Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері

"Қардан мысықпен қоса алып шықтық": құтқарушылар екі адамды қалай тапқанын айтты

1178
Екі жұмысшы қардың астында қалып қойған жеркепеде үш күн отырды. Электр жарығы болған. Бірақ газ, шырпы және тамақ таусылып қалды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. Қазнетте бірнеше күннен бері Қостанай облысында болған құтқару операциясының видеосы тарап жүр. Ол жерде құтқарушылар омбы қардың арасынан екі жұмысшыны алып шыққан. Біреуі мысық ұстап жүр. Sputnik Қазақстан тілшісі осы операцияға қатысқан құтқарушылардың біреуін тауып, оқиғаның мән-жайын білді. Ол мысықтың қайда екенін де айтты. 

Құтқарушылар, Қостанай облысы
© Photo : Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің жеке архивінен
Құтқарушылар омбы қардың арасынан екі жұмысшыны алып шықты

Арқалық қалалық шұғыл құтқару жасағының маманы Жасұлан Байділдин ол күні бәрін өзінің ұялы телефонына жазып алған. Дәл сол видео әлеуметтік желі мен мессенджерлер арқылы жылдам тарап кетті. Бірақ құтқарушы видеоны бәріне көрсету үшін түсірмегенін айтып отыр.

"Біз күнде жасаған жұмысымызға есеп беріп отырамыз. Сол себепті видео мен фотоға түсіру керек. Ол күні де солай болған. Артынан видеоның қалай тарап кеткенін білмеймін. Біз қызық үшін түсірмейміз ғой", - дейді Байділдин.    

Құтқарушы ол оқиғаның қай күні болғанын бірден есіне түсіре алмады. Мұндай шаралар көп дейді. Сосын штабқа қоңырау шалып, екі жұмысшыны қардың астынан алып шыққан күнді нақтылап, сұрап алды.

"Иә, есіме түсті. 23 қаңтарда екі жігіттің қардың астында қалғаны туралы хабар түсті. Бас құтқарушы Айбат Жанаев, Ержан Жармағанбетов және мен, шамамен 11:00 кезінде Арқалықтан Бүйректал ауылына жолға шықтық. Екі жұмысшы 40 шақырым шалғай жерде қардың астында қалып қойған ғой. "Нива" маркалы жол талғамайтын көлікпен 90 шақырымнан артық жол жүрдік. Сөйтіп, кешкі сағат 18:00-де бірақ бардық. Дала қараңғы болып кеткен. Келесі күні іздеуге кірістік", - деп еске алады құтқарушы.

Оның айтуынша, қараңғыда жеркепені табу мүлдем мүмкін болмаған. Бүйректалда екі жұмысшының қалып қойған жерін білген тағы бір адам қосылды. Ол ұялы телефон арқылы жұмысшы жігіттермен үнемі байланыста болып, олардың отырған жерін көрсетіп берді. Сөйтіп, таңғы сағат 6:00-де басталған іздеу шарасы 12:00-де аяқталды.

"Олар арғы жағынан, біз бергі жағынан үңгір сияқты қаздық. Содан жақындағанда күрек шығарып, отырған жерлерін көрсетті. Үңгірдің ұзындығы үш-төрт метрдей болды. Сол жерде күзетші болып істейміз деді. Сөйтіп, мысығымен қоса алып шыққанбыз ғой", - дейді Байділдин.

Екі жұмысшы қардың астында қалып қойған жеркепеде үш күн отырды. Электр жарығы болған. Бірақ газ, шырпы және тамақ таусылып қалды.

"Екі жұмысшыны Амантоғайға апарып тастадық. Ал мысықты олар Бүйректалда бір кісінің үйіне тастап кетті", - деп атап көрсетті Байділдин.

Тағы оқыңыз: Синоптиктер ақпан айында ауа райы қандай болатынын айтты

Жасұланның өзі бұрын ауыл мектебінде дене шынықтыру мұғалімі болған. Төрт жыл бұрын құтқарушы қызметіне ауысып кетті.  

"Қазір жасым 31-де. Бұрын дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болғанмын. Содан осы жұмысқа қызығып, ауысып келдім. Біз адам құтқарамыз. Жұмысымыз қызықты ғой", - дейді ол.

