Суд над журналистом В. Муравицким в Житомире

Алматыда штаб батальоны командирі сотталды

125
Қойбақов әскери қызметті 1 айға жеңілдетуге 100 мың теңге пара алған. Бұған дейін жүргізілген сотқа дейінгі тергеу аяқталды

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан қорғаныс министрлігінің штаб батальоны командирі пара алғаны үшін сотталды.

Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі хабарлағандай, 61993 әскери бөлімі штаб батальонының командирі Н.Қойбақов әскери қызметкердің әскери қызметін 1 айға жеңілдетуге 100 мың теңге пара алған. Бұған дейін жүргізілген сотқа дейінгі тергеу аяқталды.

Алматы гарнизоны әскери сотының үкімімен Қойбақов пара алғаны үшін айыпты деп танылып, оған 3 миллион теңге айыппұл төлеу жазасы тағайындалды. Ол енді мемлекеттік қызметте өмір бойы лауазымды қызмет атқара алмайды.

Тағы оқыңыз: Әскери билет үшін 800 мың теңге алған парақор видеоға түсіп қалды 

Бұған дейін Павлодар облысында Екібастұз қалалық қорғаныс істері жөніндегі бірлескен бөлімнің инспекторы парамен ұсталған болатын. Ол әскери билетті жасап бергені үшін делдалдар арқылы 800 000 теңгені заңсыз алған.  

125
Кілт сөздер:
Алматы, әскери сот
Тақырып бойынша
Жамбыл облысында майордың қылмысы видеоға түсіп қалды
Параның ерекше түрлері жарияланды
Қазақстанда қандай банктер арқылы пара берілетіні белгілі болды
Оралда шенеунік әйел бір шешімінің арқасында жазадан құтылып кетті – видео
Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының экс-басшысы сотталды
Электр шамы мен  ақша

15 мың теңгелік көмек: Жамбыл облысының мүгедектері call-орталық қызметіне шағымданды

16
(Жаңартылды 12:51 28.05.2020)
Облыс басшысы Бердібек Сапарбаев мүгедектердің мәселесін шешіп, call-орталықтардың жұмысын ретке келтіруге уәде берді

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Жамбыл облысында мүмкіндігі шектеулі тұрғындар коммуналдық төлемдер үшін мемлекеттен 15 мың теңге ала алмай отыр. Бұл туралы облыс басшылығының қатысумен болған селекторлық жиын барысында "Жамбыл облысының азаматтық альянс ассоциациясы" ЗТБ төрағасы Зайытжан ​​Юлдашев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бірлестік төрағасының айтуынша, 15 мың теңге көмекті ала алмаған мүгедек адамдар ұйымның көмегіне жүгінген. Олар байланыс орталықтары жұмыс істемейтінін айтып шағымданды.

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бұл мәселенің оң шешілетініне сендірді.

"Бұл төлемдер тағайындалған адамдар ақшаны міндетті түрде алады. Байланыс орталықтарындағы мәселе де шешіледі", – деп жауап берді ол.

Кездесу барысында облыс белсенділері мүмкіндігі шектеулі тұрғындардың басқа да мәселелерін көтерді. Олар көп жағдайда білім саласында қиындықтарға тап болады. Қазір өңірде балабақша деңгейінде инклюзивті білім беру жүйесі жоқ. Олар жазғы демалыспен қамтамасыз етілмеген. Сонымен қатар, Жамбыл облысындағы қоғамдық көпшілік орындар да мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделмеген.

Оқи отырыңыз: Коммуналдық қызмет үшін төленетін 30 мың теңгені қалай алу керек

Өз кезегінде облыс әкімі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған үш оңалту орталығын салу жоспарланғанын атап өтті.

15 мың теңгені кімдер алады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына байланысты халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үшін коммуналдық төлемдерге жұмсалған соманы өтеу туралы шешім қабылданды. Әлеуметтік жәрдемақыны 1, 2 және 3 топтағы мүгедектер, сондай-ақ мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар алады.

Өтемақы екі айға тағайындалды. 15 мың теңгені алу үшін әкімдіктің call-орталығына немесе ақпараттық жүйе арқылы ЖСН мен шот нөмірін хабарлау қажет.

