Сәби, архивтегі сурет

Көкшетауда үш айлық сәби шетінеп кетті: анасы дәрігерді кінәлап отыр видео

207
Алдын ала болжамға сәйкес, сәбидің өліміне аспирациялық синдром себеп болуы мүмкін деген болжам айтылды. Баланың өкпесіне сүт кеткен болуы мүмкін

КӨКШЕТАУ, 26 қараша — Sputnik. Ақмола облысында шетінеп кеткен үш айлық сәбидің анасы учаскелік педиатрды кінәлап отыр. Ол дәрігерді лицензиясынан айырмақ, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Облыстық балалар ауруханасына үш айлық сәби қарашаның 15-нен 16-на қараған түні түскен. Үш күннен соң жансақтау бөлімінде көз жұмды. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, Красный Яр ауылынан (Көкшетаудан 8 шақырымда орналасқан елді мекен) келе жатқанда балаға тиісті көмек көрсетілген. Преднизолон егіп, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Кейін ауруханада эндотрахиалды түтікшенің көмегімен өкпедегі сүт шығарылды.

Дәрігерлер не дейді?

Болған оқиғаға қатысты облыс әкімінің орынбасары Айна Мүсрәлімова төрағалық ететін арнайы комиссия құрылды. Облыстық денсаулық сақтау жетекшісінің орынбасары Татьяна Бишораева журналистерге сәбидің өліміне қатысты алдын ала болжаммен бөлісті. Аспирациялық синдром –тыныс жолдарына сұйықтықтың түсуі. Яғни анасының сүті сәбидің өкпесіне барған.

Сәбидің анасы дәрігерді кінәлап отыр

Кішкентай қыздың анасы Елена Сейтенова бәріне дәрігер кінәлі екенін айтады.

"29 қазан күні қызымның тамағы қырылдай бастады. Мен емханаға жүгіріп келдім. Ол бәрі дұрыс екенін айтты. Бұған дейін қызым тұмауратып еді. Дәрігер тәжірибелі мамандарды шақырып, олармен ақылдасуы керек еді деп санаймын. Қызымның неге құса беретінін сұрадым. Ол: бала көп тамақтанған болар, деп жауап берді",- дейді қыздың анасы.

Елена Сейтенованың айтуынша, дәрігер жөтелге қарсы жақпа май ғана жазып берген. Қызметтік тексеріс кезінде дәрігердің бәрін дұрыс жасағаны анықталды.

Тағы оқыңыз: Әйел "мас" нәресте босанды – дәрігерлер сәбидің жағдайы туралы айтты

Дәрігерлер болса, сәбидің ата-анасының жауапсыздығын алға тартып отыр. Шетінеп кеткен нәресте тұрмысы төмен отбасындағы бесінші бала болған.

Қыздың әкесі үйде темекі шеккен. Анасы сәбиді сиыр сүті, ботқа сынды тағамдармен ерте тамақтандыра бастапты. 12 қараша күні балаға үш ай толғанда емханаға тексеруге әкелмеген. Дәрігер қарағаннан кейін де отбасы тұмауратқан баламен қонаққа барған.


 

207
Кілт сөздер:
видео, дәрігер, сәби, Көкшетау
Тақырып бойынша
Баланың көзін жой: Атыраулық дәрігердің телефонын тыңдағандар есеңгіреп қалды
Қыз ба, ұл ма? Алматыда ерекше сәби дүниеге келді
"Бәрі жылап жүр": сәби өлімінен кейін перзентхана дәрігерлері арыз жазды
Басына пакет кигізген: қоқыстан табылған сәби өліміне қатысты тың дерек шықты
Бір жасар сәби жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен: анасының қылмысы әшкере болды
Загрузка...