Қытайдағы коронавирус

Петропавлда коронавирус жұқтырды деген күдікпен 4 адам шұғыл ауруханаға жеткізілді

1926
Осыдан бір күн бұрын әлеуметтік желілерде арнайы киім киген медицина қызметкерлерінің екі көлікпен адамдарды әкетіп бара жатқан видеосы тараған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 20 ақпан – Sputnik. Петропавл қаласында "коронавирус жұқтырды" деген күдікпен төрт адам ауруханаға жеткізілді. Төртеуі де бір отбасының мүшелері, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

View this post on Instagram

A post shared by ПЕТРОПАВЛОВСК ❤ КАЗАХСТАН 👍 (@skopetro) on

Осыдан бір күн бұрын әлеуметтік желілерде арнайы киім киген медицина қызметкерлерінің екі көлікпен адамдарды әкетіп бара жатқан видеосы тараған болатын. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәселенің мән-жайын түсіндірді. Ресми мәліметке сәйкес, бір отбасының мүшелері Тайландтан келіп, дене қызуының көтерілгенін байқаған. 

"Ерлі-зайыптылар екі баласымен Тайландтан ұшып келген. Дене қызуы болды. Барлығын "коронавирус жұқтырды" деген күдікпен инфекциялық бөлімге жатқызды. Олар тексерістен өтті. Зертханалық сынамалардың нәтижесінде коронавирустық инфекция анықталған жоқ. Медицина қызметкерлері тәртіп бойынша әрекет етті", - дейді мамандар.

Тағы оқыңыз: Жолаушылар пойызында коронавирус "табылды": вагон қоршауға алынды

Қазіргі кезде әйел балаларымен бірге инфекциялық бөлімде жатыр. Ал ер адам қалалық ауруханаға ауыстырылды. Төртеуінің де жағдайы қалыпты.

1926
Кілт сөздер:
видео, дәрігерлер, Петропавл
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (526)
Тақырып бойынша
"Бұл нақты дерек": дәрігерлер Қытайдан Нұр-Сұлтанға келген қызға диагноз қойды
Қытай дәрігерлері бетперде кигеннен кейінгі түрін көрсетті – фото
Жолаушылар пойызында коронавирус "табылды": вагон қоршауға алынды
Қытайда тағы бір қауіпті вирус табылды
Коронавирус қаупі: карантинде болған қазақстандық студенттер ашық сұхбат берді
Загрузка...