ҰБТ, архив

Атырау облысында емтихан кезінде оқушы қыздың анасы қайтыс болды

2317
Құлсарыда демалыс күндері ақылы ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілген, емтихан кезінде оқушылардың бірінің анасы көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. Атырау облысында ақылы ҰБТ-ға кірген қызы үшін уайымдаған 56 жастағы әйел кенеттен қайтыс болды, деп хабарлайды "Ақ Жайық" сайты.

Бұл оқиға өткен демалыс күндері Құлсары қаласында болды. Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, ақылы ұлттық бірыңғай тестілеуге кірген қыздың ұялы телефонын алып қойған. Содан анасы қатты уайымдайды. Жылыой аудандық жедел жәрдем бөлімі 56 жастағы әйелдің кенеттен қайтыс болғанын растады.

"Бұл хабар жедел жәрдемге күндіз сағат 13:50-де түскен. Дәрігерлер бригадасы бірден келіп жетті. Алайда әйелді құтқара алмады. Өлімнің себебі анықталып жатыр", - деді бөлім меңгерушісі Ғалия Қалиева.

Аудан әкімінің орынбасары Әнуар Шәкіров те осы оқиға бойынша пікір білдірді.

"Өкінішке қарай, қыздың анасы қайтыс болды. Қылмыстық іс қозғалмады. Себебі қылмыстық құрам жоқ. Осы оқиғаға қатысты әртүрлі әңгіме тарап жатыр. Бірақ Құлсарыдағы ұлттық бірыңғай тестілеу кесте бойынша екі күн болды. Оқушыларға ешқандай қысым жасалған жоқ", - дейді Шәкіров.

Тағы оқыңыз: Атырауда табылған тастанды сәбидің анасы ұсталды

 

2317
Кілт сөздер:
ҰБТ, Атырау
Тақырып бойынша
Желіні шулатқан видео: Атырауда болған сұмдық жағдайға қатысты тергеу басталды
"Қарғыс атсын!": Ақтөбеде сот үкімін тыңдаған марқұмның анасы жылап қалды
Анасы танымай қалды: Қыздың өмірге деген құштарлығы жұртты таңғалдырды
Ата-анасы әдейі азаптаған балаға көршісі көмектесті: оқиғаның мән-жайы
Атырауда бес жасар баланы зорлап кетті
Атырауда жантүршігерлік қылмыс жасаған отбасының ісіне қатысты тың дерек шықты
Атырауда олимпиададан келе жатқан оқушылар апатқа ұшырады – видео
Алматыдағы блокбекеттер

Алматыда бүгін түнде блокбекеттер алынады: әкім мәлімдеме жасады

368
Әкім қала тұрғындары мен қонақтарын тазалық пен әлеуметтік ара қашықтықты сақтап, маска киіп жүруге шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Алматыда 31 мамырдан 1 маусымға қараған түні блокбекеттер алынады.

Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желіде хабарлады.

"1 маусымға қараған түні қаланың периметрі бойынша орналасқан блокбекеттерді аламыз. Төтенше жағдай режимі кезінде бұл бекеттер қаладан шығу және қалаға кіруді шектеді. Бұл коронавирустың таралуын тоқтату үшін қажет болды", - деп жазды ол Instagram-да.

Сағынтаев полиция, санитарлық қызмет, фито және ветбақылау қызметкерлеріне, аудандық әкімдіктер мен ұлттық гвардия, қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілеріне 2,5 ай ішінде атқарған жұмыстарына алғыс айтты.

Қала әкімі кәсіпорындар мен ұйымдарда санитарлық қауіпсіздік күшейтілгенін атап өтті. Үйлерге, аула алаңдары мен көшелерді залалсыздандыру жүргізілуде.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда пойыз билеттері сатыла бастады

Ол азаматтарды тәртіпке бағынып, тазалық пен әлеуметтік ара қашықтықты сақтап, маска киіп жүруге шақырды.

"Бұл қазіргі өмірдің қалыпты нормасына айналуы тиіс", - деді Сағынтаев.

Айта кетсек, 1 маусымнан бастап ел ішінде жолаушылар пойыздары қатынайды. Ал 5 маусымнан қалааралық автобустар жолға шыға бастайды.

368
Кілт сөздер:
Бақытжан Сағынтаев, Алматы
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Фонтан, бала

Қырық градус ыстық болады: ертеңге ауа райы болжамы

377
31 мамырда республиканың басым аумағында ауа райы жауын-шашынсыз, күн ыстық болады. Өңірлерде дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Қазақстан аумағында 31 мамырда ауа температурасы 41 градусқа дейін көтеріледі. Нұр-Сұлтанда жел күшейеді деп болжанып отыр. Қазгидромет жекелеген өңірлерде дабылды ескерту жариялады.

