Портфель ұстаған шенеунік, архивтегі фото

"Сондай жағдайға жеттік": Батыс Қазақстанда әкімдердің әйелдері наразылық білдірді

4573
(Жаңартылды 08:39 05.12.2019)
Ауылға іссапармен келген шенеуніктердің көлігіне қой салып, тіпті соғымын әперу облыстың барлық ауданында бейресми дәстүрге айналған

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Іссапармен келген жоғары лауазымды шенеуніктерді қонақ қылып, сый-сияпат көрсетуден шаршаған Батыс Қазақстан облысындағы ауыл әкімдерінің бірі қызметінен кетті. Ал қалған әкімдер жалақысын осындай орынсыз шығынға жұмсауға мәжбүр. Бұл туралы "Ақжайық – адалдық алаңы" жобасының басшысы Әлия Салиева мәлімдеді.

Оның сөзінше, ауылға іссапармен келген шенеуніктерге көл-көсір дастарқан жайылады. Бұл аздай, олардың көлігіне қой салып, тіпті соғымын әперу де облыстың барлық ауданында бейресми дәстүрге айналған. Шектен тыс қонақжайлықтың кесірінен енді ауылдық округ әкімдері айлығын шайлығына жеткізе алмай отыр, деп хабарлады "Астана" арнасы.

Тағы оқыңыз: "Не жайлы айтып тұрсыз". Президент министр Атамқұловтың сөзін бөліп жіберді

Қазір ауыл әкімдерінің жалақысы 140-160 мың теңге аралығында. Мұндай шығынға әкімдердің өздері ғана емес, әйелдері де наразы. Енді қызмет бабымен ауылға барған лауазымдыларға біреудің үйінен тамақ ішіп, кәсіпкерлерге салмақ салуға тыйым салынады. Яғни, ішер тамағы мен жатар орнының ақысын өз қалтасынан төлеуі тиіс. Әйтпесе олармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті айналыспақ.

"Округ әкімдерінен не ақша жинайды, не тамақ сұрайды. Яғни, қой сұрайды, әлде соғым талап ететін көрінеді. Ал олар кәсіпкерлерден көмектесіп жібер деп сұрайды екен. "Бір сұраймыз, екі сұраймыз. Үшінші, төртінші рет өзіміз қалтамыздағы айлық жалақыны жұмсаймыз" дейді. Әйелдері "Біз мамыр айынан күзге дейін біз жолдастарымыздың айлық жалақысын көрмейміз. Сондай жағдайға жеттік" деп отыр", - дейді "Ақжайық – адалдық алаңы" жобасының басшысы Әлия Салиева.  

 

4573
Кілт сөздер:
жемқорлық, әкімдер
Тақырып бойынша
Министрлер мен әкімдер отставкаға кетеді: Бектенов жаңа заңды түсіндірді
"Бұл дұрыс емес": Тоқаев үкіметтің жұмысын сынға алды
Тоқаев үкімет пен әкімдерге шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды
Даниал Ахметов өз жалақысы туралы айтты
Иллюстративті фото

Былтырғы оқиға есіне түсіп кеткен: Көңілдесін ұрып өлтірген атбасарлық сотталды  

5
Ішімдік ішкен ер адам жатын бөлмеге кіріп, әйелді бауыр тұсынан бір ұрған. Ол қатты соққыдан сылқ ете түседі. Бірақ ашуға булыққан ер адам онымен тоқтамаған

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Атбасарда көңілдесін ұрып өлтірген 35 жастағы ер адам 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Тергеу материалдарына сәйкес, ер адам үйінде ішімдік ішіп отырғанда өзімен бірге тұратын әйелдің 2019 жылы желтоқсан айында таныс адамымен көзіне шөп салғаны есіне түскен. Қызғаныш сезімі билеп, әйелден өшін алуға ұмтылған.

"Ол жатын бөлмеге кіріп, әйелді бауыр тұсынан бір ұрады. Ол қатты соққыдан сылқ ете түседі. Бірақ ашуға булыққан ер адам онымен тоқтамаған, басынан және бетінен ұрғылай берген. Әйел есінен танып қалғаннан кейін есікті құлыптап, далаға шығып кеткен. Сол күні үйге келмеген", - дейді полицейлер.

