Өңірлер

Шымкенттік полицейлер мектепті дүрліктірген жағдай туралы айтты

© Sputnik / Тимур БатыршинШкольник
Школьник - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Баладан ата-анасының көзінше жауап алынды. Жасөспірім қаруды сыныптасынан алғанын айтты. Тексеріс жүргізіліп жатыр

АЛМАТЫ, 29 қараша — Sputnik. Шымкентте 9-сынып оқушысы сабаққа жарақат салатын тапанша алып келді. Бұл фактіні ювеналды полиция рейд кезінде анықтаған, деп хабарлайды Elitar.kz.

Әл-фараби ауданы кәмелетке толмағандар ісімен айналысатын полиция басшысының міндетін атқарушы Батырхан Әлиевтің айтуынша, 25-30 қараша аралығында қалада рейд жүргізілген.

"Шара кезінде 25 қараша күні оқушының сөмкесінен қару табылды. Қазіргі уақытта тексеріс жүргізіліп жатыр", - деді ол.

Тағы оқыңыз: Оралда ер адам әйелін гранатаға ұқсас затпен кепілге алды

Жасөспірім ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Ол қаруды сыныптасынан алғанын айтты. Тапаншаны сол балаға қайтару үшін мектепке алып келген.

Жаңалықтар
0