Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тұрғындармен есеп беру кездесуі

Алматы әкімі: 13 миллион теңгеге дейінгі қарыз жылдық 5% жеңілдікпен беріледі

4793
(Жаңартылды 13:41 19.02.2020)
"Алматы жастары 3.0" бағдарламасы аясында мұғалімдер, дәрігерлер, мәдениет, спорт саласының өкілдері, журналистер мен ғалымдар баспаналы болады

АЛМАТЫ, 19 ақпан – Sputnik. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Halyk Arena-да 2019 жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылауға арналған жиынды бастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біз "Алматы жастары 3.0" бағдарламасын әзірледік. Жаңа тұрғын үй бағдарламасының ерекшелегі төмен пайызбен беріледі. Яғни, 13 миллион теңгеге дейінгі қарыз жылдық 5% жеңілдікпен үлестіріледі", – деді Бақытжан Сағынтаев.

Бағдарлама бойынша кредитті қайтару мерзімі – 3 жылдан 25 жылға дейін, ол төлем қабілеттілігі бойынша жеке есептеледі. Бастапқы жарна – 10%. Бұл бағдарламаға әкімдік 10 миллиард теңге, Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 3 миллиард теңге бөлді.

Қала әкімі бағдарламаның мақсатты аудиториясы бюджеттік саланың жас қызметкерлері екенін атап өтті. Олар: мұғалімдер, дәрігерлер, ЖОО оқытушылары, мәдениет, спорт саласының өкілдері, журналистер мен ғалымдар.

"Тұрғын үй кезегі жыл сайын өсіп келеді. Бұл жалпы мегаполистің тартымдылығына байланысты. Бүгінгі таңда тұрғын үй кезегінде 25 533 азамат тұр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,5 мың адамға артық. Өткен жылы 3 162 мұқтаж тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Соның ішінде көпбалалы 520 отбасы және балалар үйінің 114 түлегі бар. Сонымен қатар, 2019 жылы жұмыс істейтін 1050 жасқа жалға берілетін пәтерлердің кілті табысталды. Жалпы 2020 жылы 3 810 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарда бар", - деді қала әкімі.

Олардың ішінде мыңға жуық пәтер "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша беріледі. 1300-ден астам пәтер Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы жүзеге асады. Қазір 81 ескі үйді сүру және 700-ге жуық отбасын жаңа әрі жайлы пәтерлермен қамтамасыз ету туралы келісімге қол қойылды.

Әкімдіктің есебі бойынша, 2019 жылдың 9 айында ЖАӨ 4,8%-ға өсті. Өткен жылы Алматыда 47 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Құны 96 миллиард теңге болатын жаңа 88 бизнес нысаны ашылды. Өнеркәсіп – 4,5%-ға, пайдалануға берілген тұрғын үй – 4,8%, құрылыс –3,4%, бөлшек сауда – 12,1%-ға өсті.

Оқи отырыңыз: Барлық өңірде жастар үшін арендалық баспана салынады

2019 жылы 500 шақырымнан астам инженерлік желілер салынды. 73 шақырым жол құрылысы аяқталып, 47 шақырым арық қайта жөндеуден өтті. 300 мың тұрғынды қамтитын 670-тен астам аула жөнделген. Қаланы абаттандыруды қамтамасыз ету мақсатында 320-дан астам көшені жарықтандыру, 287 шақырым су және кәріз, 150 шақырым электр, 20 шақырым жылу желісі және 130 шақырым газ жүргізу бойынша жұмыстар атқарылды.

Жалпы 47 шақырым арық жөнделіп, 670-тен астам аула салынды. 2,1 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Әкімдіктің есебі бойынша Алматыда 39 жоғары оқу орны, 167 мың студент, 80 колледж, 67 мың оқушы, 893 мектепке дейінгі ұйым, 787 медициналық мекеме орналасқан.2019 жылдың көрсеткіші бойынша, Алматыда 106 мыңнан астам басқа өңірден келген студент бар. Қаладағы 96 студенттер жатақханаларында 31 мың студент тұрады. 2019 жылы 400 орындық 2 жатақхана пайдалануға берілді.

