Аурухана, архивтегі фото

Қарағандыда туыстарынан 5 миллион теңге қарыз алған келіншектің мәйіті табылды

3782
(Жаңартылды 08:30 04.12.2019)
Жанар Бөлегенованы өлтірген қаскөй мәйітті қаланың шеткі ауданына таксимен жеткізіп, темір жәшікке тастап кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан – Sputnik. Қарағандыда бес күн бұрын із-түссіз жоғалған келіншектің мәйіті табылды.

38 жастағы Жанар Бөлегенованың денесі көше бойындағы темір жәшікте жатыпты. Жақындарының айтуынша, сол күні келіншекте өзімен бірге 5 миллион теңге болған, деп хабарлады КТК.

Туыстары келіншек аляқтардың арбауына түсті дейді. Өйткені ол бір қаржылық жүйеге ақша салып, аз уақыт ішінде пайызымен қайтарып алып тұрған. Бірнеше рет пайдаға кенелген соң, табысын арттырмақ болып, туған-туыстардан 5 миллион теңге қарызға алып тұрған. Алайда қомақты қаражатты апарып берген адамы оны буындырып өлтірген.

Өлтіремін деп қорқытқан: Қаскелеңде бақсыдан келе жатқан әйелді зорлап, тонап кетті

Мәйітті қаланың шеткі ауданына таксимен жеткізіп, темір жәшікке тастапты. Марқұмның артында кәмелетке толмаған екі баласы қалды. Күдікті ұсталған.

"Жедел іздестіру шаралары барысында 36 жастағы күдікті ұсталды, ол кінәсін мойындады. Бүгінгі таңда Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша іс тіркелді, соның аясында оқиғаның мән-жайы анықталады", - деп атап өтті Қарағанды облыстық ПД баспасөз хатшысы Жаңатай Сембеков.  

3782
Кілт сөздер:
қарыз, Қарағанды
Тақырып бойынша
Әйелдерді зорлап, өлтірген: Шымкентті дүрліктірген екі маньяк қалай ұсталды
Алматы облысында әйелдерге қырғидай тиетін таксист ұсталды
Алматыда балалы әйелге шабуыл жасаған тонаушы қарсылыққа тап болды
"Өзіме қол салуға мәжбүрмін" Сот үкімін тыңдаған қылмыскер қиғылық салды
Астанада қомақты ақша шешіп алған зейнеткерді банктің жанында тонап кетті
Загрузка...