Әйел, иллюстративті фото

Атырауда табылған тастанды сәбидің анасы ұсталды

10561
Атырауда жаңа туған қызды аязды күні далаға тастап кеткен Батыс Қазақстан облысының тұрғыны болып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Бүгін полицейлер Атырауда жасырын босанып, нәрестені далаға тастап кеткен әйелдің кім екенін анықтап, ұстады.

Полицейлер ұсталған келіншектің 22 жастағы Батыс Қазақстан облысының тұрғыны екенін хабарлады, деп жазды "Мой ГОРОД".

Бойжеткен босанғанын жасыру үшін Атырауға келген секілді. Нәресте үйде туған, содан кейін анасы оны далаға алып шыққан.

Оқи отырыңыз: Атырауда аязды күні даладан нәресте табылды

Оқиға 15 қаңтар күні таңертең болды. "Авангард-3" шағын ауданында қала тұрғыны жаңа туған баланы тауып алған. Әйел сәбиді үйіне апарып, жедел жәрдем шақырған. Бала қатты тоңып қалған.

Кейінірек сол күні туған күні болған Атырау ауруханасының реаниматолог дәрігері Ғалым Ембергенов сәбиге Ұлдана деп атқа қойғаны белгілі болды.

10561
Кілт сөздер:
Атырау, тастанды
Тақырып бойынша
Алматы облысында нәрестені пакетке салып, шарбаққа іліп кеткен
13 тастанды балаға қамқор болған отбасы қандай қиындыққа тап болғанын айтты - фото
Қостанайда баласын шелекке тастап кеткен әйелдің аналық сезімі оянды
Ақтөбелік жігіт тастап кеткен анасын іздеп тапқанына өкініп қалды
Ақтөбелік 5 жасар қыздың тағдыры қазақстандықтардың назарын аударды
Тұрғындар, жаз

Аптап ыстық болады - бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

179
(Жаңартылды 23:33 27.05.2020)
Синоптиктер бейсенбі, 28 мамыр күні Қазақстанның алты өңірінде аптап ыстық болып, жел күшейетінін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр - Sputnik. Қазгидромет синоптиктері бейсенбі күні ауа райы қандай болатынын айтты.

Елдің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Солтүстік, солтүстік-батыста циклон әсерінен дауыл болып, жауын, бұршақ жаууы мүмкін.

Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстік, оңтүстік-шығыста - шаңды дауыл, солтүстікте - тұман.

Дабылды ескерту

28 мамырда Қызылорда облысында аптап ыстық болады, плюс 41 градус, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с, шаңды дауыл.

Алдағы екі күнде Солтүстік Қазақстан облысында тұман болып, күн күркірейді. 29 мамырда күндіз бұршақ жауады, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.

Түркістан облысында шаңды дауыл болады, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с. Күндіз сынап бағанасы 40 градусқа дейін көтеріледі.

Өңірлердегі ауа райы

Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облысында аптап ыстық болады.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облысында өрт қаупі жоғары болады. 

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада түнде плюс 8-10 градус, күндіз 24-26 градус жылы.

Алматыда түнде 17-19 градус жылы, күндіз сынап бағанасы 28-30 градусқа дейін көтеріледі.

Шымкентте түнде плюс 20-22 градус, күндіз 35-37 градус ыстық.

179
Кілт сөздер:
синоптиктер, ауа райы, мамыр
Түркістан қаласының қақпасы

Түркістан облысында карантин режимі ұзартылды

234
(Жаңартылды 18:26 27.05.2020)
Карантин талаптарын сақтамағандарға айыппұл салынып, ал заңға бағынбаған кәсіпкерлерге жаза қолданылады

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Түркістан облысында қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі 8 маусымға дейін ұзартылды. Бұл туралы аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев онлайн брифингте айтты деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Осыған орай өңірде бірқатар шектеулер сақталады.

"Ауа арқылы тез тарайтын бұл дерттің әзірге нақты вакцинасы жоқ. Өкінішке қарай, COVID-19 инфекциясының барына күмән келтіретін адамдар көшеде қыдырып, туған-туысының үйіне барып жүр. Балалар да аулада бірге ойнап, бір-бірімен тығыз байланыс жасауда. Бұл дұрыс емес", – деген облыс әкімі дәрігерлер қауымының күн-түн демей вирусты жеңу жолында талмай еңбек етіп жатқанын атап өтті.

Қазіргі кезде індет облыс көлемінде, әр ауданда кеңінен тарап жатыр.

"Отбасымыздың, туған-туыстың, ата-анамыздың амандығын ойласақ әлі де карантин режимін сақтауымыз қажет. Карантин талаптарын сақтамағандарға айыппұл салынады. Құқық қорғау органдарына арнайы жиналыс жасап, тапсырдым. Заңға бағынбаған кәсіпкерлерге жаза қолдану керек", – деді Шөкеев онлайн брифинг барысында.

