Өңірлер

Қазақстанның алты бірдей облысында дабылды ескерту жарияланды

© Sputnik / Абзал КалиевНұр-Сұлтанда боран
Нұр-Сұлтанда боран - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синоптиктер, сондай-ақ, алдағы үш күндегі ауа райына болжам жасады. Республиканың солтүстігінде тағы да қар жауып, бұрқасындатады

НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан – Sputnik. Қазақстанның бірқатар өңірінде 13 ақпанда дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазгидрометтің ақпаратынша, ертең Нұр-Сұлтан қаласында оқта-текте бұрқасындатады, жолдарда көктайғақ күтіледі, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Ақмола облысының басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасындатады, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с дейін жетеді.

Көкшетауда да жел күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде – тұман, күндіз бұрқасын. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с дейін барады.

Қостанай облысының кей аймағында да бұрқасындатып, тұман басады. Кей жерлерде жел 18 м/с дейін күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде – тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с.

Тағы оқыңыз: Қазақстанның бірқатар өңірінде төтенше жағдай жариялануы мүмкін

Шымкент қаласында түнде және таңертең тұман түседі деп болжанып отыр.

Қызылорда облысында түнде және таңертең кей жерлерде көктайғақ, бұрқасындатады. 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Ақтөбе облысын да тұман басады.

Ауа райы болжамы

Сонымен қатар, синоптиктер алдағы үш күндегі ауа райына болжам ұсынды.

"Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тағы да құбылады. Ресейдің еуропалық бөлігінен атмосфералық ағымдар ығысып, республиканың солтүстігінде қар жауып, батыстан жел соғады, жолда көріну қашықтығы нашарлайды, бұрқасындатады", делінген хабарламада.

Оңтүстік және шығыс облыстарда Орталық Азия аймағынан ығысқан оңтүстік циклон әсерінен ауа райы жауын-шашынды, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Республиканың шығысында қар жауып, бұрқасындатады. Ауа температурасы көпжылдық мәннен 2…5°С-қа жоғары, ал батыста соған шамалас күтіледі.

Жаңалықтар
0