Келесі күні қайтып келгенде үйдің іші тым-тырыс болған. Әйелі жатын бөлмеде сол күйі қозғалмай жатқанын көрген.

Полицейлер атап өткендей, ер адамның зәресі ұшып, қылмыстық жазадан құтылудың амалын іздей бастайды. Содан әйелді далаға сүйреп шығарып, мәйітін жерқоймаға тастап, қашып кетеді.

"Жәбірленуші жабық бас сүйек-ми жарақатын алған. Біршама уақыттан кейін миы ісініп кеткен", - делінген сот-медициналық сараптамада.

Оқи отырыңыз: Түркістанда әйелін пышақтап өлтірген прокурорға сот үкімі шықты 

Қаскүнем тағы бір қылмыс жасайды. Көрші келіншектің кетіп қалғанын пайдаланып, үйіне түскен. Сол жерден ыдыс-аяқ пен тосап ұрлаған.  

Сот оны Қылмыстық кодекстің екі бабы – денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және ұрлық бойынша жазаға тартып, 9 жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарды.

5
Кілт сөздер:
көңілдес, Атбасар
Тақырып бойынша
Күйеуін өлтіріп, анасының қабіріне көмген: елордалық әйелдің адам шошырлық қылмысы
Үйлену тойына ақша жетпеген: Шымкентте бай ерлі-зайыптыны өлтірген жігіт сотталды
Ер адам үйлену тойынан кейін әйелін жансақтау бөлімінен бір-ақ шығарды
16 рет пышақ сұққан: шымкенттік мұғалімді кім және не үшін өлтірді
Архивтегі фото

Алматыда 28 қыркүйектен бастап жылу беріледі

15
(Жаңартылды 16:07 28.09.2020)
Балабақшаларға, мектептерге, денсаулық сақтау нысандарына бүгінгі күннен бастап жылу толық қуатында беріледі

АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. Алматыда жылу маусымы 28 қыркүйектен басталады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша жылу маусымын бүгіннен, яғни 28 қыркүйектен бастау туралы шешім қабылданды. Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының мәліметі бойынша жылу желілері мен жылумен қамту жүйелері 100% дайын", - деп хабарлады қала әкімінің баспасөз хатшысы.

Қалада ең алдымен бірінші кезекте жылуға әлеуметтік нысандар қосылады. Балабақшаларға, мектептерге, денсаулық сақтау нысандарына бүгінгі күннен бастап жылу толық қуатында беріледі.

Тұрғын үйлер осы апта ішінде жылу жүйелеріне қосылады.

Айта кетейік, қалада 444 білім беру нысаны, 133 денсаулық сақтау саласындағы нысан мен орталық жылу жүйесіне қосылған 8 024 көппәтерлі үй бар.

Жыл сайын қалада жылу маусымда 15 қазаннан бастап, орташа тәуліктік температура үш күн бойы +8 градустан төмен болған кезде басталатын еді.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда жылу беру маусымы уақытынан бұрын басталды 

Қазгидрометтің мәліметінше, Алматы мен Алматы облысында қазанда орташа айлық температура +6 +12°С шамасында болады.

Қазанның бірінші онкүндігінде ауа температурасы түнде +8...+13 градустан +3...+8 градусқа дейін төмендейді. Ал таулы және таулы аймақтағы аудандарда 0...+5 градустан 0...-5° градусқа дейін түседі.

Күндіз ауа температурасы +23...+28 градустан +10...+15°С-қа дейін, оңтүстікте +32°С-тан +20°С-қа дейін төмендейді.

Қазанның екінші онкүндігінде ауа температурасы түнде 0...+5° градустан +8...+13 градусқа дейін төмендейді. Таулы аймақтарда -3...-8 градустан -2...+3°С-қа дейін түседі.

Үшінші онкүндікте ауа температурасы түнде +5...+10°С-тан 0...-5°С-қа дейін, таулы аймақтарда -10°С болады деп болжанды. Күндіз +10...+15°С-тан 0...+5°С-қа дейін біртіндеп төмендеуі мүмкін.

15
Кілт сөздер:
Алматы, жылу беру маусымы
Тақырып бойынша
Үсік жүреді – қыркүйекте ауа райы қандай болады
Қазақстанда қар жауды – видео