Қар, архивтегі суретт

Синоптиктер бейсенбі күні ауа райы қандай болатынын айтты

2169
Ертең алты өңірде ауа температурасы төмендейді. Тағы алты облыста жел күшейіп, тұман және бұрқасын болады

НҰР-СҰЛТАН, 20 қараша — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жауын-шашын жауады. Жел күшейіп, тұман және көктайғақ болуы мүмкін.

Дабылды ескерту

Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа температурасы 25-30 градусқа дейін төмендейді.

Шығыс Қазақстанда да минус 25-30 градус болады. Кей жерлерде 33 градус суық.

Қарағанды облысында минус 22-27 градус, кей жерлерде 33 градус суық болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от sea_island (@sea___land)

Түркістан облысында тұман, көктайғақ және бұрқасын. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр.

Өңірлердегі ауа райы

Алматы, Жамбыл облыстарында тұман және көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы – 15-20 м/с. Жамбыл облысында бұрқасын.

Түркістан, Қызылорда облыстарында тұман болады. Жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Түркістан облысында – көктайғақ.

Маңғыстау облысында түнде және таңертең тұман және көктайғақ болады. Күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.

Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде Павлодар облыстарында тұман болады. Шығыс Қазақстанда түнде және таңертең бұрқасын, желдің жылдамдығы – 15-20 м/с.

Ірі қалалардағы ауа райы

Шымкентте жауын болуы мүмкін.  Күндіз 4-6 градус жылы, түнде 2-4 градус нөлден жоғары.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Хабаровск и пригород (@dvokhv)

Синоптиктер Алматыда қар жауатынын хабарлады. Ауа температурасы біртіндеп +1 градустан түнде -5 градусқа дейін төмендейді.

Бейсенбі күні елордада жауын-шашын болмайды. Түске дейін -29 градус. Түстен кейін 20 градус суық болады. Кешке қарай минус 22.

2169
Кілт сөздер:
синоптиктер, ауа райы, қараша
Тақырып бойынша
Фотофакт: елордада 30 градус аязда жейдемен жүрген ер адам жұртты таңғалдырды
Синоптиктер қазақстандықтарды қандай қыс күтіп тұрғанын айтты
Қазақстанның басым аумағында бұршақ жауып, дауыл соғады
Загрузка...