Өңірлер

Синоптиктер елорда мен тағы жеті өңірде дабылды ескерту жариялады

© Sputnik / Асем МиржекееваМетель в Астане
Метель в Астане  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синоптиктер 12-14 желтоқсан күндері елдің басым бөлігінде күн суытатынын хабарлады. Кей өңірлерде тұман түсіп, жел күшейеді

НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан – Sputnik. Көпжылдық орташа температурадан 4-10°С -қа жоғары болған ауа райы қалыпты желтоқсан айындағы температураға ауысады. Батыстан келген ауа массалары солтүстік-батысқа өзгереді. 

"Қазақстанға Баренц теңізінен суық арктикалық ауа келеді. Соның әсерінен елдің басым бөлігінде ауа райы суытады. Қар жауып, қатты тұман, көктайғақ болады. Солтүстік өңірлерде боран соғады", - деді Қазгидрометтің инженер-синоптигі Айнұр Қайынбаева.

Дабылды ескерту

12 желтоқсанда Атырау облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 85-90 %

12 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман және көктайғақ болады. Күндіз солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.

Ақмола облысында да тұман және көктайғақ. Жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. z

Түркістан облысының басым бөлігінде, Шымкент қаласында 12 желтоқсанда кей уақытта тұман түседі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.

Тағы оқыңыз: Синоптиктер қазақстандықтарды қандай қыс күтіп тұрғанын айтты

Қостанай облысында қар жауады. Тұман, боран және көктайғақ болады.

12 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында күндіз қар жауады. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Петропавл қаласында күндіз қар, бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады,Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %.

Елордада ертең тұман сақталады. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 85-90 %.

Ірі қалалардағы ауа райы 

Елордада 12 желтоқсанда күндіз қар жауады, кей уақытта тұман болады. Түнде ауа температурасы -7-10 градус , күндіз 0 градус шамасында. 13 желтоқсан күні күн бұлтты. Түнде -5-7, күндіз -3-5 градус нөлден төмен. 14 желтоқсан күні кей уақытта қар жауады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы - 9-14 м/с. Түнде -8-10, күндіз -6-8 градус. 

Алматыда 12 желтоқсан күні түнде 0-2 градус нөлден төмен, ал күндіз +8+10 градус. 13 желтоқсан күні жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы 0-2 градус, күндіз плюс 6-8. 14 желтоқсанда секундына 0-5 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде -1-3, күндіз сынап бағанасы +1+3 градусқа дейін көтеріледі. 

Шымкент қаласында 12 желтоқсан күні жауын жаууы мүмкін. Түнде +1+3, күндіз +6+8 градус жылы. 13 желтоқсанда оңтүстік-батыстан соққан жел шығысқа ауысады, екпіні 8-13, кей жерлерде 15-20 м/с-ке жетеді. Түнде +1+3, күндіз плюс 3-5 градус. 14 желтоқсан күні түнде -2-4, күндіз +1+3 градус жылы болады.

Жаңалықтар
0