Архивтегі фото

Жауыздығымен елдің жағасын ұстатқан өгей әке: Кешірші, Әсел

1668
Өгей әке сотта 2 жасар сәбиді не себепті ұрып-соққанын айтып беріп, судьядан жазасын жеңілдетуді сұрады

НҰР-СҰЛТАН, 6 желтоқсан – Sputnik. Алматыда өгей ұлын ұрып өлтірген күдікті кінәсін мойындады. Сот алдында жауап беріп жатқан Жеңіс Құрманғазин екі жасар сәбиді не себепті ұрып-соққанын айтып берді.

Жазасын барынша жеңілдетуге тырысқан өгей әке ісіне өкінетінін жеткізіп, нәрестенің анасынан жалбарынып кешірім де сұрады.

"Әселден кешірім сұраймын. Кешіре алатын болсаң, кешір, Әсел! Шын жүректен, кешірші!", - деді ол.

Айтуынша, сол күні 8 литр сыра ішкен. Сол себепті де, өзімді ұстай алмадым деді сотта алғаш рет сөз алған сотталушы. Ал сәби оған "көтер" деп жылаған екен. Баланың еркелігін көтере алмаған Жеңіс Құрманғазин оны басынан ұрып есінен тандырған. Сыраға сылқия тойған жігіт сонда да тоқтамай, ес-түссіз сәбиді жерге жатқызып қойып, тепкілепті. Жауыздығымен елдің жағасын ұстатқан өгей әке ісіне өкінетінін айтып, судьядан да жазасын жеңілдетуді сұрады, деп хабарлады КТК.

Алматыда баланы өлтірген өгей әкенің сотына бет-аузын тұмшалаған біреу кіріп келді 

Естеріңізге салсақ, жантүршігерлік оқиға қыркүйекте болған. Анасы жұмысқа кетіп, 2 баламен үйде қалған күдікті біреуін өлімші етіп ұрған. Ауыр соққыдан ауруханаға түскен сәби көп ұзамай көз жұмды.

"Кішкентайым оны қатты жақсы көретін. Жанына жатып алатын. Түнгі сағат үште келсе де, ұлым ұйықтамай күтіп отыратын. Қазір оған сенгеніме өкінемін, өмірімді тас-талқан етті. Ана ретінде мен оны кешірмеймін!", - деді баланың анасы Әсел Теңізбаева.

1668
Тақырып бойынша
Өгей әке 5 жасар қызын көміп тастаған жерді көрсетті – видео
Шымкентте 5 жасар бала ауруханада өлді: полиция өгей әкесін ұстады
Айтуға қорыққан: Қызына айуандық жасаған Қарағанды тұрғыны жазасын алды  
Алматыда ер адамның екі жасар өгей ұлын не үшін өлтіргені белгілі болды
Загрузка...