16
Кілт сөздер:
Бердібек Сапарбаев, Жамбыл облысы, коммуналдық қызмет
Тақырып бойынша
Кімдер коммуналдық қызмет үшін 15 мың теңгеден алатыны белгілі болды 
Коммуналдық қызметтерге – 15 мың теңге: ережеге өзгеріс енгізілді
Алматыда 60 мыңға жуық адам екі ай бойы коммуналдық төлем алады  
Коммуналдық қызмет үшін 15 мың: өтініш беруге арналған сайт ашылды
Коммуналдық қызмет үшін 15 мың теңге қашан төленетіні айтылды
Тұрғындар, жаз

Аптап ыстық болады - бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

202
(Жаңартылды 23:33 27.05.2020)
Синоптиктер бейсенбі, 28 мамыр күні Қазақстанның алты өңірінде аптап ыстық болып, жел күшейетінін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр - Sputnik. Қазгидромет синоптиктері бейсенбі күні ауа райы қандай болатынын айтты.

Елдің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Солтүстік, солтүстік-батыста циклон әсерінен дауыл болып, жауын, бұршақ жаууы мүмкін.

Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстік, оңтүстік-шығыста - шаңды дауыл, солтүстікте - тұман.

Дабылды ескерту

28 мамырда Қызылорда облысында аптап ыстық болады, плюс 41 градус, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с, шаңды дауыл.

Алдағы екі күнде Солтүстік Қазақстан облысында тұман болып, күн күркірейді. 29 мамырда күндіз бұршақ жауады, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.

Түркістан облысында шаңды дауыл болады, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с. Күндіз сынап бағанасы 40 градусқа дейін көтеріледі.

Өңірлердегі ауа райы

Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облысында аптап ыстық болады.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облысында өрт қаупі жоғары болады. 

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада түнде плюс 8-10 градус, күндіз 24-26 градус жылы.

Алматыда түнде 17-19 градус жылы, күндіз сынап бағанасы 28-30 градусқа дейін көтеріледі.

Шымкентте түнде плюс 20-22 градус, күндіз 35-37 градус ыстық.

202
Кілт сөздер:
синоптиктер, ауа райы, мамыр
Әскерилер, архивтегі сурет

Әскерге шақырылғандар он төрт күнге карантинге алынады 

1
(Жаңартылды 12:50 28.05.2020)
Әскери бөлімдерде сарбаздардың денсаулығын үнемі бақылайтын медициналық қызметкерлер бар. Олар алгоритмге сай жұмыс істейді

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Көктемгі мерзімді әскери қызметке шақырылғандар он төрт күн карантинге алынып, коронавирусқа тест тапсырады. Бұл туралы Алматы қаласы қорғаныс істері департаментінің басшысы Амантай Өсербаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Ол төтенше жағдай аяқталуына байланысты мерзімді әскери қызметке шақыру және мерзімді әскери қызметті өткерген азаматтарды запасқа шығару жұмысы басталып кеткенін айтты. 

"Биылғы мерзімді әскери қызметке шақырудың негізгі мақсаты – Қарулы күштер әскери бөлімдерінің қатарына коронавирус инфекциясы бар азаматтарды жібермеу. Себебі ондай жағдай болса, әскери бөлімдердің жауынгерлік жағдайына тікелей қауіп төнеді", - деді Өсербаев онлайн брифингте. 

Айтуынша, қала әкімінің шешімімен медициналық комиссияның құрамына инфекционист дәрігер қосылды. Барлық әскерге шақыру пунктінде медициналық бекет қойылды. Ол жерде әрбір азаматтың дене қызуы өлшеніп, әрі қарай онымен инфекционист сөйлеседі. Егер адамның бойында ауру белгілері байқалмаса, ол әскери комиссиядан өткізуге жіберіледі. 

"Әскерге шақырылғандар әскери бөлімге келгеннен кейін он төрт күнге карантинге алынады. Сол жерде олар коронавирусқа ПТР тест тапсырады. Он күн бойы олар әскери дайындықтан өтіп, жауынгерлік өмірге бейімделеді", - деп түсіндірді ол. 

Әскери бөлімдерде сарбаздардың денсаулығын үнемі бақылайтын медициналық қызметкерлер бар. Олар алгоритмге сай жұмыс істейді. 

Әскерге шақыру пунктерінде күніне екі рет дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп тұрады.

1
Кілт сөздер:
карантин, әскери
Тақырып бойынша
Президент әскерилер мен полицейлерді марапаттады
Назарбаев тәуелсіздік алған кезде әскер басқаратын жалғыз генерал тапқанын еске алды
Жаңа бағдарлама: мамырдан бастап әскерилерге баспана алу жеңілдеді
Әскерилер коронавирус індетімен күресуге қауқарлы ма?
2019 жылғы Қазақстанның ең үздік спортшысы әскер қатарына алынды