Тамақ әзірлеу

Жаңаөзендегі оқиға: жасөспірім даяшылардың өліміне қатысты тың дерек шықты

1827
(Жаңартылды 12:18 29.11.2019)
Жаңаөзен мейрамханасында үш жігіт зардап шегіп, екеуі қаза тапты. Біреуі қазір ауруханада жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша – Sputnik. Таныстардың айтуынша, көз жұмған жасөспірімдер мейрамханада түнеуге қалған. Себебі ертеңінде олар банкетте жұмыс істеуі тиіс болатын, деп хабарлайды жергілікті инАктау басылымы.

"Жігіттер уақытты әрі күшін үнемдеу үшін үйге бармай, мейрамханада түнеуді жөн көріпті. Ал мекемедегі ең жылы жер пеш жағатын бөлме болғандықтан олар сонда ұйықтапты", - дейді тұрғындар.

Таңертең пеш жағатын бөлменің еденінде жатқан кәмелетке толмаған балаларды достары тауып алған екен.

Жаңаөзеннің тауарлар мен қызметтер сапасын және қауіпсіздігін бақылау басқармасының мәліметінше, тірі қалған бір даяшы қалалық аурухана бөлімшесіне ауыстырылды. Оның халі тұрақты.

Тағы оқыңыз: Даудың басы даяшы қыз: Өскеменде қонақтар мейрамхана қызметшілерімен төбелесті

"Жасөспірім есін жиды, тамақтана алады, дәрігерлердің сұрақтарына да жауап бере алады. Аурухана мамандары оған "Ауыр деңгейдегі иісті газдың улы әсері. Улы энцефалопатия" диагнозын қойды. Зардап шеккен жігіттің анасы жедел жәрдем ұлын ауруханаға ес-түссіз, аса ауыр халде әкелді дейді", - деп хабарлады басқарма.

Еске салсақ, алдын ала мәлімет бойынша мейрамханада даяшы болып жұмыс істеген кәмелетке толмаған үш бала 24 қараша күні иіс тиіп, уланып қалды. Екі зардап шеккен даяшы қаза тапты, біреуі ауруханаға жеткізілді. Полиция "Еңбекті қорғау ережелерінің бұзылуы" бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

1827
Кілт сөздер:
даяшы, улану, Жаңаөзен
Тақырып бойынша
Бір дегенде бір құшақ ыдыс-аяқты жинап әкеткен даяшы жұртты таңғалдарды - видео
Жаңаөзендегі алапат өрт: ІІМ желіні дүрліктірген видеоға түсініктеме берді
Төрт жас бақытты болсын: Жаңаөзенде ерекше той өтті – фото
Оқиға орнында көз жұмды: Маңғыстау облысында көлік түйеге соғылды
Әкім жаңаөзендіктер неге митингке шыға беретінін айтты
Загрузка...