Астана қысы

Алдағы күндері 25 градусқа дейін аяз болады

1913
(Жаңартылды 16:04 13.11.2019)
Еліміздің синоптиктері алдағы үш күнге ауа райы болжамын жасады. Мамандар жақын арада күн суыта бастайды дейді

НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша – Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

14-16 қараша күндері Орал және Батыс Сібір аймақтарынан арктикалық фронттардың оңтүстік-шығысқа ығысуына байланысты Қазақстан территориясында қар, кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ болып, солтүстік-шығыс желі күшейеді.

Тағы оқыңыз: Синоптиктер қазақстандықтарды қандай қыс күтіп тұрғанын айтты

"Ал фронттардың артынан арктикалық теңіз акваториясында қалыптасқан антициклон келеді. Солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түнгі ауа температурасы 13...18, кей жерлерде 20...25 аязға дейін төмендейді, бұл орташа көпжылдық мөлшерден 4…10°С-қа төмен", - дейді синоптиктер.

Алдағы үш күнде республиканың батысында ғана ауа температурасы нормаға жақын әрі ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Мегаполистерде ауа-райы қандай болады

Нұр-Сұлтан

• 14 қарашада күн бұлтты, аздаған қар жауады, түнде -6°C, күндіз -3°C;

• 15 қарашада күн ашық болады, түнде -9°C, күндіз -16°C;

• 16 қарашада көшпелі бұлт шығады, түнде -20°C, күндіз -8°C болады.

Алматы

•  14 қарашада күн ашық, түнде +3°C, күндіз +11°C;

•  15 қарашада күн бұлтты болады, түнде ауа температурасы +7°C, күндіз +8°C;

•  16 қарашада ауа райы ала бұлтты, түнде -2°C, күндіз +3°C-қа дейін төмендейді.

Шымкент

• 14 қарашада күн ашық, ауа температурасы түнде +2°C,  күндіз +13°C;

• 15 қарашада ауа райы жауын-шашынсыз, түнде +3°C, күндіз +14°C;

• 16 қарашада күн ашық, күндіз +5°C, түнде +12°C болады.

Дабылды ескерту

14 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады деп болжанып отыр. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде оның күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ал облыс орталығы Петропавл қаласында 14 қарашада тұман, көктайғақ болады. Күндіз жел екпіні секундына 20 метрге дейін барады.

1913
Кілт сөздер:
аяз, ауа райы
Тақырып бойынша
Қазақстандықтар желіде алғашқы қарға қуанып жатыр - видео
Қазақстан мектептерінде қысқы демалыс қашан басталады
Полиция қазақстандық жүргізушілерге үндеу жасады
"Екі есе қымбаттайды": көлікті қысқа дайындау бағасы қандай?
Қарашаға ауа райы болжамы: аязды күндер қашан келеді
Загрузка...