аязды күндер

Синоптиктер ескертеді - алдағы күндері үскірік аяз болады

4703
(Жаңартылды 14:48 29.01.2020)
Оралдан суық антициклонның ығысуына байланысты Қазақстанда қар мен бұрқасын тоқтайды, бірақ кейбір өңірлерде қатты аяз болады

НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. Қазгидромет 30 қаңтар мен 1 ақпан аралығына ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Синоптиктердің айтуынша, Қазақстанда қар мен бұрқасын тоқтайды. Себебі Оралдан суық антициклон ығысады. Алдағы үш тәулікте ауа райы жауын-шашынсыз, қаңтар айына тән қатты аяздар болады.

"Солтүстік, орталық және шығыста түнгі аяз минус 25…30°С, кей жерлерде минус 35°С-қа дейін жетеді. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде минус 5…10°С, кей жерлерде минус 13…22°С аязға дейін суытады. Ал батыста жылы атмосфералық фронттар ығыса бастайды. Жаңбыр мен жылбысқы қар болады. Ауа температурасы күрт жоғарылайды", - дейді мамандар. 

Ірі қалалардағы ауа райы

30-31 қаңтарда Нұр-Сұлтанда күн ала бұлтты болады. Ал 1 ақпанда ашылады. Түнде ауа температурасы -23-26 градус аралығында. Күндіз -15-19 градус аяз.

Алматыда көшпелі бұлт, жауын-шашын болмайды. Түнде сынап бағанасының көрсеткіші -9 градустан төмен түспейді. Күндіз -7 градус, 1 ақпанда +1 градусқа дейін көтеріледі.

Шымкентте 30 қаңтар -1 ақпан күндері күн ашық болады. Түнде – 3-9, ал күндіз +10 градусқа дейін жылынады.

4703
Кілт сөздер:
ауа райы болжамы, аяз
Тақырып бойынша
Синоптиктер ақпан айында ауа райы қандай болатынын айтты
Елордада ауа райы қолайсыздығына байланысты жұмыс күні қысқаруы мүмкін
Автобус салоны. Архивтегі фото

Тараздағы "saparcard" атауы неге өзгерді?

61
"Сапаркардтың" өзгеруіне карта атауының Жамбыл облысының қазіргі әкімі Бердібек Сапарбаевтың тегіне ұйқасып тұруы себеп болуы мүмкін

ТАРАЗ, 23 қыркүйек – Sputnik. Тараз қаласында қоғамдық көлікке электронды билеттендіру жүйесі енгізілгеніне бірнеше ай болды. Алайда пандемияға байланысты қажетті валидаторлардың Қытай шекарасында тұрып қалуы бұл жоспарды жүзеге асыруға кедергі келтірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  

Айта кету керек, Тараздағы жол жүруге арналған электронды карталар о баста "saparcard" деп аталғанымен, қазір "tulparcard" деп өзгерген. Бұл өзгеріске карта атауының Жамбыл облысының қазіргі әкімі Бердібек Сапарбаевтың тегіне ұйқасып тұруы себеп болса керек. "Сапаркард" енгізілетіні туралы ақпарат шыққаннан кейін әлеуметтік желі пайдаланушылары мұндай ұйқастың тектен-тек емес екенін қызу талқылаған болатын. Алайда әкімдік өкілі мұны жоққа шығарды.

"Біз осы карталарды шығарар алдында бірнеше нұсқа болған. Нақты айтсам, жеті атауы болды. Тұрғындар арасында сауалнама жүргізіп, өз ұсыныстарымызды да айтқанбыз. Солардың арасында бірінші кезекте сапаркард болса, сауалнама нәтижесі бойынша "тұлпаркардқа" тоқталдық. Бұл айтарлықтай шығынға себепші болған жоқ", - дейді Тараз қаласы әкімінің орынбасары Асхат Есенәлиев.

Оның айтуынша, электронды карталарды әзірлеген ресейлік компания алғашқы эскизді "сапаркард" деп ұсынғанымен, әкімдік ол карталардың атауы өзгергенін хабарлап, келісімшартқа өзгеріс енгізген.  

"Жалпы, Тараз қаласында 42 бағыт бойынша қоғамдық көлік қатынайды. Оның ішінде 10 тасымалдаушы компания осы жұмыстармен айналысады. Карантинге дейінгі уақытта 465 автобус қала ішіндегі жолаушылар тасымалын атқарып келді. Қазір автобустар қысқартылған режиммен жұмыс істеп отыр. Сондықтан жұмыс күндері қала бойынша 270 автобус рейске шығады", - деп түсіндірді Асхат Есенәлиев.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда көлік карталарының бағасы қымбаттайды 

Қала әкімінің орынбасары тараздықтар картамен толық қамтылатынын және карта жетіспеушілігі мәселесі туындамайтынын жеткізді.

"Қала ішіндегі қоғамдық көліктерге электронды билеттендіру жүйесін енгізуге бюджеттен 94 миллион теңге бөлініп, көршілес Қытай елінен 310 стационарлы валидатор және кондукторларға арналған 500 валидатор сатып алынды. Қазір бұл валидаторлар толығымен орнатылды. Сонымен қатар, Ресейден тұлпаркард карталары жеткізіліп, қазір қолымызда 50 мың дана карта бар", - дейді ол.

