Қызылорда облысындағы жол апаты

Қызылордада 8 адамның өмірін қиған жол апаты: жаңа деректер шықты

1553
(Жаңартылды 10:46 03.12.2019)
Мәліметке сай, автобустағы жолаушының барлығы Қазақстан азаматтары, шетелдіктер жоқ. Көлікте балалар болмаған

НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан – Sputnik. Соңғы мәліметтер бойынша Қызылорда-Құмкөл тас жолындағы апаттан қаза тапқандар саны 8 адамға жетті, 21 адам зардап шекті. Бұл туралы үкімет кулуарында ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жанат Әбдірахманов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгін таңғы сағат бес шамасында "Қызылорда-Құмкөл" тас жолында апат болды. Қазіргі таңда 8 адам қаза болып, 21 адам жарақат алды. Автобус жүргізушісі көктайғақтан рөлге ие бола алмай, салдарынан аударылды. Қазір тергеу органдары жұмыс істеп жатыр", - деді ол.

Айтуынша, автобустағы жолаушының барлығы Қазақстан азаматтары, шетелдіктер жоқ. Мұнай компаниясына қарасты автобус жолаушылары Құмкөлге жұмысқа бара жатқан.

Әбдірахманов көлікте балалар болмағанын нақтылады.

Тағы оқыңыз: Қызылорда облысында автобус аударылды: бірнеше адамның мәйіті табылды

"Үлкен Neoplan автобусы, 45-50 адамдық. Қоғамдық көлік ішінде елу шақты адам болған. Жүргізуші тірі ме, жоқ па әлі белгісіз. Ақпарат тексеріліп жатыр", - деді Жанат Әбдірахманов.

Оның мәліметінше, көлікке автотехникалық сараптама жүргізіледі. Қазір төтенше жағдай комитетінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, тас жолды толығымен тексеруде.

1553
Кілт сөздер:
Қызылорда облысы, құрбандар, жол апаты
Тақырып бойынша
Ішкі істер министрлігі тұрғындарға үндеу жасады
Солтүстік Қазақстанда жолаушылар автобусы апатқа ұшырады
Батыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апатынан 12 адам зардап шекті
Ресейде автобус көпірден құлады: қаза тапқандар саны 15 адамға жетті
Жетпіс бес адам Самара – Шымкент тас жолында жантүршігерлік апатқа түсті
Загрузка...