 

4793
Кілт сөздер:
ипотека, Бақытжан Сағынтаев, баспана
Тақырып бойынша
"10 мың теңге төлейміз": Жас ұстаз қалай баспаналы болғанын айтып берді
Астана тұрғыны 140 мың жалақымен 2%-тік ипотеканы қалай алғанын айтып берді
Банк басшысы 2%-тік ипотека алғысы келетіндерге аса маңызды үш кеңес берді
Қазақстандықтардың назарына: баспаналы болудың түрлі жолдары
Отбасымен бірге мешітте тұруға мәжбүр болған полицей баспаналы болды – фото
Мұғалімдер мен дәрігерлерге арналған арендалық баспананы қалай алуға болады?
Шаңды дауыл

Бұршақ жауады дүйсенбі күні ауа райы қандай болады

1898
(Жаңартылды 20:03 20.09.2020)
Елдің басым бөлігінде солтүстік-батыс циклонның әсері сезіледі. Жаңбыр мен бұршақ жауатыны хабарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек  — Sputnik. Қазақстанда 21 қыркүйекте оңтүстікте шаңды дауыл болады, орталықта - дауыл, оңтүстік-шығыста - тұман.

Өңірлердегі ауа райы

Ақмола облысының басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысында да жел күшейеді, екпіні секундына 23-28 метр.

Қарағанды облысында күн күркіреп, жаңбыр мен бұршақ жауады.

Атырау, Павлодар, күндіз Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, Павлодар облысында 23 м/с-ке жетеді.

Қызылорда облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, шаңды дауыл.

Түркістан облысында да шаңды дауыл болады.

Батыс Қазақстан облысында түнде найзағай ойнайды.

Жамбыл облысында тұман, күн күркірейді, жел күшейеді.

Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облысында өрт қаупі жоғары.

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада жауын-шашын болады, түнде +8..+10 градус, күндіз +14..+16 градус.

Алматыда күн ашық. Түнде +9..+11, күндіз +24..+26 градус.

Шымкентте 21 қыркүйекте жауын-шашынсыз. Түнде +10..+12 градус, күндіз +25..+27.

1898
Дельтаплан, иллюстративті фото

Маңғыстауда дельтапланмен ұшқан ер адам жартасқа соғылды видео

920
(Жаңартылды 13:05 20.09.2020)
Құтқарушылар альпинистік құрылғылардың көмегімен ер адамды жардан төмен түсіріп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек – Sputnik. Маңғыстауда дельтапланмен ұшқан ер адам құлап, екі қолын сындырып алды.

Аймақтық инАктау басылымының хабарлауынша, оқиға өткен сенбі күні Шопан ата қорымына жетпей, Қарақия аймағындағы жартастардың бірінде болған.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадіровтің айтуынша, төтенше жағдай туралы хабарлама сағат 18:12-де түскен. 

"Дельтапланмен ұшу кезінде 1988 жылы туған ер адам жартасқа соғылып, жарақат алған. Атап айтқанда, екі қолы сынғандықтан, ол оқиға орнынан өздігінен қозғала алмаған. Бізге түскен хабарлама негізінде Жаңаөзен қаласының №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бес құтқарушысы көмекке жұмылдырылды", – деді бөлім басшысының орынбасары.

Құтқарушылар альпинистік құрылғылардың көмегімен ер адамды жартасты қиядан төмен түсіріп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Оқи отырыңыз: Орал маңында қолдан жасалған ұшақ құлады – ұшқыш қаза тапты

920
Кілт сөздер:
Маңғыстау облысы, оқиға
Тақырып бойынша
Алматы маңында SCAT ұшағына құс соғылды – оқиғаның мән-жайы
"Қытай ұшағы радиоактивті зат шашып жүр": ақпаратқа түсініктеме берілді
Навальный мінген ұшақ шұғыл түрде Омбыға қонды – оппозиционер комада жатыр
"Ұшақты атқылаған": үш жыл бұрынғы әуе апатына қатысты жаңа дерек шықты
Путинді ақтырналармен бірге ұшуға үйреткен пилот қаза болды
Ұшақ, аспан

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы жанданады

0
Бұған дейін екі ел арасында репатриациялық рейстер ғана жүзеге асырылды. Ол үшін құзырлы органдардың келісімін алу керек болатын

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек — Sputnik. Ресей өз аумағына Қазақстан азаматтарының кіруіне рұқсат берді. Шектеу коронавирустың таралуына байланысты енгізілген болатын.

"Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь және Корея елдерінің азаматтарына және осы елдерде тұруға ықтиярхаты барларға Ресейге әуе өткізу пунктері арқылы кіруге рұқсат етіледі. Ресейліктер де бұл елдерге емін-еркін бара алады", - делінген Ресей үкіметінің сайтында жарияланған ақпаратта. 

Бұған дейін екі ел арасында репатриациялық рейстер ғана болды. Ол үшін құзырлы органдардың келісімін алу керек еді.

Рейстер аптасына бір рет жүзеге асырылады.

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы 21 қыркүйекте жанданады.

0