Айта кетейік, облыста 337 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталды. Оның ішінде 189 адам ауруынан айығып, үйлеріне оралды. Бір адам індет салдарынан көз жұмды.

Түркістан облысындағы карантин режимі

12 мамыр күні Түркістан облысында карантин режимі 25 мамырға дейін ұзартылғанын облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов мәлімдеді.

Осыған орай, қоғамдық және демалыс орындары, саябақтар жұмысын бастағанымен, спорттық, мәдени іс-шаралар өткізілмейді. Азық-түлік базарларының жұмысы таңғы сағат 10.00 мен кешкі 17.00 арасында жалғасса, киім-кешек, өзге де заттар сататын дүкендер дезинфекция жұмыстарын күшейтілген режимде жүргізе отырып, таңғы 9.00-20.00 аралығында істейді.

Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің 50 проценті жұмысты қашықтықтан жалғастырады.

Оқи отырыңыз: Тоқаев карантин жайлы: халық біртіндеп үйінен шығуы керек

Халыққа қызмет көрсету қызметі орталығы мен екінші деңгейлі банктер, "Қазпошта" бөлімшелері қазіргі таңда жұмысын бастады. Демалыс орындары, қонақ үйлер, туристік нысандарға санитарлық талаптарды сақтаған жағдайда жұмысын жүргізуге рұқсат етіледі.

234
Кілт сөздер:
Өмірзақ Шөкеев, төтенше жағдай, карантин, Түркістан облысы
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Тоқаев карантин кезінде қандай кітаптар оқып жатқанын айтты
Тоқаев елдегі карантин талаптары қалай жеңілдетілетінін айтты
Түркістан облысында карантин мерзімі ұзартылды
Тоқаев: Карантин шараларының жаңа тәсілдері енгізіледі  
Тоқаев: Карантин өңірлерде біртіндеп алынады
Депутаттар, отырыс

Парламенттік оппозиция туралы заң президентке жіберілді   

0
Заң жобасы президенттің ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында ұсынған бірқатар саяси реформа аясында әзірленген

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр - Sputnik. Сенаторлар парламенттік оппозиция туралы заң жобасын бірауыздан мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгінгі отырыста сенаторлар екі заң жобасын қарастырды. Біреуі парламент комитеттерi мен комиссиялары туралы болса, екіншісі парламенттік оппозиция мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізуге арналды. Депутаттар екі заңды да бірауыздан қабылдады. 

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, заң жобалары президенттің ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында ұсынған бірқатар саяси реформа аясында әзірленді. 

"Соған сәйкес, елімізде демократиялық үрдістерді ары қарай дамыту мақсатында қолданыстағы заңнамаға "парламенттік көпшілік" және "парламенттік оппозиция" кіргізіліп отыр. Заңмен мәжіліске сайланатын парламенттік оппозицияның өкілеттіліктері және олардың жұмысын қамтамасыз ету тетіктері нақты айқындалды. Мемлекет басшысының ұсынысымен қабылданған жаңа заңнамалық нормалар елімізде парламенттік оппозицияға кепілдік береді және Қазақстандағы кәсіби парламентаризмнің жаңа кезеңіне жол ашады деп сенеміз", - деді Әшімбаев.

Парламенттік оппозиция қалай жұмыс істейді?

Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтің айтуынша, парламенттік оппозиция парламенттік көпшілікке енбейді. Ал саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелерге қатысты басқа позицияны ұстанады. 
Заң жобасында парламенттік оппозицияға мынадай құқықтар беріліп отыр:

  • бір сессия ішінде кемінде бір рет мемлекет пен қоғамның тыныс-тіршілігіне қатысты өзекті мәселелер бойынша парламенттік тыңдау өткізуге бастамашылық жасау;
  • парламенттік сессияда кемінде екі рет үкімет сағаттарының күн тәртібін белгілеу;
  • оппозиция мақұлдамайтын үкіметтік заң жобаларына альтернативті заң жобаларын енгізу.

Сонымен қатар, оппозициялық фракциялардың басшылары немесе өкілдері парламент палаталарының бірлескен отырыстарында, мәжілістің жалпы отырыстарында, тұрақты комитеттердің, жұмыс топтарының отырыстарында, парламенттік тыңдаулар мен басқа да шараларда сөз сөйлей алады.

Ал осы заңға ілеспе заң жобасы бойынша мәжілістің бір тұрақты комитетінің төрағасы тек оппозиция депутаттарының арасынан сайланады. Мәжілістің екі тұрақты комитетінің хатшыларын да парламенттік оппозиция ішінен сайлау ұсынылып отыр.

 

0