1178
Кілт сөздер:
Қостанай, адам, құтқарушылар, мысық, қар
Тақырып бойынша
Синоптиктер ақпан айында ауа райы қандай болатынын айтты
Алтай Көлгінов елорданы қар басқанда жылы жаққа неге ұшып кеткенін түсіндірді
Қостанайда екі жұмысшы омбы қардың арасынан табылды – видео  
Елімізде жолдарды қар басты: мыңға жуық адам пойызбен шығарылды
Ішкі істер министрлігі омбы қардың астында қалған көліктер туралы айтты
Ауа райы

40 градус ыстық: 26 мамырға арналған ауа райы

36
(Жаңартылды 23:14 25.05.2020)
Қазақстанның бірқатар өңірінде дабылды ескерту жарияланды. Сейсенбі күні ыстық болады, бұршақ жауып, қатты жел соғады

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр — Sputnik. Қазгидромет синоптиктері 26 мамыр күні бірқатар өңірде аптап ыстық болатынын айтты.

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамында солтүстік өңірлерде күн салқындайтыны хабарланды. Оңтүстікте күн ыстық болады. Кей жерлерде жел күшейеді.

Дабылды ескерту

Ақмола облысында 26 мамырда күн күркіреп, бұршақ жауып, шаңды жел болады. Жылдамдығы - 15-20 м/с.

Күндіз Павлодар облысында желдің жылдамдығы - 25 м/с.

Сейсенбі күні Солтүстік Қазақстан облысында тұман болады, желдің жылдамдығы - 25 м/с.

Батыс Қазақстан облысында аптап ыстық. Плюс 37 градус, күн күркірейді.

26 мамырда Түркістан облысында шаңды дауыл, желдің жылдамдығы - 23 м/с. Күндіз батыста аптап ыстық, плюс 40 градус.

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада дабылды ескерту жарияланды. Шаңды дауыл болады, желдің жылдамдығы - 20 м/с. Ауа температурасы түнде 18-20 градус жылы, күндіз плюс 32-34 градус.

Алматыда түнде плюс 17-19 градус, күндіз – 31-33 градус ыстық.

Шымкентте түнде 19-21 градус жылы, күндіз сынап бағанасы 35-37 градусқа дейін көтеріледі.

36
Кілт сөздер:
ыстық, мамыр, ауа райы
Тақырып бойынша
Көкшетауда дауыл кезінде зардап шеккен екінші адам қайтыс болды
Қазақстанда дауылды жел 160 ғимараттың шатырын ұшырып әкетті
Алматыда жалға алынған көлік ағаш пен жеке үйдің қоршауын қиратты
Ақмола облысында қатты жел ағаштарды жұлып, үйлердің шатырын ұшырды
Дезинфекция жұмысы

Сұлтанғазиев қай облыстарда коронавирус жұқтырғандар саны артқанын айтты 

82
(Жаңартылды 18:55 25.05.2020)
Соңғы деректер бойынша Қазақстанда 8 531 адам вирус жұқтырды. Оның тең жартысы, 4 400-і дертінен айықса, 35 адам көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Қазақстанның сегіз өңірінде коронавирус жұқтыру өсімі 7 проценттен көп. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ол өткен аптамен салыстырғанда ауру жұқтыру өсімі артқанын атап өтті. Өңірлер өсім қарқыны бойынша бірнеше топқа бөлінген. Бірінші топқа өсім қарқыны 7 проценттен көп өңірлер жатады. 

"Бүгінгі таңда мұндай өсім сегіз өңір – Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шымкент және Түркістанда тіркелген. Солтүстік Қазақстанда өсімнің жоғары болуы Ресейден келгендермен байланысты", - деді Сұлтанғазиев онлайн брифингте. 

Екінші топтағы өңірлерде өсім қарқыны 7 проценттен төмен, бірақ 5%-тен жоғары. Олар: Ақмола, Ақтөбе облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы. 

Үшінші топқа ауру жұқтыру өсімі 5 проценттен төмен өңірлер жатқызылды. Олар: Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстары және Алматы қаласы. 
Сұлтанғазиевтің айтуынша, індетке шалдыққандар санының артуы ірі кәсіпорындар мен ұйымдар жұмысының жандануымен байланысты. 

Соңғы деректер бойынша Қазақстанда 8531 адам вирус жұқтырды. Оның тең жартысы, 4400-і дертінен айықса, 35 адам көз жұмды.

 

82
Кілт сөздер:
коронавирус, облыс
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастар үшін қауіпті дәрілер аталды
Алматыда маскасыз жүргендерге айыппұл салынуы мүмкін
Жұмысқа шыққандар арасында вирус жұқтырғандар көбеюде – министрлік
Оралда балабақшаның екі қызметкерінен коронавирус табылды
Атырауда үш жасар қыздың коронавирусты қалай жұқтырғаны анықталды