Өңірлер

Түркістан облысында 238 қоғамдық көлік жаңартылды

© Sputnik / Евгений Самарин / Медиабанкке өтуСалон автобуса
Салон автобуса - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2019 жылы өңірдегі жеті аудан әкімдігі 17 әлеуметтік маңызды бағыттарға 55,2 миллион теңге  субсидия  бөлген

НҰР-СҰЛТАН, 4 ақпан – Sputnik. Түркістан облысында өткен жылы 238 қоғамдық көлік жаңартылған. Оның алпыс алтысы –  2018-2019 жылдары шыққан жаңа автобустар.

"Сондай-ақ, өткен жылы облыс орталығы – Түркістан қаласында 26 жаңа автобус сатып алынды. Ал, жалпы алғанда облысымызда жолаушылар тасымалдаушы 44 мекеме мен 1300 көлік қызмет көрсетеді", - деп жазылған облыс әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Бұдан бөлек, әлеуметтік маңызы бар бағыттарды субсидиялау жұмыстары да ойдағыдай жүзеге асуда. Айталық,  2019 жылы 7 аудан әкімдігі тарапынан (Сарыағаш, Түлкібас, Отырар, Кентау, Төлеби, Қазығұрт, Шардара) 17 әлеуметтік маңызды бағыттарға 55,2 миллион теңге  субсидия  бөлінген.

Оқи отырыңыз: Түркістанда жолақы қымбаттауы мүмкін

Сонымен қатар, облыста 83 әлеуметтік маңызды бағыттар анықталып, облыстық мәслихатпен айқындалып отыр. Осы жұмыстардың нәтижесінде 2019 жылы ауданаралық, облысаралық бағыттарға 3 конкурс өткізіліп, 8 тасымалдаушымен 18 бағытқа келісімшарттар түзілген. 

 

Жаңалықтар
0