада жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша – Sputnik. Маңғыстау облысында көлік түйеге соғылып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды inaktau.kz порталы.

Қайғылы оқиға 9 қараша күні Жаңаөзен-Батыр тас жолының бойында болған.

Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, төрт жолаушысы бар көлік шамамен кешкі сағат 19:00-де түйеге соғылған. 

Оқиға орнына үш жедел жәрдем бригадасы шұғыл аттанды. Алайда жол апатынан зардап шеккен екі адам дәрігерлер жеткенше оқиға орнында көз жұмды. Оның біреуі - төрт жастағы бала.

Тағы оқыңыз: Полицейдің артында екі баласы қалды: БҚО-да болған қайғылы оқиғаның мән-жайы

Қалған екі адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

586
Кілт сөздер:
бала, жол апаты, Маңғыстау облысы
Тақырып бойынша
Қостанайдағы жантүршігерлік жол апаты: екі адам ажал құшты, балалар әл үстінде - видео
Қордайдағы жол апаты: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Жол апаты болашақ ана мен іштегі нәрестесін ажалдан құтқарды
Үш автобус соқтығысқан жол апаты: оқиғаның нақты себебі белгілі болды
Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды – фото
Иллюстративті фото

Былтырғы оқиға есіне түсіп кеткен: Көңілдесін ұрып өлтірген атбасарлық сотталды  

823
(Жаңартылды 17:34 28.09.2020)
Ішімдік ішкен ер адам жатын бөлмеге кіріп, әйелді бауыр тұсынан бір ұрған. Ол қатты соққыдан сылқ ете түседі. Бірақ ашуға булыққан ер адам онымен тоқтамаған

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Атбасарда көңілдесін ұрып өлтірген 35 жастағы ер адам 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Тергеу материалдарына сәйкес, ер адам үйінде ішімдік ішіп отырғанда өзімен бірге тұратын әйелдің 2019 жылы желтоқсан айында таныс адамымен көзіне шөп салғаны есіне түскен. Қызғаныш сезімі билеп, әйелден өшін алуға ұмтылған.

"Ол жатын бөлмеге кіріп, әйелді бауыр тұсынан бір ұрады. Ол қатты соққыдан сылқ ете түседі. Бірақ ашуға булыққан ер адам онымен тоқтамаған, басынан және бетінен ұрғылай берген. Әйел есінен танып қалғаннан кейін есікті құлыптап, далаға шығып кеткен. Сол күні үйге келмеген", - дейді полицейлер.

Келесі күні қайтып келгенде үйдің іші тым-тырыс болған. Көңілдесі жатын бөлмеде сол күйі қозғалмай жатқанын көрген.

Полицейлер атап өткендей, ер адамның зәресі ұшып, қылмыстық жазадан құтылудың амалын іздей бастайды. Содан әйелді далаға сүйреп шығарып, мәйітін жерқоймаға тастап, қашып кетеді.

"Жәбірленуші жабық бас сүйек-ми жарақатын алған. Біршама уақыттан кейін миы ісініп кеткен", - делінген сот-медициналық сараптамада.

Оқи отырыңыз: Түркістанда әйелін пышақтап өлтірген прокурорға сот үкімі шықты 

Қаскүнем тағы бір қылмыс жасайды. Көрші келіншектің кетіп қалғанын пайдаланып, үйіне түскен. Сол жерден ыдыс-аяқ пен тосап ұрлаған.  

Сот оны Қылмыстық кодекстің екі бабы – денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және ұрлық бойынша жазаға тартып, 9 жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарды.

