Қолдағы ақшы, архив фото

Бақытжан Сағынтаев қанша жалақы алатынын айтты

539
(Жаңартылды 13:52 29.11.2019)
Алматы қаласының басшысы Бақытжан Сағынтаев айлығының мөлшері басқа әкімдердікіне ұқсас екенін атап өтті

Нұр-Сұлтан, 29 қараша – Sputnik. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қанша еңбекақы алатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қала басшысының мәліметінше, жалақысы басқа әкімдердікіне ұқсас.

"Айлығым басқа әкімдердікі сияқты. Еңбекақым – 950 мың теңге. Қолыма 700 мың теңгеден астам ақша аламын. Салыққа қанша процент ұстап қалатынын білесіздер. Табыс, әлеуметтік салықты алып тастаған кезде қолымда 750-760 мың теңге қалады. Бұл бір айда қанша күннің бар екеніне байланысты", - деді әкім орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатынан кейін журналистерге.

Тағы оқыңыз: Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қанша жалақы алатынын айтты

Сондай-ақ, Алматы басшысы баспасөз мәслихатында биыл мегаполисте орташа жалақы 220 мың теңгеден асқанын атап өтті.

Бұған дейін Сағынтаев отставкасына қатысты пікір білдірген болатын. 

539
Кілт сөздер:
әкім, жалақы, Сағынтаев
Тақырып бойынша
Павлодарлықтардың орташа жалақысы қанша – әкімнің жауабы
Даниал Ахметов өз жалақысы туралы айтты
Жалақы 50 процентке дейін өседі: Үкімет бірқатар шараны қолға алмақ
Министр мұғалімдердің өмірі қалай өзгеретінін айтты
Мұғалімдердің жалақысы өседі: білім министрі тізімге кімдердің ілігетінін айтты
Загрузка...