Болат Бақауов

Бақауовтың неге үйқамаққа босатылғаны белгілі болды

1383
(Жаңартылды 09:13 20.02.2020)
Сот Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауовты қамауда ұстау түрін үйқамаққа ауыстырудың себебін түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН, 20 ақпан – Sputnik. Экс-әкім Болат Бақауовтың денсаулығы нашарлауына байланысты үйқамаққа босатылды. Бұл туралы Павлодар облыстық соты баспасөз қызметі хабарлады.

"Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 153-бабына сәйкес, Бақауов тергеуге ықпал ете алатындай құжаттарға қолжетімділігі болмағандықтан және оның денсаулық жағдайына байланысты қамауда ұстау түрі үйқамаққа ауыстырылды. Қазіргі кезде ол қылмыстық іске қатысты тергеудің шынайы жүргізілуіне кедергі келтіре алмайды. Қамауда болуына байланысты денсаулығы күрт нашарлаған", - деп көрсетілген баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілген кезде ғана үйден шығуға, телефон арқылы сөйлесуге, байланыс құралын пайдалануға, күдіктімен бірге тұратын адамдардан басқа қонақтарды қабылдауға тыйым салынады. Тіпті, қонақ шақырып, достарымен бас қосуға да болмайды.

Тағы оқыңыз: Қостанайда сотталған шенеуніктің камерасында болған жағдай видеоға түсіп қалды

Павлодар облыстық сотының мәліметінше, Бақауов пен оның үйіне бақылау камерасы орнатылған.

Болат Бақауов не үшін ұсталды

15 қаңтарда ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облысының бұрынғы басшысы Болат Бақауовқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген болатын. Сотқа дейінгі тергеу барысында оны қамауда ұстау туралы шешім қабылданды.

Бақауовқа қылмыстық кодекстің 362-бабы 4-бөлімі 3-тармағы (Лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану) бойынша айып тағылды. Бұл бапқа сәйкес, жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

1383
Кілт сөздер:
сот, павлодар облысының әкімі, Болат Бақауов
Тақырып бойынша
Жаңа әкім Павлодар қаласының атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді
Түркістан облысында әкім кабинетінде масқара болды 
Павлодар облысының қамауда отырған экс-әкіміне қатысты тың дерек шықты
"Біздің облыстың патриоты емессіздер": Бақауов сұраққа нақты жауап бермеді
ҰҚК әкім Болат Бақауовқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді
Архивтегі фото

Қазақстанда қар жауды видео

957
Шығыс Қазақстандағы Риддер қаласының маңындағы тауларды күртік қар басты – куәгерлер қысқы кадрларды жариялап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек – Sputnik. Шығыс Қазақстанның таулы аймақтарында боран соқты, деп хабарлады YK-news.kz порталы.

Жергілікті тұрғын Риддер қаласының маңындағы тауларда жауған қар мен боранды видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады.

Риддер тауларына осы күздегі алғашқы қар 9 қыркүйекте түсті.

Сондай-ақ, куәгерлердің әлеуметтік желілердегі мәліметінше, 25 қыркүйекте Күршім ауданына да "қыс келген".

Оқи отырыңыз: Үсік жүреді – қыркүйекте ауа райы қандай болады 

Риддерде сенбіде қар аралас жаңбыр жауады, ауа температурасы төмен, бірақ нөлден жоғары болады, деп хабарлады Gismeteo. Облыс орталығы – Өскеменде жаңбыр жауады.

957
Кілт сөздер:
видео, қар, Шығыс Қазақстан
Тақырып бойынша
Қазақстанда үсік жүреді: алдағы үш күнге ауа райы болжамы шықты
Иллюстративті фото

Өскемендік оқушы халықаралық олимпиадада күміс медаль алды

48
IOI 2020 нәтижесі бойынша "Білім-инновация" мамандандырылған лицейінің түлегі Темірлан Байболов екінші орынды иеленді

АЛМАТЫ, 25 қыркүйек – Sputnik. Өскемендік оқушы информатикадан халықаралық олимпиадада күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлады білім және ғылым министрлігі.

