Шымкент көшесі

Ресейлік танымал актриса Шымкент туралы айтты - видео

3619
"Россия" телеарнасының жүргізушісі Ольга Кузьмина "По секрету всему свету" бағдарламасымен Шымкент қаласында болды

НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар — Sputnik. "Россия" телеарнасының жүргізушісі Ольга Кузьмина "По секрету всему свету" бағдарламасымен Шымкент қаласында болды. Ол қалың жұртшылыққа "Кухня" комедиялық фильмі арқылы танылған болатын.

"Азия Техасы – Шымкент тұрғындары өз қалаларын осылай атайды. Бұл Қазақстанның ең қарқынды өсіп келе жатқан аумағы бойынша ең ірі қаласы. Ал оның негізі қаланған уақытқа байланысты әлі де дау басылар емес. Бірі 12 ғасыр десе, енді бірі 6 ғасыр деп отыр", - деді тележүргізуші.

Шымкентте Ольга Кузьмина киіз бас киімді өз қолымен жасап көрді. Бүркітшімен танысып, құстарды жарысқа қалай дайындайтынын білді. Сондай-ақ, музыкант, философ, қыштан түрлі зат жасайтын Кендебай Қарабдаловпен жүздесті. Ол қазақтың дәстүрлі күйіктас өнерін жандандырған адам, деп хабарлайды Отырар.

3619
Кілт сөздер:
видео, тележүргізуші, Шымкент, Ресей, актриса
Тақырып бойынша
"Сонда біз кімбіз?": Шымкент әкімдігінде күтпеген жағдай болды
Шымкент зообағында жас жігіт жирафқа мініп алды - видео
Тоқаев Шымкент әкімі "болмай қалған" шенеунікті басқа қызметке тағайындады
Шымкент маңындағы жол апаты: оқиға орнында түсірілген видео жарияланды
Шымкент әкімі тойды кредитке өткізуге қатысты пікір білдірді
Әлеуметтік желі, архивтегі фото

Арыста танысының үйінде қонақта болған жігіт ұятқа қалды

103
"Samsung" және "Nokia" телефондарын ұрлаған Арыс қаласының тұрғыны, жәбірленушінің танысы болып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Арыс қаласының полицейлері екі ұялы телефон ұрлаған ұрыны ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Арыс қаласының тұрғыны полицияға арызданып, үйінен "Samsung" және "Nokia" маркалы екі ұялы телефоны ұрланғаны жөнінде хабарлаған. Бұл жайт Қазақстан Қылмыстық кодексінің "Ұрлық" бабы бойынша тіркелді.

Арыс АПБ жедел-тергеу тобының қызметкерлері бірден оқиға орнына шықты. Полиция қызметкерлері жақын маңдағы аумақтарды аралап, куәгерлерден жауап алды.

Оқи отырыңыз: Өзен бойында демалып жүрген қария 130 мың теңгесін ұрлатты 

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Арыс аудандық полицейлері телефон ұрлаған күдіктіні ұстады. Ол бұрын сотты болған Арыс қаласының тұрғыны, жәбірленушінің танысы болып шықты.

Анықталғандай жігіт жәбірленушімен бірге ішімдік ішкеннен кейін, ұялы телефондарын жымқырып, қылмыс орнынан қашып кеткен. Содан кейін ұрланған телефондарды сатып, ақшасын өз қажеттілігіне жұмсап жіберген. Айғақ зат ретінде ұрланған ұялы телефондар тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылды.

Ұялы телефондарды ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

103
Кілт сөздер:
телефон, қонақ
Тақырып бойынша
Астанада балалар арбасынан әмиян ұрлаған қыз видеоға түсіп қалды
Сегіз кредит жапқан: қомақты қаржы ұрлаған Қазақстан азаматы Ресейде ұсталды
Қостанай облысында шұжықтың көмегімен 12 миллион теңгенің ұрлығы ашылды
Ұлының еміне жиналған қаржыдан көз жазып қалған әйел қайтыс болды
Құжат, қол қою

Полиция Түркістан облысы тұрғынының заңсыз әрекетін әшкереледі

165
(Жаңартылды 11:13 05.08.2020)
Аудандағы тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылып, барлық қажетті тексеру жұмысы жүргізілді

АЛМАТЫ, 5 тамыз – Sputnik. Түркістан облысында бес тұрғынның ақшасын есепшотынан шешіп алған пошта қызметкері ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz порталы.

