Бала

Шығыс Қазақстанда із-түзсіз жоғалған бала табылды

1112
(Жаңартылды 15:01 26.01.2020)
Шығыс Қазақстан облысында із-түзсіз жоғалған тоғыз жастағы бала табылды, дейді полиция департаменті

НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар – Sputnik. Полиция қызметкерлері із-түзсіз жоғалып кеткен тоғыз жастағы ұлды тапты. Ол аман-сау, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Баланы іздестіру жұмысы сәтті аяқталды. Ол бүгін таңертең Бобровка ауылының көшелерінің бірінен табылды. Қазір тәртіп сақшылары ұлдың осы уақытқа дейін қайда болғанын анықтап жатыр. Полицейлер баланы ата-анасына тапсырды. Оны дәрігерлер тексерді, оқушының өміріне ешқандай қауіп жоқ", - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Елордада жоғалған бала Қостанай облысынан табылды

Құқық қорғаушылардың мәліметінше, екі күн бойы Семей маңындағы Бобровка ауылында іздестіру жұмыстары жүргізілген. Одан кейін ауыл жанындағы аумақ та қамтылған. Адамдар мен техника барынша көп жұмылдырылған екен.

Екінші сынып оқушысы 24 қаңтар күні таңертең Бобровка ауылында дүкенге шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен болатын.

1112
Кілт сөздер:
табылды, бала, Шығыс Қазақстан
Тақырып бойынша
Арыстағы жарылыс: министрлік жоғалған балалар туралы айтты
Үйлену тойына үш күн қалғанда күйеу жігіт ізім-ғайым жоғалып кетті
Он жыл бұрын жұмбақ жағдайда жоғалған жігіттің денесі жұмыс орнынан табылды
Астаналықтарға қар барысының жоғалу қаупі туралы айтылды
Алматы маңындағы тауларға сырғанауға кеткен адамдар үсіп өле жаздады
Загрузка...