"Қазақстанның құрама командасы информатикадан халықаралық олимпиадаға (International Olympiad in Informatics – IOI 2020) қатысты. IOI 2020 нәтижесі бойынша Өскемен қаласы "Білім-инновация" мамандандырылған лицейінің түлегі Темірлан Байболов күміс медаль жеңіп алды", - делінген хабарламада.

Ресми ақпаратқа сәйкес, биыл жарысқа 80-нен астам елдің оқушысы қатысты. Қазақстандық команданың құрамына информатика пәнінен республикалық олимпиада және іріктеу турының нәтижелері бойынша жеңімпаз атанған 4 оқушы кірді.

Оқи отырыңыз: Көзі көрмейтін қазақ баласы халықаралық олимпиадада суперчемпион атанды 

Айта кетейік, информатика бойынша халықаралық дода аясындағы интеллектуалды біріншілікте бүкіл әлемнің жас бағдарламашылары жиналады.

Олимпиада әлемде ақпараттық технологиялар саласында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген дарынды оқушыларды анықтау және қолдау мақсатында ұйымдастырылған.

48
Кілт сөздер:
күміс жүлде, олимпиада, Өскемен
Тақырып бойынша
"Көзіме жас алдым": үздік атанған ұстаздардың әңгімесі
Алматылық оқушы Қытайда өткен олимпиадада "алтын" олжалады
Атырауда олимпиададан келе жатқан оқушылар апатқа ұшырады – видео
Қасым-Жомарт Тоқаев Hyundai Trans Kazakhstan зауытына барды

Тоқаев Алматыда автокөліктің капотына не жазды

675
(Жаңартылды 11:14 26.09.2020)
Президент Алматы қаласына жұмыс сапары кезінде қол қойған автокөлік жаңа зауыттың көрсету залына қойылады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытына барған кезде жаңа автокөліктің капотында естелік жазба қалдырды.

Мемлекет басшысы "Iске сәт! Ақ жол тілеймін!" деп жазды. Ол сондай-ақ қол қойып, сол күннің датасын көрсетті.

Касым-Жомарт Токаев оставил надпись на капоте авто
© Photo : Astana Motors
Тоқаев жаңа автокөліктің капотында естелік жазба қалдырды

"Астана Моторс" компаниясы Sputnik Қазақстанға президент қол қойған көлікті не істейтіндерін айтты.  

"Ол тарих үшін сақталып, зауыт кеңсесінің көрсету залына қойылады", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Айта кетейік, кәсіпорында президентке автокөліктерді құрастыру процесі көрсетілген болатын. Ол 2020 жылдың 15 қазанында ашылады.

Кәсіпорын пайдалануға берілгеннен кейін оның қуаты бірінші кезеңде жылына 30 мың, екінші кезеңде 45 мыңға дейін машина жасауға жетеді. Инвестицияның жалпы көлемі – 28 миллиард теңгеден астам, оның 30% – компанияның өз қаражаты.

Оқи отырыңыз: Коронавирустың екінші толқынына дайын болайық – Тоқаев 

Hyundai Trans Kazakhstan кәсіпорны 700-ге жуық жұмыс орнын ашып, сабақтас салалардың дамуына серпін береді.

Инвесторлар келешекте автобөлшектер шығаратын зауыт салуды жоспарлап отыр. Осылайша компания отандық автокөлік өнеркәсібін дамыту жөніндегі көздеген мақсаттарына қол жеткізеді. Бұл отандық өндірістің 51 % астамын қамтамасыз етеді.

Еске сала кетейік, жұмада Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға барды. Ол қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы филиалының, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және көпфункционалды музыкалық орталықтың жұмысымен танысты.

675
Кілт сөздер:
зауыт, Алматы, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Президентке құрылыс материалдары өндірісінің технологиялық процесі көрсетілді
Тоқаев жарлыққа қол қойды
Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға барды
Тоқаев Қазақстанның өлім жазасынан бас тартуына байланысты түсініктеме берді