"Келес ауданы полиция бөліміне екі тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдердің айтуынша, оларға мемлекет тарапынан бөлініп, есепшоттарына түскен атаулы әлеуметтік жәрдемақының бір бөлігін белгісіз біреу шешіп алған. Алаяқ екі әйелдің 300 000 теңгеден астам қаражатын заңсыз иемденді", - делінген ақпаратта.

Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 189-бабы бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізілді.

Аудандағы тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылып, барлық қажетті тексеру жұмысы жүргізілді. Нәтижесінде полиция осы қылмысқа қатысты күдіктінің жеке-басын анықтады. 

"Күдікті жергілікті тұрғын поштаның бұрынғы қызметкері болып шықты. Тергеу барысында күдікті пошта бөлімшесінде жұмыс істегенде өзі қол қойып, тұрғындардың ақшасын шешіп алғаны анықталды. Сонымен қатар күдіктінің осыған ұқсас тағы үш жайтқа қатысы бар екені белгілі болды", - деп хабарлады полиция.

Тағы оқыңыз: Полиция Шымкентте болған қылмысқа қатысты ақпарат жариялады - видео

Күдікті кінәсін толық мойындап отыр. Ол жәбірленушілердің 1,5 миллион теңгеге жуық ақшасын есепшоттарынан заңсыз алып, өз қажеттілігіне жаратып жіберген. 

Күдікті қазір қолхатпен босатылды. Өзінің қызметін пайдалана отырып, жалған құжаттармен өзгенің сеніп тапсырған ақшасын иемденді деген күдікке ілінген азаматқа қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

165
Кілт сөздер:
алаяқтық, тұрғын, полиция, Түркістан облысы
Тақырып бойынша
Түркістан облысында жанжалдың немен аяқталғаны белгілі болды
Шымкентте төрт адамды өлтіріп кетті
Полиция Түркістан облысындағы жағдай туралы ақпарат таратты
Шымкентте түсірілген видео жұрттың жағасын ұстатты - полиция түсініктемесі
Түркістан облысында той болып жатқан үйге шақырылмаған "қонақтар" кіріп келді
Теңге, архивтегі фото

Еңбек министрлігі 21 250 теңгеге қатысты ақпарат жариялады

326
(Жаңартылды 21:23 05.08.2020)
Жақын арада ақшалай қаражат азаматтардың шоттарына аударылады, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Қазақстан аумағында карантиннің 2 аптаға созылуына байланысты біржолғы төлем алатын 969,5 мың адамға қосымша 21 250 теңге төленді.

"Осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр. Жақын арада ақшалай қаражат азаматтардың шоттарына аударылады", - деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Бұған дейін хабарланғандай, 2020 жылдың шілдесінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлем алған қазақстандықтарға карантиннің ұзартылуына байланысты қосымша ақы автоматты түрде тағайындалады. Қайта өтініш берудің қажеті жоқ.

Карантин ұзартылғаннан кейін біржолғы төлем тағайындауға алғаш рет өтініш берген азаматтарға төлем 1,5 ең төменгі жалақы немесе 63 750 теңге (42 500 + 21 250 теңге) мөлшерінде тағайындалады.

Өтініш 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қабылданады.

Оқи отырыңыз: Ақорданың маңына жиналған бір топ адам кредиттің кешірілуін талап етті 

Айта кетейік, шілде айына 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2,4 миллионнан астам өтініш қабылданды. Төлем 2 миллион 201 мың адамға тағайындалып, оның 2 миллион 182 мыңына ақша түсті.   

Ал 42 500 теңге төлем алуға өтінімдер бірнеше жолмен қабылданады. 2,4 миллионнан астам өтінімнің ішінде 835,5 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді.

"Тағы 621,4 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар, 358,7 мың адам 42500.enbek.kz порталы, 634,8 мың адам екінші деңгейлі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген", - деп нақтылады ведомство.

326
Тақырып бойынша
Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
"Қалай құдайдан қорықпайды?": Әбілдина кімге сенуге болмайтынын айтты
Депутат 42 500 теңге төлеуге қатысты тың ұсыныс жасады
Министрлік тамыз айында кімдер 63 мың теңге алатынын айтты
Қазақстанда қанша адамға 21 250 теңге берілетіні белгілі болды