Қалада бұрқасын

Қазақстанның бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды

336
Ертең еліміздің бірқатар облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасындатады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді

НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан – Sputnik. Қазгидромет 4 желтоқсанда республиканың бес облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Нұр-Сұлтанда оқта-текте тұман түсіп, көктайғақ болады. Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 80-85%.

Ақмола облысының кей жерлерінде – тұман, көктайғақ, бұрқасын. Күндіз оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с дейін барады.

Көкшетауда тұман және көктайғақ күтіледі.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасындатады, көктайғақ сақталады.

Қызылорда облысында да тұман, таңертең және күндіз кей жерлерде көктайғақ болады.

Қостанай облысының кейбір аймағында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде – тұман, көктайғақ, бұрқасын. Оралда бұрқасындатады.

Тағы оқыңыз: 35°C аяз: синоптиктер желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтты

Бұған дейін синоптиктер желтоқсандағы ауа райына консультативтік болжам ұсынған болатын. Қазгидрометтің болжамынша, екінші және үшінші онкүндіктерде күн кезекті рет суытып, аяз болады.

336
Кілт сөздер:
дабылды ескерту, көктайғақ, тұман, бұрқасын, ауа райы болжамы, Қазгидромет
Тақырып бойынша
Синоптиктер қазақстандықтарды қандай қыс күтіп тұрғанын айтты
Загрузка...