Қар

Алматыда қалың қар жауды: көшкін жүруі мүмкін

513
(Жаңартылды 13:30 16.02.2020)
Қала көшелерін қар басып қалды. Қар күшейтілген режимде тазартылуда, ал құтқарушылар алматылықтарға таулар жаққа бармауға кеңес берді

НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан – Sputnik. Алматыда қалың қар жауды. Қалада омбы қар биіктігі 15 сантиметрге, ал таулы аудандарда 25 сантиметрге дейін жетеді.

16 ақпан түнгі сағат үштен бастап қалада жаңбыр, одан кейін қар жауып жатыр, деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Көктайғақ болмас үшін қаладағы жолдардың барлығына арнайы материалдар себілуде.

Снег выпал в Алматы
© Sputnik /
Алматыда қар жауды

"Таңғы сағат тоғыздағы жағдай бойынша, 3 073 тонна көктайғаққа қарсы материал қолданылған. Қар сағат 05:00-тен бастап тазартылып жатыр", - деп хабарлады әкімдік.

Тротуарлар, жаяу жүргіншілер жолдары, автобус аялдамалары мен тұрақтар қардан тазартылуда. Барлығы 597 техника және 1 668 жұмысшы жұмылдырылған.

Қар көшкіні жүруі мүмкін

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті 16 ақпанда өңірде жарияланған дабылды ескерту негізінде тауларда қар көшкіні жүруі мүмкін дейді.

"Қалың қардың жаууы мен тау бөктеріндегі қар жамылғысының тұрақсыздығына байланысты Кіші Алматы мен Үлкен Алматы өзендерінің бассейндерінде 16 ақпанда қар көшкіні жүруі мүмкін", - деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.

Бұған қоса, қалың қар салдарынан қалада бірнеше ағаш құлап, көліктерді зақымдаған. Сондай-ақ, құтқарушылар тұрғындарға таулар жаққа бармауға кеңес береді, олар осылайша қар көшкініне себепкер болуы мүмкін.

513
Кілт сөздер:
ауа райы, қалың қар, Алматы
Тақырып бойынша
Қарағанды облысындағы ауданда төтенше жағдай жарияланды
"Instagram-да беталды нәрсе жазбаңдар!": қар тазалаушы үндеу жолдады
Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты
Нұр-Сұлтанда көшеде құлап қалған депутат ашуланып кетті
Бірнеше облыста және Нұр-Сұлтанда дабылды ескерту жарияланды
Үйлену тойы

Алматыда үйлену тойы кезінде күтпеген жағдай болды видео

11738
(Жаңартылды 15:05 06.07.2020)
Қазақстанда коронавирусқа байланысты бесінші шілдеден бастап екі аптаға карантин шарасы күшейтілген болатын

АЛМАТЫ, 6 шілде – Sputnik. Алматы тұрғындары карантин кезінде үйде той өткізуге тырысты. Полицейлер жасырын жиынның үстінен түсті.

StopCov Almaty мәліметіне сәйкес, қала тұрғындары енгізілген қатаң шектеу шараларына қарамастан, 30 адамның басын қосып, үйлену тойын ұйымдастырған. 

"Той Ақжар шағын ауданы Жаңашаруа көшесіндегі үйлердің бірінде болды. Наурызбай ауданы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің қызметкерлері жергілікті полициямен бірлесіп, салтанатты жиын қызған уақытында үстінен түсті. Отбасылық шара тоқтатылды", - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Айта кетсек, Қазақстанда коронавирусқа байланысты бесінші шілдеден бастап екі аптаға карантин шарасы күшейтілді. Тұрғындарға қонақ шақырып, отбасылық, діни жиын және басқа да салтанатты шара өткізуге тыйым салынды.

11738
Кілт сөздер:
той, видео, полиция, Алматы
Тақырып бойынша
Парацетамол мен ибупрофенді кімдерге ішуге болмайды?
COVID-19: дәрігер желіде тараған кеңес несімен қауіпті екенін айтты
Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина бірінші кезекте кімдерге егіледі
Қазақстанда өткен тәулікте 1 403 адамнан коронавирус табылды
Нұр-Сұлтанда дәрі-дәрмекке қатысты жедел желі іске қосылды
Қап, адам

Маңғыстау әкімдігі желіде тарап кеткен видеоға қатысты түсініктеме берді

7470
(Жаңартылды 17:45 05.07.2020)
Әлеуметтік желіде ауруханада пакетте адам денелері жатқаны туралы ақпарат тарап кеткен болатын. Әкімдік мұны жоққа шығарып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 5 шлде – Sputnik. Әлеуметтік желіде Ақтаудағы ауруханада пакеттерде мүрделер жатыр деген видео тарап кетті. Бұл видеоның Маңғыстау облысына еш қатысы жоқ, деп хабарлады облыс әкімдігі.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейміз. Аталған видеоны Ақтау қаласындағы ауруханамен байланыстырмауды сұраймыз", - деді облыстық әкімдікте.

