Полиция

Елімізде бірнеше полиция қызметкері ұсталды - видео

4832
(Жаңартылды 17:26 23.01.2020)
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет еліміздің бірқатар аймағында полиция қызметкерлерінің арасында жемқорлық фактілерін анықтады

НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар — Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ішкі істер министрлігінің жеке қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, бірнеше облыста ІІМ қызметкерлері арасында жемқорлық фактілерінің алдын алды.

Батыс Қазақстан облысында патрульдік полицияның бірқатар қызметкері, атап айтсақ, взвод командирі мен полиция капитаны арасындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алды.

Олар жол ережесін бұзған азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінді. Взвод командирі ұсталып, Орал қаласының уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Сол сияқты, Шымкент қаласында жол ережесін бұзған азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін 130 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін қалалық патрульдік полиция қызметінің полиция лейтенанты күдікке ілінді.

Алматы облысында Талдықорған қаласы полиция басқармасының аға тергеушісі, полиция капитанының қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылдағаны үшін азаматтан 50 мың теңге пара алуына қатысы тексерілуде.

Тағы оқыңыз: Алматылықтар мен Қытай жастары жанжалдасып қалды: полиция түсініктеме берді

Маңғыстау облысында пробациялық бақылаудағы тұлғадан жалпы қамқорлық пен қоғамдық жұмысқа тартпауға 60 мың теңге пара алғаны үшін Мұнайлы ауданы пробация қызметінің бөлім басшысына қатысты тергеу жүргізілуде.

Күдіктілерге қатысты соңғы шешімді кінәсінің дәрежелерін анықтай отырып сот шығарады.

4832
Кілт сөздер:
ұсталды, полиция, Қазақстан
Тақырып бойынша
Алматы облысында сабаққа бара жатқан екі қыз жоғалып кетті – оқиғаның мән-жайы
Қызылордалық әйелдің күйеуіне жасаған қулық-сұмдығы әшкере болды
Жоғалған оқушы қыздар Алматыдағы жалдамалы пәтерден табылды
Құтқарушылар астаналықтарды жұмыстан ертерек босатуды сұрады
Полицейді капотында тасыған: шымкенттік жүргізушінің қылмысы видеоға түсіп қалды
Загрузка...