Құжат салынған папка, архивтегі фото

Бұрынғы облыс әкімінің інісі 500 миллион жымқырды деген күдікке ілінді  

3047
(Жаңартылды 08:17 11.12.2019)
СҚО экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жылына шамамен 100 миллион жұмыртқа өндіретін құс фабрикасын тексерді

НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының экс-әкімі Серік Біләловтің інісінің жемқорлыққа қатысы бар болуы мүмкін. Өңірдегі ең ірі құс фабрикасының директоры Ерік Біләлов пен оның бас есепшісі мемлекеттен субсидия ретінде бөлінген 500 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілініп отыр.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда депутат ұсталды 

Облыстағы экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жылына шамамен 100 миллион жұмыртқа өндіретін құс фабрикасын тексергеннен кейін бірден оның басшысы Ерік Сұлтанғазыұлы мен бас есепшісі күдікке ілінді. Олар қазына қаржысын талан-таражға салған көрінеді. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлады КТК.

Ерік Біләловтің екі ағасы да жоғары лауазымды шенеунік болған. Мәселен, Серік Біләлов еңбек жолын осы құс фабрикасында зоотехник болып бастап, кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімі лауазымына дейін көтерілді. Өңірді алты жыл басқарып, Сенатта да депутат болды. Ал генерал Берік Біләлов бұған дейін Ақмола облысы полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған.

"Сомасы 534 миллион теңге. Субсидия ақшасын жымқыру фактісі бар. Бірақ күдіктілер қамауға алынған жоқ. Оларға айып та тағылған жоқ. Сот алды тергеу амалдарынан кейін істің анық-қанығы белгілі болады", - деді СҚО Экономикалық тергеу департаментінің басқарма басшысы Рахым Мақажанов.  

 

3047
Кілт сөздер:
жұмыртқа, жемқорлық
Тақырып бойынша
Министрлер мен әкімдер отставкаға кетеді: Бектенов жаңа заңды түсіндірді
Қазақстандықтарға 10 миллион теңгеге жуық сыйақы беру ұсынылды
Жемқорлардың аты-жөні жұртқа жария етілді – видео
Солтүстік Қазақстанда медициналық колледж директоры сотталып кетті
"Сондай жағдайға жеттік": Батыс Қазақстанда әкімдердің әйелдері наразылық білдірді
Алматыдағы блокбекеттер

Алматыда бүгін түнде блокбекеттер алынады: әкім мәлімдеме жасады

251
Әкім қала тұрғындары мен қонақтарын тазалық пен әлеуметтік ара қашықтықты сақтап, маска киіп жүруге шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Алматыда 31 мамырдан 1 маусымға қараған түні блокбекеттер алынады.

Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желіде хабарлады.

"1 маусымға қараған түні қаланың периметрі бойынша орналасқан блокбекеттерді аламыз. Төтенше жағдай режимі кезінде бұл бекеттер қаладан шығу және қалаға кіруді шектеді. Бұл коронавирустың таралуын тоқтату үшін қажет болды", - деп жазды ол Instagram-да.

Сағынтаев полиция, санитарлық қызмет, фито және ветбақылау қызметкерлеріне, аудандық әкімдіктер мен ұлттық гвардия, қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілеріне 2,5 ай ішінде атқарған жұмыстарына алғыс айтты.

Қала әкімі кәсіпорындар мен ұйымдарда санитарлық қауіпсіздік күшейтілгенін атап өтті. Үйлерге, аула алаңдары мен көшелерді залалсыздандыру жүргізілуде.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда пойыз билеттері сатыла бастады

Ол азаматтарды тәртіпке бағынып, тазалық пен әлеуметтік ара қашықтықты сақтап, маска киіп жүруге шақырды.

"Бұл қазіргі өмірдің қалыпты нормасына айналуы тиіс", - деді Сағынтаев.

Айта кетсек, 1 маусымнан бастап ел ішінде жолаушылар пойыздары қатынайды. Ал 5 маусымнан қалааралық автобустар жолға шыға бастайды.

251
Кілт сөздер:
Бақытжан Сағынтаев, Алматы
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Фонтан, бала

Қырық градус ыстық болады: ертеңге ауа райы болжамы

349
31 мамырда республиканың басым аумағында ауа райы жауын-шашынсыз, күн ыстық болады. Өңірлерде дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Қазақстан аумағында 31 мамырда ауа температурасы 41 градусқа дейін көтеріледі. Нұр-Сұлтанда жел күшейеді деп болжанып отыр. Қазгидромет жекелеген өңірлерде дабылды ескерту жариялады.

Қырық градус ыстық

Күндіз Қызылорда облысында 41 градусқа дейін аптап ыстық болады, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады.

Түркістан облысында да – 40 градус ыстық, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жел тұрады. Түркістанда сынап бағанасы 40 градусқа дейін көтеріледі.

Қарағанды облысында 31 мамыр мен 2 маусым аралығында 35-39 градус ыстық күтіледі.

Тағы оқыңыз: Жаңбыр, бұршақ жауып, ыстық болады: маусымға ауа райы болжамы жарияланды

Қостанай облысында да аптап ыстық болжануда - 35-38 градус.

Қатты жел

31 мамыр күндіз Ақмола облысында желдің екпіні 15-20 м/с дейін барады.

Нұр-Сұлтанда оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-18 метрге жетеді.

Мегаполистердегі ауа райы

Қазақстан астанасында сынап бағанасы 31-33 градусты көрсетеді деп күтілуде, көшпелі бұлт шығады, күн ашық. Желдің екпіні – 15-18 м/с.

Алматыда да ауа райы жауын-шашынсыз, 29-31 градус ыстық.

Шымкентте күн ашық, күндіз ауа температурасы 34-36 градусқа дейін жоғарылайды.

349
Кілт сөздер:
ыстық, ауа райы болжамы