Қыз теріс қарап отыр, архивтегі сурет

Дәретханада оқушы қыз зорланды: шенеуніктер жұмыстан қуылып жатыр

583
Тараз қаласында оқушы қыз зорланған соң, бас-аяғы 11 адам жауапқа тартылды, мектеп директоры қызметінен босатылды

НҰР-СҰЛТАН, 20 қараша – Sputnik. Таразда мектепте болған зорлау оқиғасынан кейін облыстық білім басқармасының басшысы өз еркімен жұмыстан кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қоғамдық резонанс тудырған оқиғаға байланысты облыстық білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова өз еркімен жұмыстан босатылды", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратынша, оқушы қыздың зорлануынан кейін бас-аяғы 11 адам жауапқа тартылған.

Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Мамытбековке, Тараз қаласы полиция басқармасы екінші полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Мұсаевқа, екінші полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің бөлім бастығы, полиция подполковнигі Төлеуішовке, Тараз қаласы полиция басқармасы екінші полиция бөлімі ювеналдық полиция жұмысын ұйымдастыру жөніндегі аға инспектор, полиция майоры Юринға  қатаң сөгіс жарияланды.

Жалпы білім беретін мекемелерге бекітілген кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік инспектор, полиция майоры Рысбаев ішкі істер органдарынан шығарылды. Мектеп директоры Сманова өз еркімен жұмыстан кетті.

Тағы оқыңыз: Тараздағы сұмдық: оқушы қыздың зорлануына қатысты тың деректер шықты

Сонымен қатар, мектеп вахтері Нұршабаева, директордың құқықтық ісі жөніндегі орынбасары Өзбекова, дәретханаға сұранған оқушыны жіберіп, сабақ біткенше іздемеген физика-математика пәнінің мұғалімі Ким, мектеп ішіндегі кезекшілікке жауапты қазақ тілі пәнінің мұғалімі Байқұлова өз өтініштері негізінде қызметінен босатылды.

Дәретханадағы зорлау

Сұмдық жағдай туралы жақында белгілі болды. 7-сынып оқушысын Тараз мектебінің аумағында зорлады.

Мектеп дәретханасы дұрыс жұмыс істемеген және бөтен адамға ешкім назар аудармаған. Ата-аналар бұл үшін мектеп басшылығын жазалауды талап етті.

Күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Полицияның мәліметінше, ол  19 жыл бұрын адам зорлағаны үшін төрт жыл түрмеде отырып шыққан.

Кейін мектеп қызметкерлерінің жаппай жұмыстан босатылғаны белгілі болды.

Тағы оқыңыз: Шу ауданында педофил 3 жасар қызды зорлады: азғынды баланың әкесі қолға түсірді

Nur Otan білім басқармасының басшылығын жазалауды талап етті. Партия баспасөз қызметінің ақпаратынша, Жамбыл облысында мектеп ауласындағы дәретханаларды жою мәселесі бұған дейін көтерілген.

"Біздің көзімізше бірнеше мектептің ауласындағы дәретханаларды сүріп, қалған білім ошақтарында да жұмыс жалғасын табады деп есеп берген еді. Бірақ бұл тек көзбояушылық болып шықты. Біз орындаушыларды емес, білім басқармасының басшылығын жауапқа тарту мәселесін көтереміз", - деді кеңес төрағасының орынбасары Динара Закиева.

Қазір кеңестің сарапшылар тобы Алматыдағы 151 нысанға жасалған мониторингтің қорытындысын шығарып жатыр.

583
Кілт сөздер:
мектеп директоры, мектеп, Тараз
Загрузка...