Қырық градус ыстық

Күндіз Қызылорда облысында 41 градусқа дейін аптап ыстық болады, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады.

Түркістан облысында да – 40 градус ыстық, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жел тұрады. Түркістанда сынап бағанасы 40 градусқа дейін көтеріледі.

Қарағанды облысында 31 мамыр мен 2 маусым аралығында 35-39 градус ыстық күтіледі.

Тағы оқыңыз: Жаңбыр, бұршақ жауып, ыстық болады: маусымға ауа райы болжамы жарияланды

Қостанай облысында да аптап ыстық болжануда - 35-38 градус.

Қатты жел

31 мамыр күндіз Ақмола облысында желдің екпіні 15-20 м/с дейін барады.

Нұр-Сұлтанда оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-18 метрге жетеді.

Мегаполистердегі ауа райы

Қазақстан астанасында сынап бағанасы 31-33 градусты көрсетеді деп күтілуде, көшпелі бұлт шығады, күн ашық. Желдің екпіні – 15-18 м/с.

Алматыда да ауа райы жауын-шашынсыз, 29-31 градус ыстық.

Шымкентте күн ашық, күндіз ауа температурасы 34-36 градусқа дейін жоғарылайды.

377
Кілт сөздер:
ыстық, ауа райы болжамы
Блокбекеттердегі полицейлер

"Оңай болған жоқ": министр блокбекеттерде жұмыс істеген полицейлерге алғыс айтты

8
Ішкі істер министрлігінің басшысы 1 маусымнан бастап блокбекеттер алынса да, санитарлық талаптар мен қауіпсіздік шаралары қатаң сақталуы тиіс екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев блокбекеттерде жұмыс істеген полицейлерге ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Polisia.kz.

"Бүкіл әлем коронавирус пандемиясымен күресуде. Қазақстан да қалыс қалған жоқ. Дер кезінде қабылданған шаралардың, дәрігерлер, полицейлер, әскерилер мен еріктілердің жанкештілігінің, сондай-ақ, халықтың жауапкершілігі мен тәртіптілігінің арқасында еліміз осы кезеңнен аз шығынмен өтуде", – деді ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қызмет және бөлімше басшыларымен өткен селекторлық кеңесте.

Министр президенттің тапсырмасымен ішкі істер органдарының барлық күші қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін сақтауға, карантин шараларын қамтамасыз етуге бағытталғанын айтты.

52 мыңнан астам қызметкер блокбекеттерде үздіксіз қызмет атқарды. Олардың арасында полицейлер, құтқарушылар, әскери қызметшілер және ішкі істер органдарының медицина қызметкерлері бар.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда блокбекеттер алынып, қалааралық автобустар жолға шығады

Ішкі істер министрлігінің ақпаратынша, өзін-өзі оқшаулау және шектеу режимі кезеңінде қабылданған шаралардың арқасында елдегі қылмыс 26%–ке төмендеді. Полиция мен министрліктің басқа да күштері мұндай ерекше режимде алғаш рет жұмыс істеді.

"Оңай болған жоқ. Тәулік бойы жұмыс істеу, казармалық жағдай, үй мен отбасынан жырақта болу, кейбір азаматтардың түсінбеушілігі мен қарсылығы үлкен психологиялық және физикалық жүктемелер тудырды. Бірақ біздің қызметкерлеріміз 78 күн бойы ел басшылығы қойған міндеттерді нақты орындай отырып, қызмет өткеруді жалғастырды", – деді Тұрғымбаев.

Қызметтік міндеттерін адал орындағаны, блокбекеттерде коронавирустық инфекциямен күрес жөніндегі шараларға тікелей қатысқаны үшін министрдің бұйрығымен ерекше көзге түскен қызметкерлер грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Тағы оқыңыз: "Ешқайда шықпайды": пойыздағы жаңа тәртіп туралы айтылды

Министр, сондай-ақ, қауіп-қатер аймағында жүрген полицейлерге маска мен  комбинезондар дайындаған сотталғандарға да алғыс айтты.

"Елді мекендер арасындағы блокбекеттер алынып тасталады. Бірақ бұл қауіп жоқ дегенді білдірмейді. Азаматтарға санитарлық талаптармен қатар сақтық шараларын қатаң сақтау керек", – деді Тұрғымбаев.

Еске салсақ, карантин режимі кезінде елде 400-ге жуық блокбекет жұмыс істеді, оған 6 мыңға жуық қызметкер тартылды. Осы кезең ішінде блокбекеттерде 3,2 миллионнан астам көлік және 5 миллион жолаушы тексерілді.

8
Кілт сөздер:
Ішкі істер министрлігі, коронавирус, төтенше жағдай
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин