Ұялы телефон, архив фото

Жалған ақпарат таратқан павлодарлық сотталып кетті

62
(Жаңартылды 15:02 13.11.2019)
Павлодар қаласының 36 жастағы тұрғыны есірткі тұтынып, полицияға террористік әрекет жасалғалы жатқаны жайлы жалған мәлімет берген. Сот үкімімен ер адам нашақорлықтан емделу курсынан өтуге міндеттелді

НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек – Sputnik. Жалған ақпарат таратқан Павлодар қаласының тұрғыны жауапқа тартылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2019 жылдың 16 қыркүйегінде шамамен кешкі сағат 22:00-де тәртіп сақшыларына академик Марғұлан көшесіндегі №118 тұрғын үйдің кіребесірінде террористік әрекет жасалғалы жатқаны жайлы хабарлама түскен.

Оқиға орнына полиция мен жедел әрекет ету тобы шұғыл жеткен. Тексеріс барысында берілген ақпараттың жалған екені анықталды.

Тағы оқыңыз: Полиция жоққа шығарды: әйелімен ұрсысқан ер адам белгісіз жағдайда көз жұмды

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру барысында бұрын сотты болған облыс орталығының 36 жастағы тұрғынын ұстады. Ол есірткі тұтынып, ұялы телефон арқылы "112" пультінің операторына хабарласып, террористік әрекет жасалғалы жатқанын айтқан.

Тіркелген факт бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 273-бабы (террористік акт туралы жалған хабар беру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Сот үкімімен жалған мәлімет берген павлодарлық тұрғынның бас бостандығы 2 жылға шектеліп, 1 жылға 100 сағат мәжбүрлі түрде қоғамдық жұмыс істеу міндеттелді. Сондай-ақ, ол айыппұл төлейтін болды.

Тағы оқыңыз: Екі миллиард теңге ұрлаған Қазақстан азаматы Ресейде ұсталды

"Жазасын өтеу барысында ер адамның тұрғылықты жерін ауыстыруға, көңіл көтеру орындарына баруға, құқық қорғау органдарына ескертпей басқа жаққа кетуге құқығы жоқ. Сонымен қатар, ол нашақорлықтан емделу курсынан өтуге міндеттелді", - делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

62
Кілт сөздер:
соттау, Павлодар, жалған ақпарат
Тақырып бойынша
Ойнап жүрген: Қостанай облысында екі кішкентай бала көз жұмды
Шымкенттік жігіттің қылмысы видеоға түсіп қалды
Аягөзде WhatsApp-пен видео жіберген тұрғынның басы бәлеге қалды
Алматылық полицейлер біртүрлі көлік мінген ер адамды іздестіріп жатыр
Жаңа ту бекітілді деген ақпарат жалған – Қазақстанның қорғаныс министрлігі
Загрузка...