Ақша, архивтегі фото

Қазақстанда байып кетпек болған 130-ға тарта адам тақырға отырды

743
(Жаңартылды 14:06 04.12.2019)
Көптеген қазақстандық MMM схемасын бұрыннан білсе де, пирамидаға қосылғандардың саны 130 адамға жуықтаған, ал келтірілген шығын 50 миллион теңгеге бағаланды

ҚЫЗЫЛОРДА, 4 желтоқсан – Sputnik. Қызылорда қалалық екінші сотында құқық қорғау органдарының мәліметінше, қаржы пирамидасын құрған Қызылорда қаласы тұрғынының ісі қарала бастады.

"Сотта Қазақстан Қылмыстық кодексінің 217-бабы 2-бөлігі "Қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару" бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілінген қызылордалыққа қатысты қылмыстық іс қаралды", - деді облыстық прокуратура басқармасының прокуроры, кіші әділет кеңесшісі Зураб Гичиев.

Тағы оқыңыз: Қазақ әншісі қаржы пирамидасын құрамын деп істі болып жатыр

Іс материалдарында айтылғандай, жұмыссыз ер адам әлеуметтік желіні пайдаланып қаржы пирамидасын ұйымдастырған, ол адамдарға қысқа мерзімде жоғары табыс табуға уәде берген.

"Мысалы, үш күнде салымдарды 50 процентке көбейтіп беремін, ал он күнде салым сомасынан 100 пайыз пайда көресіңдер деген, – дейді Гичиев. – Осылайша, ол республиканың әртүрлі аймақтарындағы сенгіш қазақстандықтардан 50 миллион теңгеден астам ақша жинаған, қаржы өзінің банк картасына түскен".

Бұл істе 130-дан астам адам зардап шеккен. Пирамида төрт ай бойы жұмыс істеген, алғашқы салымшылар өз ақшасына өсім алған, ал қалған қатысушылар ақшасынан айырылған.

Айта кету керек, күдіктінің арбауына 35-50 жас аралығындағы әйелдер – көбінесе жұмыссыздар, үй шаруасындағы әйелдер, жеке кәсіпкерлер, қосымша табыс іздеп жүрген азаматтар түсіп қалған.

743
Кілт сөздер:
Қызылорда, қаржы пирамидасы
Тақырып бойынша
"Біз мұны күтпеп едік". Қазақстандықтар Мысырға ағылып жатыр
ІІМ тағы бір қаржы пирамидасын құрықтады
Сарапшы зейнетақы қорын қаржы пирамидасымен салыстырды: Ақышев не дейді?
Загрузка...