823
Кілт сөздер:
көңілдес, Атбасар
Тақырып бойынша
Күйеуін өлтіріп, анасының қабіріне көмген: елордалық әйелдің адам шошырлық қылмысы
Үйлену тойына ақша жетпеген: Шымкентте бай ерлі-зайыптыны өлтірген жігіт сотталды
Ер адам үйлену тойынан кейін әйелін жансақтау бөлімінен бір-ақ шығарды
16 рет пышақ сұққан: шымкенттік мұғалімді кім және не үшін өлтірді
Архивтегі фото

Алматыда 28 қыркүйектен бастап жылу беріледі

25
(Жаңартылды 16:07 28.09.2020)
Балабақшаларға, мектептерге, денсаулық сақтау нысандарына бүгінгі күннен бастап жылу толық қуатында беріледі

АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. Алматыда жылу маусымы 28 қыркүйектен басталады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша жылу маусымын бүгіннен, яғни 28 қыркүйектен бастау туралы шешім қабылданды. Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының мәліметі бойынша жылу желілері мен жылумен қамту жүйелері 100% дайын", - деп хабарлады қала әкімінің баспасөз хатшысы.

Қалада ең алдымен бірінші кезекте жылуға әлеуметтік нысандар қосылады. Балабақшаларға, мектептерге, денсаулық сақтау нысандарына бүгінгі күннен бастап жылу толық қуатында беріледі.

Тұрғын үйлер осы апта ішінде жылу жүйелеріне қосылады.

Айта кетейік, қалада 444 білім беру нысаны, 133 денсаулық сақтау саласындағы нысан мен орталық жылу жүйесіне қосылған 8 024 көппәтерлі үй бар.

Жыл сайын қалада жылу маусымда 15 қазаннан бастап, орташа тәуліктік температура үш күн бойы +8 градустан төмен болған кезде басталатын еді.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда жылу беру маусымы уақытынан бұрын басталды 

Қазгидрометтің мәліметінше, Алматы мен Алматы облысында қазанда орташа айлық температура +6 +12°С шамасында болады.

Қазанның бірінші онкүндігінде ауа температурасы түнде +8...+13 градустан +3...+8 градусқа дейін төмендейді. Ал таулы және таулы аймақтағы аудандарда 0...+5 градустан 0...-5° градусқа дейін түседі.

Күндіз ауа температурасы +23...+28 градустан +10...+15°С-қа дейін, оңтүстікте +32°С-тан +20°С-қа дейін төмендейді.

Қазанның екінші онкүндігінде ауа температурасы түнде 0...+5° градустан +8...+13 градусқа дейін төмендейді. Таулы аймақтарда -3...-8 градустан -2...+3°С-қа дейін түседі.

Үшінші онкүндікте ауа температурасы түнде +5...+10°С-тан 0...-5°С-қа дейін, таулы аймақтарда -10°С болады деп болжанды. Күндіз +10...+15°С-тан 0...+5°С-қа дейін біртіндеп төмендеуі мүмкін.

25
Кілт сөздер:
Алматы, жылу беру маусымы
Тақырып бойынша
Үсік жүреді – қыркүйекте ауа райы қандай болады
Қазақстанда қар жауды – видео
Министр экологии, геологии и природных ресурсов Магзум Мирзагалиев

Министр Мырзағалиев "Алтынемелде" түсірілген видеоны жариялады

0
Орта Азияда сирек кездесетін қар барысы көктемде "Сайрам Өгем" ұлттық паркінде де көрініп еді, дейді экология министрі

АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысында "Алтынемел" ұлттық паркінде алғаш рет қар барысы видеоға түсірілді. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

​Министр Twitter парақшасында қар барысының фото және видеосын жариялады.

"Жақсы жаңалықты бөліскім келіп отыр. "Алтынемел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде алғаш рет қар барысы байқалды. Жануар фототұзақ объективіне ілінген. Орта Азияда сирек кездесетін сүтқоректі көктемде "Сайрам Өгем" ұлттық паркінде де көрініп еді", - деп жазды министр.

Министрдің айтуынша, Қазақстан аумағында 120-130 бас қар барысы бар. Жануар жоғалып кетудің алдында тұр.  

"Барыстың көзге түсуі – ерекше құбылыс. Біз сирек кездесетін жануарларды барынша қорғауымыз керек. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бұл үшін бірқатар шара қабылдап, жүзеге асырады", - деп жазды Мырзағалиев.

Айта кетейік, Қазақстанның ерекше қорғалатын 13 аймағына 294 фототұзақ орнатылған.

0