Иллюстративті фото

Талдықорғанда ұры жүргізушілерге үндеу жасады видео  

1231
(Жаңартылды 09:49 21.02.2020)
Күдіктіден жауап алу кезінде ол барлық көлік жүргізушісін автокөліктің кілтін көлік ішінде қалдырмауға шақырған

НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Талдықорғанда ұсталған автокөлік ұрысы жүргізушілерді көлік ішінде кілтті қалдырмауға шақырды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорғанда полицейлер бөтен көлікті айдап әкету дерегін ашуға бағытталған жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырды. Нәтижесінде қолды болған автокөлік табылып, содан кейін осы қылмысқа қатысы бар күдікті ұсталды.

"Талдықорған қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне 31 жастағы жергілікті тұрғын "Тойота Камри-40" автокөлігін Желтоқсан көшесіндегі дүкендердің бірінің алдынан айдап кеткендігі туралы арызданған. Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 200-бабы 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді", – деп хабарлады Талдықорған қалалық полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары Ерлан Кикимов.

Жәбірленушінің сөзінше, ол көлікті көшеде қалдырып, дүкенге кірген. Ал шыққан сәтте көлігі орнында жоқ болған.

"Біз жедел-іздестіру шаралары кешенін жүргіздік: жақын маңдағы аумақтарды аралап, куәгерлерден сұрастырып, бейнебақылау камераларын тексердік. Нәтижесінде автокөлік ұрлығына қатысы бар тұлғаға ұқсас белгілері бойынша Талдықорған қаласының 24 жастағы тұрғыны анықталды. Автокөлік Рудничный кентінен табылды, ал күдікті Талдықорған қаласынан ұсталды. Ол уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды", – деп толықтырды Ерлан Кикимов.

Оқи отырыңыз: Елімізде жүргізушілерге тағы бір жаңа айыппұл салу қарастырылып жатыр

Сонымен қатар, күдіктіден бейне жауап алу кезінде ол барлық көлік жүргізушісін өз автокөліктерінің кілтін көлік ішінде қалдырмауға шақырған. Себебі, бұл фактор жат пиғылды адамдарды жымысқы әрекеттерге итермелейді, сондай-ақ ұрлық пен айдап әкетуді жеңілдетеді.

 

1231
Кілт сөздер:
автокөлік, ұры
Тақырып бойынша
Көзін байлап, далаға тастаған: жүк көлігін тоқтатқан жігіттер ұры болып шықты
Алматы тұрғыны 9 миллион теңге салынған сөмкені көлікте қалдырып кеткен
Алматыда көлік айдап әкеткен қос ұры өлім аузынан қалды - фото
Алматыда 350-ге жуық көлік айнасын ұрлаушы ұсталды
Алматыда полиция көлік ұрлаушылардың соңынан қуды
Жүк көлігі бораннан қорықпайтын жүргізушілердің жолын бөгеді
Дезинфекция жұмысы

Сұлтанғазиев қай облыстарда коронавирус жұқтырғандар саны артқанын айтты 

67
(Жаңартылды 18:55 25.05.2020)
Соңғы деректер бойынша Қазақстанда 8 531 адам вирус жұқтырды. Оның тең жартысы, 4 400-і дертінен айықса, 35 адам көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Қазақстанның сегіз өңірінде коронавирус жұқтыру өсімі 7 проценттен көп. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ол өткен аптамен салыстырғанда ауру жұқтыру өсімі артқанын атап өтті. Өңірлер өсім қарқыны бойынша бірнеше топқа бөлінген. Бірінші топқа өсім қарқыны 7 проценттен көп өңірлер жатады. 

"Бүгінгі таңда мұндай өсім сегіз өңір – Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шымкент және Түркістанда тіркелген. Солтүстік Қазақстанда өсімнің жоғары болуы Ресейден келгендермен байланысты", - деді Сұлтанғазиев онлайн брифингте. 

Екінші топтағы өңірлерде өсім қарқыны 7 проценттен төмен, бірақ 5%-тен жоғары. Олар: Ақмола, Ақтөбе облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы. 

Үшінші топқа ауру жұқтыру өсімі 5 проценттен төмен өңірлер жатқызылды. Олар: Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстары және Алматы қаласы. 
Сұлтанғазиевтің айтуынша, індетке шалдыққандар санының артуы ірі кәсіпорындар мен ұйымдар жұмысының жандануымен байланысты. 

Соңғы деректер бойынша Қазақстанда 8531 адам вирус жұқтырды. Оның тең жартысы, 4400-і дертінен айықса, 35 адам көз жұмды.

 

67
Кілт сөздер:
коронавирус, облыс
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастар үшін қауіпті дәрілер аталды
Алматыда маскасыз жүргендерге айыппұл салынуы мүмкін
Жұмысқа шыққандар арасында вирус жұқтырғандар көбеюде – министрлік
Оралда балабақшаның екі қызметкерінен коронавирус табылды
Атырауда үш жасар қыздың коронавирусты қалай жұқтырғаны анықталды
Автокөліктің жанама айнасы

Балаларды қауіпті жағдайда тасымалдаған павлодарлық жүргізушілер жазаланды видео

64
(Жаңартылды 16:09 25.05.2020)
Көлік жүргізушілері анықталып, тиісті заң шеңберінде жазаланды. Сондай-ақ, оларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді

АЛМАТЫ, 25 мамыр – Sputnik. Әлеуметтік желілерде қозғалып бара жатқан көлік терезесінен басын шығарып алған балалар түсірілген видео тарады. Оқиға Павлодар облысында болған, деп хабарлайды Polisia.kz порталы.

Instagram желісіне жүктелген видео облыс полицейлерін бей-жай қалдырмады. Ол жерде балалар жүріп бара жатқан көліктің терезесінен басын шығарған.