Бұған дейін әлеуметтік желіде екінші карантин кезінде 75 мың теңге төленеді деген ақпарат тараған болатын. Сондай-ақ, қазақстандықтар Нұрсұлтан Назарбаев қан плазмасы негізінде коронавирусқа қарсы вакцина жасалады деген жалған ақпарат таратты.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жалған ақпарат тарату үшін қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Бір айлық есептік көрсеткіштен 1 мың АЕК-ке (2 778 000 теңге) дейінгі айыппұл қарастырылған. Сондай-ақ, бір жылға дейін бас бостандығы шектеліп немесе бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ (@akimat_mangystau)

7470
Тақырып бойынша
"Назарбаевтың қанынан вакцина жасайды": министрлік түсініктеме берді
Министрлік 75 мың теңге төленетіні туралы ақпаратқа түсініктеме берді
"Ұшақпен белгісіз зат шашады": министр желіде тараған ақпаратқа жауап берді 
Ер адамның алтыннан жасалған маскасы жұртты таңғалдырды
"Бұған жол беруге болмайды": Тоқаев жұртты алаңдатқан мәселе туралы айтты
Зертхана қызметкері, архивтегі фото

Мәскеу дәрігерлері коронавируспен күресу үшін Қазақстанға келе жатыр

148
Топ құрамында Мәскеудің жетекші ауруханаларының 22 медициналық қызметкері бар, олар коронавирус жұқтырған науқастарды емдеп, бай тәжірибе жинақтаған

НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik. Тәжірибелі мәскеулік дәрігерлер тобы Қазақстанға ұшып шықты. Дәрігерлер қазақстандық әріптестеріне көмектесуге дайын.

"22 дәрігерден құралған бригада COVID-19 науқастарын емдеуде жергілікті мамандарға көмек көрсету үшін Қазақстанға аттанды. Мультидисциплинарлы медициналық топты Мәскеу денсаулық сақтау департаменті бастығының орынбасары, нейрохирург Алексей Токарев және Мәскеу денсаулық сақтау департаментінің хирургия жөніндегі ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің басшысы Руслан Маер басқарады", - делінген Мәскеу денсаулық сақтау департаментінің хабарламасында.

Бұл Мәскеу денсаулық сақтау департаменті дәрігерлерінің коронавируспен күресуге көмектесу мақсатындағы алғашқы мемлекетаралық медициналық сапары.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина бірінші кезекте кімдерге егіледі 

Топ құрамына пульмонолог, кардиолог, эпидемиолог, КТ рентгенологы, жұқпалы аурулар жөніндегі мамандар, анестезиолог-реаниматологтар, КТ рентгенолог дәрігер және коронавируспен ауырған науқастарды емдеуде бай тәжірибесі бар басқа да мамандар кірген. Бұл мәскеулік жетекші ауруханалардың дәрігерлері.

"Мәскеулік мамандар жергілікті ауруханалардың дәрігерлеріне консультативті-диагностикалық көмек көрсетеді. Бригада COVID ауруханаларына барады, клиникаларды қайта бейіндеуге көмектеседі, пациенттерге қарайды және әртүрлі мамандықтағы дәрігерлер үшін оқу семинарларын өткізеді", - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, таяуда Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Ресей үкімет басшысы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті, оның барысында Ресей Қазақстанға жұқпалы аурулар ауруханалары мен вирусологиялық зертханалар мамандарын жіберуге дайын екендігі белгілі болды.  

148
Кілт сөздер:
дәрігерлер, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Грузиядан Қазақстанға гуманитарлық көмек келді
5 шілдеден карантин басталады: ішкі істер министрі ескерту жасады
COVID-19: министр қандай дәрілер көмектеспейтінін айтты
Қазақстанда өткен тәулікте 1 403 адамнан коронавирус табылды
Пневмония эпидемиясы: коронавирус қайда кетті?