Өңірлер

Алматыдағы атышулы генерал-майор жаңа қызметке тағайындалды

© Sputnik / Ксения ВоронинаПолицейский
Полицейский - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция департаментінің жаңа басшысын жеке құрамға елдің ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. Алматы облысы полиция департаментінің басшысы тағайындалды.

"Президент әкімшілігі және облыс әкімімен келісіліп, Алматы облысы полиция департаментінің басшысы қызметіне полиция генерал-майоры Серік Күдебаев тағайындалды", - деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Полиция генерал-майоры Мұрат Ұрымханов кадрлық резервке енгізілді. Полиция департаментінің жаңа басшысын жеке құрамға ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды.

Серік Күдебаев кім?

Серік Күдебаев 1965 жылы туған. 1990 жылдан бері ішкі істер органдарында қызмет етеді.

2009-2013 жылдар аралығында Алматы облысы полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары, департамент басшысы қызметін атқарды.

© Sputnik / Сергей КимАлматы облысы полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев
Алматыдағы атышулы генерал-майор жаңа қызметке тағайындалды - Sputnik Қазақстан
Алматы облысы полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев

2013 жылдың қазан айынан бастап Алматы қаласы полиция департаментін басқарды.

Жаңалықтар
0