Бұл жағдайдың бірі Ақсу қаласында болды. "BMB" автокөлігінің терезесінен балалардың басын шығарып отырғаны видеоға түсіп қалды, баланың бірі алдыңғы жолаушы орындығында отырған. 

Тағы бір дерек Павлодар қаласында тіркелді. Видеода "Тойота" автокөлігінің терезесінен кәмелетке толмаған екі қыздың шығып отырғаны көрінеді. Көлікті 39 жастағы әйел айдаған.

"Көлік жүргізушілеріне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 593-бабы 1-бөлімі ("Жолаушыларды және жүктердi тасымалдау қағидаларын сақтамау") бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды", – делінген хабарламада.

Оларға 5 айлық есептік көрсеткіш (13 890 теңге) көлемінде айыппұл салынып, жол ережесін сақтау бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда балаларды жанып жатқан көліктен құтқарған ер адам марапатталды

64
Кілт сөздер:
балалар, бала, автокөлік, Павлодар облысы
Тақырып бойынша
"Президент, далаға шығуға бола ма?": қостанайлық бала карантиннен шаршады  
"Бала-шағамды зейнетақымен асырап отырмын": Роза Рымбаева карантиндегі өмірі жайлы
Қазақстанда 1 сәуірден бастап айыппұл мөлшері өсті  
"Бала-шағам жейтін тамақ жоқ" дейді": полицейлер карантиндегі жұмысы туралы айтты
Аягөзде төрт бала көз жұмды: министр қандай тапсырма берді
Сағадат Нұрмағамбетов

Нұр-Сұлтанда Қазақстанның бірінші қорғаныс министрі Нұрмағамбетовті еске алды

0
Еске алу рәсімі дүйсенбі, 25 мамыр күні астанадағы "Жас ұлан" республикалық әскери мектебінде өтті

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Әскери қызметшілер Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовті еске алды.

"Бүгінгі күні қарулы күштердің әскери қызметшілері мен республикалық әскери мектеп тәрбиеленушілері – болашақ Отан қорғаушылар үшін Сағадат Нұрмағамбетовтің өмір жолы отанға деген батылдық пен төзімділіктің үлгісі болып табылады. Біз ұлы батырлардың мұрагерлері олардың даңқты дәстүрлерін сақтап, әрі қарай жалғастырамыз деген сенімдемін", – деді орғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Тимур Дәндібаев.

 

В Нур-Султане почтили память Сагадата Нурмагамбетова
© Photo : Минобороны Казахстана
Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов 2013 жылы 89 жасында өмірден озды

 

Сағадат Нұрмағамбетов 1924 жылы 25 мамырда Ақмола облысы Алексеевка ауданы Еңбек ауылында дүниеге келген. Ол алғашқы Түркістан пулемет әскери училищесін, М.Фрунзе атындағы әскери академияны, КСРО қарулы күштері бас штабының әскери академиясы жанындағы жоғары академиялық курстарды бітірген.

1942 жылы әскер қатарына шақырылды, 1945 жылдың мамыр айына дейін соғыс даласында пулемет взводы командирі ретінде, содан кейін пулемет ротасын, атқыштар батальонын  басқарды. Краснодар өлкесін, Украина, Молдавияны, Батыс Белоруссияны, Польшаны азат етуге қатысқан.

1945-1946 жылдары Степной әскери округінің жоғары оқу орындары бөлімінің инспекторы болды. Содан кейін әскери академияда оқыды. 1950 жылдан 1984 жылға дейін Түркістан әскери округі жедел бөлімінің аға офицері, мотоатқыштар полкінің командирі, 201-ші мотоатқыштар дивизиясы штабының бастығы, Қазақ КСР азаматтық қорғаныс штабының бастығы, Орта Азия әскери округі әскерлері қолбасшысының орынбасары, Оңтүстік әскер тобы (Венгрия) қолбасшысының бірінші орынбасары болды.

1990-1992 жылдары соғыс, еңбек және Қарулы Күштер ардагерлері Қазақ республикалық кеңесінің төрағасы, ардагерлер, мүгедектер және әскери қызметшілер істері жөніндегі ҚР жоғарғы кеңесі комитетінің төрағасы, Мемлекеттік қорғаныс комитетінің төрағасы болды.

Тағы оқыңыз: Сағадат Нұрмағамбетовтің ұлы қайтыс болды

Тәуелсіз Қазақстанның Қарулы күштері құрыла бастаған жылдары, 1992-1995 жылдар аралығында Сағадат Нұрмағамбетов қорғаныс министрі болды. Дәл осы уақытта Қазақстан армиясында маңызды реформалар қабылданған, маңызды кез болды. 1993 жылдың мамыр айында оған "армия генералы" әскери атағы берілді. Бір жылдан кейін президент жарлығымен Нұрмағамбетовке "Алтын жұлдыз" сыйлығымен Халық Қаһарманы атағы берілді.

1995 жылдың қарашасында генерал отставкаға шықты, содан кейін президент кеңесшісі болып, бірнеше рет Жоғарғы кеңестің депутаты болып сайланды.

Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов 2013 жылы 89 жасында өмірден озды.

0
Кілт сөздер:
Сағадат Нұрмағамбетов, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
21 жасында Кеңес одағының батыры: Сағадат Нұрмағамбетов туралы не білеміз?
Назарбаев тәуелсіздік алған кезде әскер басқаратын жалғыз генерал тапқанын еске алды
"Не екенін де білмедік" Мұхтар Алтынбаев Қазақстан армиясының қалай құрылғанын еске алды
"Оның оралмайтынын білмедік". Депутат қазақ сарбазының ерлігін еске алды
Әйелінің хаты оқтан құтқарды - әнші атасының майдандағы оқиғасын еске алды