Алматыдағы түтін, архивтегі фото

Бас онколог қай облыстардың тұрғындары қатерлі ісікке көбірек шалдығатынын айтты  

3878
(Жаңартылды 17:22 04.02.2020)
Диляра Қайдарованың айтуынша, қатерлі ісіктің ең көп тараған түрі – өкпе обыры. Ол ең алдымен темекі тартудан пайда болады. Алайда көмірдің түтіні де өкпе обырына әкелуі мүмкін

АЛМАТЫ. 4 ақпан – Sputnik. Елімізде Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Түркістан облысы және Алматы қаласында онкологиялық ауруға шалдыққандардың саны өзге өңірлермен салыстырғанда әлдеқайда көп. Бұл жайында Алматыда Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күніне орай өткен конференция барысында Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің бас онкологы, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы Диляра Қайдарова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

4 ақпан – Дүниежүзілік обырға қарсы күресі күні. Осыған орай Халықаралық обырға қарсы одақтың бастамасымен Қазақстанда #IamAndIWill ұранымен кең ауқымды ақпараттық-ағартушылық акция өтіп жатыр. Акцияның мақсаты – халыққа онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау туралы мәліметтерді жеткізу, тұрғындардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру, қолжетімді скринингтік тексерулер туралы ақпарат беру.

"Қазір Қазақстанда онкоскринингтің 3 түрінен тегін өтуге болады: 40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер сүт безі обырына, 50 жастан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер колоректалды обырға тексеріле алады. Сондай-ақ, 30 жастан 7 0 жасқа деейінгі әйелдерге арналған жатыр мойны обырына скрининг жасалады. Аталған үш скрининг емханаларда тегін жүргізіледі", - деді бас онколог.

Қайдарованың айтуынша, Қазақстанда онкологиялық ауруға шалдыққандар саны жыл сайын артып келеді. 2019 жылы елімізде 36 345 адам қатерлі ісікке шалдыққан.

Оқи отырыңыз: Қатерлі ісікке шалдықтыратын тағам аталды

"Елімізде онкологиялық аурулардың ерте диагностикасы да жақсарып келеді. 36 345 науқастың 27%-ы 0-1 сатыдағы науқастар. Бұл – халық  бұл аурудан қорықпай, алдын ала тексеруден өтуге келеді деген сөз.  Ал диспансерлік онкологиялық есепте 186 мыңнан аса адам тұр. Ал өткен жылы тіркелгендер саны – 181 мың. Жыл сайын науқастардың саны да, 5 жыл және одан да көп өмірін ұзартқан науқастардың саны да артуда. Орта есеппен әрбір екінші науқас ауруға шалдыққанына қарамастан, ем алу арқылы 5 жылдан аса өмір сүреді", - деді Қайдарова.

Қазақстанда қатерлі ісіктің ең көп тараған түрі – өкпе обыры. Бас онкологтың айтуынша, аурдың кең таралуына тұрғындардың газбен қамтылмай, қыста от жағуының да әсері бар. Өкпе обыры ең алдымен темекі тартудан пайда болады. Алайда темекі тартпайтын әйелдердің бұл аурға шалдығуы экологиялық жағдайға да байланысты. Көмір жағу арқылы шыққан түтін де өкпе обырына әкелуі мүмкін.

"Өкінішке қарай, әлемде ең көп таралғаны - өкпе обыры. Елімізде өкпе обырына шалдыққандар науқастардың арасында ең көп көз жұмады. Екінші орында  асқазан обыры, үшінші орында сүт безі обыры тұр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысымен өкпе обырына скрининг жүргізіле бастады. Павлодар, Қостанай, Өскемен қалаларында өкпе обыры көп таралғандықтан сол жақтың тұрғындарына тексеру жүргізіп жатырмыз", - деді онколог.

Елімізде өтіп жатқан акциядан өнер адамдары да тыс қалмады. Олар институт пациенттеріне арнап арнайы іс-шара ұйымдастырды. Ішінде әнші Меруерт Түсіпбаева да бар.

3878
Кілт сөздер:
онкология, қатерлі ісік
Тақырып бойынша
Қатерлі ісіктің өсуін тоқтатады: ғалымдар көкөністің пайдасын дәлелдеді
Маммолог-дәрігер: Баланы ұзақ емізетін ана омырау обырына шалдығуы мүмкін
Ұйқының рак пен қартаюға қарсы пайдасы анықталды
Әйелдердің ер адамдарға қарағанда неге ұзақ өмір сүретіні белгілі болды
Қатерлі ісікке шалдықтырады: ғалымдар аса қауіпті азық-түлікті атады
Диетолог пайдалы саналатын тағамның қауіпті екенін айтты
Алматыдағы блокбекеттер

Алматыда бүгін түнде блокбекеттер алынады: әкім мәлімдеме жасады

312
Әкім қала тұрғындары мен қонақтарын тазалық пен әлеуметтік ара қашықтықты сақтап, маска киіп жүруге шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Алматыда 31 мамырдан 1 маусымға қараған түні блокбекеттер алынады.

Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желіде хабарлады.

"1 маусымға қараған түні қаланың периметрі бойынша орналасқан блокбекеттерді аламыз. Төтенше жағдай режимі кезінде бұл бекеттер қаладан шығу және қалаға кіруді шектеді. Бұл коронавирустың таралуын тоқтату үшін қажет болды", - деп жазды ол Instagram-да.

Сағынтаев полиция, санитарлық қызмет, фито және ветбақылау қызметкерлеріне, аудандық әкімдіктер мен ұлттық гвардия, қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілеріне 2,5 ай ішінде атқарған жұмыстарына алғыс айтты.

Қала әкімі кәсіпорындар мен ұйымдарда санитарлық қауіпсіздік күшейтілгенін атап өтті. Үйлерге, аула алаңдары мен көшелерді залалсыздандыру жүргізілуде.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда пойыз билеттері сатыла бастады

Ол азаматтарды тәртіпке бағынып, тазалық пен әлеуметтік ара қашықтықты сақтап, маска киіп жүруге шақырды.

"Бұл қазіргі өмірдің қалыпты нормасына айналуы тиіс", - деді Сағынтаев.

Айта кетсек, 1 маусымнан бастап ел ішінде жолаушылар пойыздары қатынайды. Ал 5 маусымнан қалааралық автобустар жолға шыға бастайды.

312
Кілт сөздер:
Бақытжан Сағынтаев, Алматы
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Фонтан, бала

Қырық градус ыстық болады: ертеңге ауа райы болжамы

358
31 мамырда республиканың басым аумағында ауа райы жауын-шашынсыз, күн ыстық болады. Өңірлерде дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Қазақстан аумағында 31 мамырда ауа температурасы 41 градусқа дейін көтеріледі. Нұр-Сұлтанда жел күшейеді деп болжанып отыр. Қазгидромет жекелеген өңірлерде дабылды ескерту жариялады.

Қырық градус ыстық

Күндіз Қызылорда облысында 41 градусқа дейін аптап ыстық болады, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады.

Түркістан облысында да – 40 градус ыстық, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жел тұрады. Түркістанда сынап бағанасы 40 градусқа дейін көтеріледі.

Қарағанды облысында 31 мамыр мен 2 маусым аралығында 35-39 градус ыстық күтіледі.

Тағы оқыңыз: Жаңбыр, бұршақ жауып, ыстық болады: маусымға ауа райы болжамы жарияланды

Қостанай облысында да аптап ыстық болжануда - 35-38 градус.

Қатты жел

31 мамыр күндіз Ақмола облысында желдің екпіні 15-20 м/с дейін барады.

Нұр-Сұлтанда оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-18 метрге жетеді.

Мегаполистердегі ауа райы

Қазақстан астанасында сынап бағанасы 31-33 градусты көрсетеді деп күтілуде, көшпелі бұлт шығады, күн ашық. Желдің екпіні – 15-18 м/с.

Алматыда да ауа райы жауын-шашынсыз, 29-31 градус ыстық.

Шымкентте күн ашық, күндіз ауа температурасы 34-36 градусқа дейін жоғарылайды.

358
Кілт сөздер:
ыстық, ауа райы болжамы
Мысық балық жеп жатыр

Коронавирус Уханьдағы базардан тараған жоқ Қытай ғалымдары

0
Сарапшылар Қытайда коронавирус жұқтырған алғашқы он үш адамның базарға еш қатысы жоқ екенін дәлелдеді

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Коронавирус ең алғаш Уханьдағы базардан тараған жоқ. Бұл туралы Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының ғалымдары мәлімдеді.

Мамандар Ухань базарындағы өнімдерден COVID-19 табылмағанын айтты.  Ғалымдар инфекция адамға жарқанаттан жұқты деген болжамды растап, вирус теңіз өнімдері базарында болған науқастан тарала бастады деген пайымға келді.

Алайда сарапшылар вирус алғашқы адамға базарда емес, басқа жерде жұқты деп отыр.

Ғалымдар Қытайда ең алғаш тіркелген 13 адамның Уханьдағы базарға еш қатысы жоқ екенін дәлелдеді, деп жазады The Sun.

0
Кілт сөздер:
Қытай, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы