Өңірлер

Даниал Ахметов 22 млрд теңгенің қайда кеткенін айтты

© Photo : предоставлено пресс-службой акима ВКОДаниал Ахметов
Даниал Ахметов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шығыс Қазақстан облысының әкімі шалғай ауылдарда күрделі оталарды жасауға уәде берді. Медицинаны дамыту бес бағытта жүргізіледі деп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 22 қараша – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов аймақта медицина саласын дамыту туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Облыс басшысының айтуынша, медицинаны дамыту бес бағытта жүргізіледі. Соның ішінде клиникаларды жаңғырту, маман даярлау, жетекші ғылыми орталықтардың филиалдарын құру, цифрландыру және халықаралық сапа стандарттарына көшу шаралары бар. Қазірдің өзінде осы бағыттарға 22,3 миллиард теңге жұмсалды.

"Осы ақшаға мыңнан астам заманауи техникалық құрал-жабдықтар сатып алынды. Соның арқасында біздің облысымыз медициналық құралдармен жабдықталу жағынан орташа әлемдік деңгейге шықты", - деді Ахметов астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, осы уақытқа дейін 5 511 маман қайта даярлаудан өтті. Медицина мамандары арнайы мастер-кластарға қатысты. Ал, ең бастысы, 276 маман шетелде үш айлық курстан өтті. Елордадағы жетекші ғылыми орталықтардың филиалдары облыста ашылып жатыр. Соның ішінде травматология, кардиохирургия және нейрохирургия бөлімдері бар.

Тағы оқыңыз: Даниал Ахметовтің қарындасын ұрлап әкетпек болды

"Біз облыс орталығында ғана емес, аудандарда да инсульт орталықтарын аштық. Ондай орталықтар Аягөз бен Алтайда бар. Жергілікті тұрғындар халықаралық стандарттың не екенін көрді. Бұдан бөлек, төрт айдың ішінде осы елді мекендерде біз кардиоорталықтарды да ашамыз. Сонда "шунтирование" сияқты операциялар ауылда жасалады. Осылайша, медицина халыққа жақындай түсті", - деді Ахметов.

Жаңалықтар
0