Өңірлер

Ақтөбеде полицейлер көшелерді жабады

© Sputnik / Абзал КалиевАвтомобили на дороге на левом берегу столицы
Автомобили на дороге на левом берегу столицы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тәртіп сақшылары қаладағы жиырма көше қиылысында "Қауіпсіздік сағатын" ұйымдастырады. Бұл көшелерде көлік қозғалысы тоқтатылады

НҰР-СҰЛТАН, 14 қараша — Sputnik. Ақтөбеде полицейлер флешмоб өткізбек. Қаладағы қауіпті көше қиылыстарында көлік қозғалысы тоқтатылады.

"Қауіпсіздік сағаты" акциясы түсте өткізіледі, деп хабарлады Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Шара полицейлер, ерікті студенттер мен жүргізушілер қатысады.

"Қаладағы 20 апаттық учаскеде 5-7 минутқа бір уақытта қозғалыс тоқтатылады ", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Жүргізушілердің бәріне жол ережесін сақтау туралы ақпарат таратылған соң жол он минутқа ашылады. Кейін тағы жабылып, өзге жүргізушілерге ақпарат беріледі. Шара бір сағатқа жоспарланған. 

Тағы оқыңыз: Алматы облысында қылмысы әшкере болған 3 полицей қашып кетті

Биыл облыста жаяу жүргіншілердің қатысуымен 261 жол апаты тіркелген. 11 адам қаза болды.

Жаңалықтар
0