Прокурор, архивтегі сурет

Жамбыл облысының прокуроры тағайындалды

3141
(Жаңартылды 16:18 12.02.2020)
Облыстың жаңа прокуроры бұл салада жиырма сегіз жылдан астам қызмет еткен. Бас прокуратураның үш департаментін басқарған

НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан – Sputnik. Жамбыл облысының прокуроры тағайындалды, деп хабарлады бас прокуратураның баспасөз қызметі.

"Мемлекет басшысының келісімімен бас прокурордың 12 ақпандағы бұйрығымен Жамбыл облысының прокуроры болып Нұрғалым Әбдіров тағайындалды", - делінген ақпаратта.

Нұрғалым Әбдіров туралы не білеміз?

Нұрғалым Әбдіров 1967 жылы туған. Қарағанды мемлекеттік университетін "құқықтану" мамандығы бойынша бітірген. Прокуратура органдарында қызметін 1991 жылы бастаған. Бас прокуратураның үш департаментін басқарған.

Сонымен қатар Астана, Алматы, Оңтүстік-Шығыс өңірлік көлік прокурорларының бірінші орынбасары қызмет атқарған, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан және Түркістан облысы прокуратураларын басқарған.

Тағы оқыңыз: Бас прокурордың орынбасары қазақстандықтарға үндеу жасады

Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі жиырма сегіз жылдан астам.

 

 

3141
Кілт сөздер:
прокурор, Жамбыл облысы
Тақырып:
Қордайдағы қақтығыс (66)
Тақырып бойынша
Қызметінен босатылған полицей жамбылдықтарға үндеу жасады
Жамбыл облысында жаппай төбелес болды - видео
Жамбыл облысында бірнеше шенеунік пен полицей қызметінен босатылады
"Бәрі қорқып қалған": Мектеп директоры қазір Масанчиде не болып жатқанын айтты  
Министр Жамбыл облысы полициясының жаңа басшысын таныстырды
Загрузка...