Әйел, сотталушы

Қызылордалық әйелдің күйеуіне жасаған қулық-сұмдығы әшкере болды

9982
(Жаңартылды 09:59 23.01.2020)
Төрт баланың анасы бұған дейін сотталған Түркістан облысының тұрғынына қомақты қаражат беретінін айтқан. Ол ер адамнан өзінің жоспарын жүзеге асыруға көмек сұрапты

НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар — Sputnik. Қызылордада өзінің күйеуін өлтіруге тапсырыс берген әйелге сот үкімі шықты.

Төрт баланың анасы бұған дейін сотталған Түркістан облысының тұрғынына жиырма мың доллар ақша беретінін айтқан. Ол өзінің бұрынғы күйеуінен осылайша құтылуды жоспарлапты.

Алайда бұған келіскен ер адам облыстық полиция департаментіне барып, мән-жайды айтып берді.

Тәртіп сақшылары ер адамға жоспар іске асқандай сыңай танытуды тапсырды. Сондықтан ер адам әйелге күйеуін өлтіргенін хабарлаған. Дәлел ретінде айналасы қан болып жатқан күйеуінің суретін жіберіпті.

Тағы оқыңыз: Әйелдің Жаңа жыл түнінде жасаған сұмдық қылмысы әшкере болды

Әйел оған жолға 10 мың теңге беріп, қалған ақшаны күйеуінің мүлкі мұраға келген кезде өтейтінін айтқан. Сотта әйел өзінің кінәсін мойындаған жоқ.

"Қылмысты дайындағаны үшін қолданылатын жаза бапта көрсетілген максималды мерзімнің жартысынан көп болмауы тиіс. Егер 20 жыл беру қарастырылған болса, оның жартысы 10 жыл болады. Ал қылмыстық жазаны жеңілдететін жағдайлар болса, жаза уақыты баптағы ең ұзақ мерзімнің төрттен үш бөлігі. Сот үкіміне сәйкес, әйел 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды", - деді қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасы Асхат Сабыров.

 

9982
Кілт сөздер:
әйел, Қызылорда
Тақырып бойынша
"Естігенде есеңгіреп қалдым" Ақтөбелік әйел күйеуі жайлы сұмдықты жайып салды
Әйел күйеуі мен оның көңілдесін жалаңаш күйінде ағашқа байлап тастады
Оралда ата-анасын күйеуі атып кеткен әйел оқиғаның қалай болғанын айтты
"Ол ешқашан тоқтамайды": оралдық әйел күйеуі туралы шындықты жайып салды
Нұр-Сұлтанда күйеуі өртеп жіберген әйел көз жұмды
Загрузка...