Оларды қала бойынша 15 мекенжайда орналастырылған арнайы орындардан сатып алуға болады. Карта құны – 500 теңге. Ішінде бір реттік жол жүру құны – 65 теңге болады. Бүгінге дейін 10 129 карта сатылса, оның ішінде 9150 карта ересектерге, 2 мыңға жуығы оқушыларға арналған.

"Біздің есебіміз бойынша қала тұрғындарына тағы 100 мыңнан астам карта қажет. Қалада жалпы 73 600-ге жуық оқушы бар. Оқушыларды картамен толықтай қамтамасыз етеміз. Алдағы дүйсенбі, 28 қыркүйектен бастап барлық автобуста электронды төлем жүйесі енгізіледі. Бірақ он күн шамасында карта сатып алуға қосымша уақыт беріледі. Яғни, осы уақыт ішінде "тұлпаркард" карталарын сатып алмаған тұрғындар жол ақысы үшін екі еселенген тариф төлеуге мәжбүр болады", - деп түйіндеді Есенәлиев.

61
Кілт сөздер:
Тараз, көлік картасы
Тақырып бойынша
Енді кезек күтпейсіз: қазақстандықтарға тегін ID-карта беріледі
Автопарктердің табысы 40%-ке өскен: Нұр-Сұлтанда бір жылда не өзгерді?
Нұр-Сұлтанда мыңдаған оқушының көлік картасына 40 мың теңгеден аударылады
Ат

Алматыда жеткізу қызметінде істейтін жігіттің атпен жүрген сәті видеоға түсіп қалды

134
Курьерлік компанияның сөмкесін арқалаған шабандозды алматылықтар Республика алаңы маңында видеоға түсіріп алған

АЛМАТЫ, 23 қыркүйек – Sputnik. Алматыда ат үстінде курьерлік компанияның сөмкесін арқалаған жігіттің көліктермен қабаттаса жолға шыққан видеосы пайда болды.

Жас жігіт жол бойында тұрған көліктердің жанынан асықпай өтіп, тапсырысты жеткізбек болған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_almaty +21 | kz 🇰🇿 (@kris_p_almaty)

Желіде пайда болған видео Назарбаев даңғылынан Сәтпаев даңғылына бұрылған қиылыста түсірілген.

"Жаңа деңгей!", - деген пікір білдірді видео авторы. Себебі алматылықтарға сары түсті жеткізу қызметі жақсы таныс.

Сондай-ақ, видеодан шабандоздың артынан жол-патрульдік қызмет экипажы келе жатқанын байқауға болады. Жас жігіттің реакциясына қарағанда тәртіп сақшылары оны тоқтатқан болса керек.

Алматы полициясы бұл жағдай туралы білетіндерін айтып, жақын арада түсініктеме беруге уәде етті.

Ал әлеуметтік желі қолданушылары видеоға қатысты көңілді пікір қалдырып жатыр.

134
Кілт сөздер:
видео, ат
Архивтегі фото

Ұшақ Алматыны бір сағат айналып ұшты: Air Astana не болғанын түсіндірді

0
Қалада тәжірибелі нұсқаушылардың басшылығымен оқу-жаттығу өткен, ұшақ бортында жолаушылар мен бортсеріктер болмады

АЛМАТЫ, 23 қыркүйек – Sputnik. Сәрсенбіде Air Astana ұшағы бір сағат бойы Алматы аспанын айналып ұшты. Flightradar24 мәліметінше, әуе кемесі қаланы бірнеше рет айналған.

Әуе компаниясы бұл оқу-жаттығу екенін мәлімдеді.

"Алматы аспанын айналып ұшу кезінде аэродромдық дайындық жасалды, бұл жаңадан келген ұшқыштарға – курсанттар немесе ұшақтың басқа түрлерін басқарған ұшқыштарға арналған ұшу дайындығының бір бөлігі болып саналады", - деп түсіндірді Sputnik Қазақстанға Air Astana баспасөз қызметі.   

Аэродромдық дайындыққа "конвейерден" ретті ұшу (қонғаннан кейін ұшу-қону жолағында тоқтамай), схема бойынша Алматы әуежайы аймағында айналып ұшу, кейін қонып, екінші айналымға кету кіреді.

"Жолаушыларға жақындауға қорықтым": бортсерік басынан кешкен жағдайды айтып берді

Кадеттің дайындық дәрежесіне қарай, әр ұшқыш күніне төрт сағаттан алты сағатқа дейін ұшады.  

"Қазіргі таңда жаңа ұшқыштар көптеп келіп жатқанына байланысты мұндай оқу-жаттығу айына 2-4 мәрте өткізіледі", - деп атап өтті Air Astana.  

Мамандар оқу-жаттығу тәжірибелі нұсқаушылардың басшылығымен өтетінін баса айтты. Сонымен бірге бортта жолаушылар мен бортсеріктер болмайды.  

0
Кілт сөздер:
Алматы, Эйр Астана, ұшақ